KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ КӨМЕКТЕСЕМІЗ

Айгүл Сетербаева
РФММ, Алматы қаласы, «Аяулы балапан» қайырымдылық үйірмесінің басшысы

«РФММ студенттерінің екі жыл бойы мектеп-интернаттарың жоғары сынып оқушыларына репетиторлығы нәтижесінде біздің балаларымыз неғұрлым тәртіпті, жауапты бола бастағанын атап өтемін. Балалар өздері қамқорлыққа алған балалармен достаса бастады, соның арқасында нәтижелер өте жақсы болды. Біз репетиторлық жобаны AYALA қорымен офлайн режимде бастадық. Бірақ пандемия салдарынан біз оқуды онлайн жүйесіне көшірдік, сол кезде біздің студенттер сабақ кестесін өздері құрды, өйткені олар үшін үздіксіз процесс құру маңызды болды. Балаларға бұл репетиторлық өте жақсы көмектесті: олар қалаған колледждеріне оқуға түсті. Көптеген балалар келіп бізге рахмет айтты. Біз мектеп-интернаттар басшылығынан да алғыс алдық. Бізді осы қызықты тәжірибеге қуаныштымыз және оны жалғастыратын боламыз. Ал мен өз тарапымнан AYALA қорының президенті Айдан Сүлейменоваға балаларды онлайн режимде оқытуды жалғастыруға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтқым келеді. Қор мектеп-интернаттардағы балалар үшін планшеттер мен интернет сатып алды, бұл біздің сабақтарымызды жалғастыруға мүмкіндік берді».

Фатима Мұсақызы Баймұханова
Атырау қаласындағы Облыстық мектеп-интернаттың директоры

«Бізде негізінен аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ қамқорлықтағы балалар білім алуда. Біздің 50 оқушымыз Атырау облысының шалғай аудандарынан келеді. Біз тәрбиеленушілерімізге олардың дамуы, оқуы және әлеуметтік бейімделуі үшін барлық жағдайды жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Сондықтан бізде үйірмелер және футболдан спорт секциясы жұмыс істейді. AYALA қорының көмегінің арқасында бізде қазіргі заманғы аудио сыныптар келді. Олар бізге есту қабілетін дамыту, дыбысты қалыптастыру бойынша сабақтар өткізуге мүмкіндік береді, барлық қамқорлықтағы балаларды оқытудың тиімді әдістемесімен қамтуға көмектеседі. Бұл үлкен және өте құнды сыйлық, сондықтан бүкіл ұжым атынан ЭксонМобил компаниясының өкілдігіне алғысымды білдіремін».

Әділ Жолдасбайұлы Бекбердиев
слесарь шеберханасының оқытушысы, №10 мектеп-интернат

«Біздің ағаш ұстасы шеберханасына заманауи шеберүстел, «біреудегі үшеу» функциясы бар ағаш арасы, тесу және қайрау станоктары, екі ажарлағыш машина, бірнеше жұқа ара, бұрғы, бұрамшегені бұрағыш, «болгарка», металл және ағаш кесетін қол аралар – барлығы 40-тан астам құралдар орнатылған. Біз бұлармен азық-түлік турайтын тақтай дайындауды, орындықтар, үстелдер жасауды, мектептің ағаш жиһаздарын жөндеумен айналысуды жоспарлап отырмыз. Мұндай шеберхана балалардың оқуда неғұрлым зерделі және мұқият болуына көмектеседі. Осы қабілетінің арқасында олар жиһаз жинауда, үй жөндеуде және тіпті болашақ кәсібінде қолдануға болатын пайдалы практикалық дағдысымен ересек өмірге аяқ басады».

Жеңіс Төлешұлы Әбілмәжін
«Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнаулы (түзететін) мектеп-интернат» КММ директоры, Петропавл қ.

«Біздің мектеп-интернат биыл өзінің 75 жылдығын атап өтеді. Осы жылдар ішінде педагогикалық ұжымның қызметі кереңдіктің салдарларын жоюға, есту және сөйлеу қабілетін дамытуға, есту бойынша мүмкіндігі шектеулі жастарды мектепті бітіргеннен кейін өз бетінше өмір сүруге әлеуметтік бейімдеуге және дайындауға бағытталды. «АЯЛА» қорының көмегінің арқасында енді бізде ең озық заманауи аудиосынып бар, ол балаларды оқыту үдерісін неғұрлым тиімдірек етеді. Біз есту арқылы қабылдауды дамыту бойынша, сөз айтуды қалыптастыру бойынша фронталды сабақтар, сондай-ақ пәндік интернет-олимпиадалар өткізуді жоспарлап отырмыз. Біз мұны неғұрлым өнімді шешім деп санаймыз, өйткені 2 – 12 сынып оқушыларының барынша көп саны қамтылатын болады. Бүкіл ұжымның атынан біздің мектептің байырғы арманын іске асыруға көмек бергендердің барлығына алғысымызды айтамыз».

Шынар Шаймарданқызы Бүгімбаева
Qagаnat қоғамдық тамақтану желісінің бас директоры

«Біздің елдің болашағы мені қатты толғандырады. Әсіресе, балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың балаларының болашағына алаңдаймын. Өзім де анасыз өстім, «қиындық болса – қабілет бар, қиындық болмаса – қабілет жоқ» формуласының өте жақсы жұмыс істейтініне көзім әбден жетті. Өз тарапынан Qaganat балаларды кәсіп таңдауға үйретеді және дайындайды. Оларды еңбексүйгіштікке баулимыз, осының арқасында үлкен және күрделі ересек өмірде оларға жеңіл болады. Кәсіби бағдарлау жобасы бойынша «АЯЛА» қорымен ынтымақтастық жасауға өте қуаныштымын. «АЯЛА» - біздің байырғы серіктесіміз, сондықтан олардың сараптамасына толық сенемін. Егер біздің бағдарламаның түлектері кәсіби маман атанса және қоғамдық тамақтануда жұмыс істейтін болса, мен тек бақытты боламын!»

Бақыт Бекболатқызы Амрина
«№ 1 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ директоры

«АЯЛА» қорының көмегінің арқасында біз балаларымыз бен мамандарымыздың COVID-19 жұқтыру қатерін оңтайлы төмендете алдық. Түйіспесіз тепловизорлар науқастармен жанасуды болдырмау үшін балалар мен ересектердің температурасын өлшеудің сүзгіш-бақылауын жүргізуімізге мүмкіндік берді. Бактерицидтік шамдар саны әрбір сабақ аяқталғаннан кейін барлық кабинеттердегі ауаны зарарсыздандыруға мүмкіндік берді. Барлық мамандар антисептиктермен қамтамасыз етілді және баламен сабақ аяқталғаннан кейін жұмыс үстелін, ойыншықтарды және құралдарды сүртіп ала алады. Ыңғайлы мөлшерлегіштер біздің айрықша балаларымызға қолын кез келген сәтте және ешбір қиындықсыз тазалауына көмектеседі».

Жерар Фиес
«КАТКО» компаниясының бас директоры

«КАТКО-да біз «АЯЛА» қорының жақсы бастамаларына қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз. Әлсіз еститін балаларға көмектесу үшін TomatisTalksUp жабдығын сатып алу – бұл олардың болашағына қосқан жақсы үлес. Қиын жағдайда қалған балаларға көмек көрсету өте маңызды деп санаймын».

Сауле Сагындыковна Турсыбекова
оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші, №10 мектеп-интернат

«АЯЛА» қорының көмегінің арқасында біздің мектеп-интернаттың балаларының мүмкіндігі біршама кеңейді. Біз оқушылардың практикалық мүмкіндіктерінің үлкен ауқымын қамтимыз. Ағаш шеберханасында балалар үлкен қызығушылықпен айналысады. Олар мұнда қарапайым тұрмыста пайдалы болатын ер азаматтардың дағдыларын үйренеді».

Бақыт Бекболатқызы Амрина
Нұр-Сұлтан қаласындағы «№ 1 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ директоры

«Біз логопедтермен, психологтармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз және TOMATIS-терапия бірінші сабақтан-ақ нәтиже бергенін байқадық. Басқа әдістемелермен салыстырғанда, мұнда дербес тәсіл қолданылады, компьютерге байланыстыру жоқ, қандай да бір арнайы жағдайлар жасауды талап етпейді. «Дамуында жақсы өзгеріс болған балаларымыз да осы әдістің тиімділігін растап отыр. Сондықтан мен «АЯЛА» қайырымдылық қорына, «KATKO» және «Қамқор Менеджмент» компанияларына осы тамаша жабдық үшін алғысымды білдіргім келеді. Бұл айрықша білім беруге мұқтаж балалардың кемістігін түзету үшін маңызды және қажетті құрал».

Данекер Сәулебайқызы Сейсекина
Қарағанды облысының ДМШ балаларға арналған балалар үйінің директоры

Біздің балаларымызды кәсіби бағдармен дамытумен үнемі айналысып келеміз. Бізде сурет және бейне ісі шеберханасы жұмыс істеп жатыр. Балалар бейнебаян түсіреді, оны монтаждауды, роликтер жасауды үйренеді, олар суретке түсіреді және суреттерді компьютерлік өңдеу негіздерін біледі. Өткен жылы AYALA қорының көмегімен бізде аспаздық шеберлікті үйрететін бөлме ашылды. Біздің тәрбиеленушілеріміз оны өте жақсы көреді: олар күн сайын тамақ дайындайды және ас пісіреді. Әрине, біз балалар үйінде шаштараз шеберханасын ашуды ұзақ уақыт армандадық. Шеберханаларда кәсіби бағдарлау сабақтарын біздің штаттық педагогтар да, еріктілік негізде шақырылған мамандар да өткізеді. Шаштараз шеберханасында балалармен штаттық қызметкер жұмыс істейді, оларды қырқу негіздеріне үйретеді, қолын жаттықтырады, аспаптарды дұрыс меңгеруге үйретеді. Біз сондай-ақ маникюр негіздерін үйрету үшін еріктілерді шақырғымыз келеді. Кәсіби бағдарлау өте маңызды және қажет, өйткені ол балаларға ересек өмірде дербес болуы және өз орнын табуы үшін практикалық өмірлік дағдылар береді. Осы мүмкіндік үшін AYALA ҚҚ мен ORIFLAME компаниясына үлкен рахмет!

Барлық шолуларды көрсету
КӨМЕКТЕСКІМ КЕЛЕДІ

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс