Геннадий Головкин «Өмір сыйлайық» жобасын қолдады
Жобаның мақсаты — Қазақстанның балалар ауруханалары мен перинаталдық орталықтарына заманауи реанимациялық жабдықтарды сатып алуға қаражат жинау. «Биылғы жыл бүкіл әлемдегі...
14.12.2022
ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІ ҚҰТҚАРУҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТЫ АТЫРАУ ПЕРЗЕНТХАНАСЫ АЛДЫ
Атырау қалалық перзентханасының Жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесі арқылы жыл сайын 270-тен астам бала өтеді. Босанудың күрделі жағдайларында жаңа туған...
29.11.2022
AYALA ҚОРЫ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҮШТЕН БІРІН ГИПОТЕРМИЯМЕН ЖАБДЫҚТАДЫ
Бұл «Басқарылатын гипотермия» жобасын 5 жылда жүзеге асырудың нәтижесі. 2017-2022 жылдар аралығында AYALA қайырымдылық қоры демеушілерден және қазақстандықтардың қайырымдылық жарналары...
>> Ауқымды жаңалық«Біз 2016 жылғы 13 мамырда өмірге келдік. Медицина қызметкерлеріне және ұлымның аман қалуына көмектескен барлық адамдарға үлкен алғыс білдіремін. Бізге ...
>> ТолығырақБіздің басты міндетіміз - әрбір отбасының дені сау балалы болуына көмектесу. Сондықтан біз емдеу жұмыстарын орталықтың қабырғасындағы барлық босанудың а...
>> Толығырақ«2021 жылдың басында AYALA қорының арқасында бізге терапиялық гипотермияның аппараттық кешен жеткізілді. Ол ауыр және орташа ауыр асфиксия нәтижесінде г...
>> Толығырақ«АЯЛА» қорының көмегінің арқасында біздің мектеп-интернаттың балаларының мүмкіндігі біршама кеңейді. Біз оқушылардың практикалық мүмкіндіктерінің үлкен ...
>> Толығырақ2019 жылдан бастап Қазпошта терминалдары арқылы "Өмір сыйлайық" жобасына кез келген соманы аударуға болады.
Қайырымдылық жинауға арналған бокстар орнатылды. Жыл сайын "Аяз Атаға хат" жаңа жылдық акциясы өткізіледі.
Қорды 2009 жылдан бастап қолдайды. Касс 24 терминалдары арқылы "Өмір сыйлайық" жобасына кез келгенін соманы аударуға болады.
Қайырымдылық жинауға арналған бокстар орнатылды. 2019 жылдан бастап демалыс күні "1 литр = 1 теңге" шарасы өткізіледі. Жексенбі күндері сатылған әр литрден 1 теңге "Өмір сыйлайық" жобасына жұмсалады.
Қорды 2008 жылдан бері қолдайды. Бұл желідегі мейрамханаларда қайырымдылық жинайтын бокстар орнатылған. Келушілер мен мейрамхана жұмыскерлерінің қайырымдылықтарының арқасында мектеп-интернаттарда балалар алаңдары орнатылып, балалар ауруханаларының реанимация бөлімшелеріне өмірлік маңызды медициналық жабдықтар берілді.
Қорды 2008 жылдан бері қолдайды. Бұл желідегі мейрамханаларда қайырымдылық жинайтын бокстар орнатылған. Келушілер мен мейрамхана қызметкерлерінің қайырымдылықтарының арқасында мектеп-интернаттарда балалар алаңдары орнатылып, балалар ауруханаларының реанимация бөлімшелеріне өмірлік маңызды медициналық жабдықтар берілді.
Қорды 2008 жылдан бері қолдайды. Kaspi bank-пен және Директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Киммен бірге еліміздің балалар ауруханалары, перзентханалары мен перинаталдық орталықтарының реанимация бөлімшелеріне көптеген медициналық аппаратуралар берілді.
Қорды 2010 жылдан бері қолдайды. Бірлескен жұмыс аясында Нұр-Сұлтан, Алматы және Ерейментау қалаларының денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау мекемелеріне көптеген қажетті жабдықтар берілді. Шеврон қызметкерлері жыл сайын AYALA қорының қайырымдылық жобаларына еріктілер ретінде қатысады. Медициналық білім беру жобасы аясында Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ден астам неонатолог-дәрігерлер мен медбикелер біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Қорды 2013 жылдан бері қолдайды. Компания Samsung-тың көптеген техникасын біздің қордың қамқорлығындағы мекемелерге - ауруханаларға, санаторийлерге, мектеп-интернаттарға, балалар үйлеріне тапсырды. Ардагерлерге ай сайынғы негізде көмек көрсетеді. Қор CodignLab тегін бағдарламалау мектебіне жетекшілік етеді. Қазақстанда цифрлық экономиканы дамыту бойынша студенттерге арналған Samsung IoT академиясы ашылды. GCL қосымшасы бар планшеттердің көмегімен естімейтін адамдарға ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлеуметтік жоба енгізілді. Планшеттер Алматы қаласындағы дәріханаларда орнатылған.
Қорды 2008 жылдан бері қолдайды. Қазақстан Халық банкімен бірге балалар ауруханаларының, перзентханалар мен перинаталдық орталықтардың реанимация бөлімшелеріне көптеген медициналық аппаратуралар берілді
Қорды 2008 жылдан бері қолдайды. Қазақстан Халық банкімен бірге балалар ауруханаларының, перзентханалар мен перинаталдық орталықтардың реанимация бөлімшелеріне көптеген медициналық аппаратуралар берілді.
Қорды 2008 жылдан бері қолдайды. Қайырымдылық жинау үшін бокстар орнатылды. VILED қайырымдылық шараларына бастамашылық жасайды, оның шеңберінде тауарларды сатудан белгілі бір пайызды қор жобаларына аударады.
AYALA Астана Марафоны қайырымдылық жүгірулерінің алғаш бенефициары болған 2012 жылдан бері қорды қолдап келеді. Содан бері Қамқор Менеджмент компаниясы жыл сайын демеуші ретінде жүгіруге қатысады, ал компания қызметкерлері біздің қордың жобаларын қолдау үшін түрлі қашықтықтарға жүгіреді.
Қорды 2010 жылдан бері қолдайды. Авиакомпанияның сату кеңселерінде қайырмалдықтар үшін бокстар орнатылған. Жиналған қаражат "Өмір сыйлайық" жобасына бағытталады. Авиакомпаниямен бірге түзету мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері үшін ерекше байқаулар, сондай-ақ журналистерге арналған байқау өткізілді. Компания қызметкерлері "Аяз Атаға хат" қорының жаңа жылдық акциясына қатысуда.
Қорға 2012 жылдан бері қолдау көрсетіп келеді, осы кезде қайырымдылық жүгірулерінің ұйымдастырушысы және идеялық шабыттандарушысы Гаухар Брамлей-Фентонмен алғаш рет таныстық. Біздің қор жыл сайын Астана Марафонының бенефициары болып табылады.
2020 жылдан бастап қормен бірлесіп жұмыс істейді. Компания Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының аз қамтылған отбасыларының балаларына 3000 зат берді.
Қазақстандағы жалғыз краудфандингтік платформа, ол өз жұмысы үшін комиссия алмайды, керісінше әрбір қайырмалдыққа + 20% аударады. Платформаны Halyk Fund құрды. Жыл сайын "Жомарт сейсенбі" халықаралық акциясына қатысады: бұл күні олардың әрбір қайырмалдыққа пайызы + 40% құрайды.
2020 жылдан бастап қорға көмектеседі. Компания өз өндірісіндегі 500 антисептикті біздің қордың қамқорлығына COVID-19 карантині кезінде берді.
Қорды 2013 жылдан бері қолдайды. Компания жабдықтарды "Ақсай" балалар клиникасына, планшеттерді дамуы бұзылған балаларға тапсырды. Компания қызметкерлері "Аяз Атаға хат" жаңа жылдық акциясына қатысады.
Қорды 2014 жылдан бері қолдайды. Клиенттер мен банк басшылығы жыл сайын "Өмір сыйлайық" жобасына қайырымдылық қаражатын аударады.
Қорды 2016 жылдан бастап қолдайды. Компания біздің қордың Оңтүстік Кореяның (Пусан қаласы)жетекші госпитальдарымен ынтымақтастығының бастамашысы болды.
Қормен 2020 жылдан бері ынтымақтастық жасайды. AYALA ЕОФҚ-нан грант алып Qolda жобасының қатысушысы атанды және карантиндік шектеулер кезінде Нұр-Сұлтан қаласының 100 аз қамтылған көп балалы отбасыларға 2 400 000 теңге көлемінде азық-түлік себеттерімен атаулы көмек берді. Еуразия Орталық Азия Қоры (ЕОАҚ) - 2005 жылы өңірде құрылған қоғамдық ұйым, азаматтарға жергілікті қоғамдастықтарды нығайту және азаматтық және экономикалық әл-ауқатты арттыру арқылы өз болашағын құруға белсенді қатысуға көмектесе отырып, қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.
2015 жылдан бері қордың білім беру жобаларын қолдайды. Бүкіл ынтымақтастық мерзімі ішінде Алматы, Көкшетау, Есік қалаларында ұлдарға арналған шаштараз өнері кабинеттері, слесарлық шеберханалар және қыздар үшін тігін кабинеттері жарақтандырылды. Жалпы 12 шеберхана ашылып, толық жабдықталды. "Орифлейм" қайырымдылық акцияларын өткізіп, балалар үйлері мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар мен жасөспірімдерге косметика сыйлайды.
Қорды 2019 жылдан бастап қолдайды. Kompra онлайн-сервисінен қаражат жинау "Өмір сыйлайық" жобасына бағытталған. Шара қорытындысы бойынша 2019 жылдың желтоқсанында қорға 600 000 теңге аударылды. Kompra - қазақстандық және ресейлік контрагенттердің сенімділігін тексеру қызметі. Компанияның миссиясы - Қазақстанның бизнес ортасын ашық және ынтымақтастық үшін қауіпсіз ету.
Қорды 2019 жылдан бастап Астана Марафонының корпоративтік қатысушыларының бірі ретінде қолдайды. Нұр-Сұлтан қаласындағы № 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне Tomatis TalksUp аппаратын сатып алу үшін 1 000 000 теңге бөлді. Білім беру мекемесі ақыл-парасатын және психофизикалық дамуы бұзылған балаларды оңалтумен айналысады. Компания Түркістан облысындағы Мойынқұм және Төртқұдық кен орындарында табиғи уранды барлауды, өндіруді және өңдеуді жүзеге асырады.
Қорды 2020 жылдан бастап қолдайды. Семей қаласындағы № 2 көпсалалы балалар ауруханасына 28 пульсоксиметр және 22 антисептик сатып алу үшін демеушілік көмек көрсетті. Компания Қазақстанда және әлемнің 150 елінде БАҚ, блогтар, веб-ресурстар мониторингімен айналысады.
Қорды 2010 жылдан бері қолдайды. Осы уақыт ішінде асханалар желісінде Қазақстанның 3 қаласы Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында 20 бокс орнатылды. Осы бокстардан жиналған барлық қаражат "Өмір сыйлайық" жобасына жұмсалады. 2019 жылы Qaganat кәсіби бағдарлау жобасын өткізді. Бұл желінің бас аспазшысы № 1 облыстық балалар үйінен және № 15 мектеп-интернаттан 30 жасөспірімді еуропалық асүй тағамдарын дайындауға және пісіруге үйретті. Сондай-ақ компания Алматы SOS Балалар деревнясының тәрбиеленушісіне арналған тегін аспазшы курстарын өткізді.
Mon Amie дүкендерінің желісі қорды 2015 жылдан бері қолдайды. "Өмір сыйлайық" жобасына қаражат жинау үшін Алматы мен Нұр-Сұлтанда 2 бокс орнатылды. "Аяз Атаға хат" шарасына қатысты.
Қорды 2013 жылдан бастап қолдайды. Компания шағын бюджеттің өзінде жақсы қайырымдылық жобаларды жүзеге асыруға болатынын дәлелдейді. Компанияның қолдауымен қор Алматының білім беру мекемелеріне нумикондар, дамыту панельдерін, ойыншықтар, құммен сурет салуға арналған үстелдер және т.б. көптеген түрлі дамытушы жабдықтарды берді.
"Байер" компаниясы COVID-19 қарсы күреске бағытталған қайырымдылық бастамалар аясында "АЯЛА" қайырымдылық қорына Алматы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалына дәрігерлерге арналған 1 162 толық ЖҚҚ жиынтығын беру үшін қаражат бөлді.
Айдан
Сулейменова
Қордың Президенті
Жанат Шәкірова
Қаржы жөніндегі вице-президент
Наталья
Еськова
Қордың вице-президенті
Диана Байтасова
Заң мәселелері жөніндегі вице-президент
Элина
Бадаева
Жобалар үйлестірушісі
Динара
Муратова
Жобалар үйлестірушісі
Артём
Радайкин
Жобалар үйлестірушісі
Ксения
Манджгаладзе
Жобалар үйлестірушісі
Бүгін біз Қамқорлық күшінің идеясы мыңдаған қазақстандықтарды осы жарқын үдерістің бір бөлігі болуға шабыттандыратынын мақтан тұтамыз. Біз мыңдаған баланың өмірін сақтап қалғанымызға, бүкіл Қазақстан бойынша ондаған ауруханалар мен білім беру мекемелеріне көмектескенімізге қуаныштымыз.
Күн сайын біз елімізде құтқарылған балалардың барынша көп болуына тырысамыз. Бірақ әзірге бұл дәл қазір жасалатын істің аздаған бөлігі ғана.