KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

«AYALA» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ

«AYALA» қайырымдылық қоры балаларға көмек көрсету үшін денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қайырымдылық жобаларды жүзеге асырады.

Балалар — біздің қордың барлық жобалары мен бағдарламаларының басты бенефициарлары, бұл олардың өмір сүру сапасын сақтауға және жақсартуға, денсаулығын нығайтуға, әлеуметтік бейімделуге және білім алуға көмектесуге бағытталған.

Біз қайырымдылық бағдарламаларына қаражат жинауды ұйымдастырамыз, олар мынадай бағыттарда өткір әлеуметтік проблемаларды шешуге көмектеседі:

  • Қазақстанда сәбилер мен балалар өлімін және мүгедектігін қысқарту
  • Қазақстанның балалар ауруханаларының, перинаталдық орталықтарының және перзентханаларының дәрігерлерін оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға көмек көрсету
  • Қазақстандық балалар үйлері мен мектеп-интернаттарға, оның ішінде тәрбиеленушілерге кәсіптік бағдарлау саласында көмек көрсету
  • Көру, есту, ментальды кемістігі бар мүмкіндігі шектеулі балаларға түзеу арқылы оқытуда және әлеуметтік бейімделуде көмек көрсету

«AYALA» қайырымдылық қоры Қазақстанда 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде қор Қазақстанда жұмыс істейтін ірі компаниялардан демеушілік көмек ретінде, сондай-ақ жеке тұлғалардан қайырымдылық қаражаты түрінде 3,3 млрд. теңгеден астам қаражат тарта алды. Бұл қаражатқа еліміздің 66 қаласы мен елді мекендерінде 242 мемлекеттік балалар денсаулық сақтау және білім беру мекемелеріне көмек көрсетілді. «Тыныс ал, балақай», «Өмір сыйлайық», «Мен де өмір сүргім келеді» сынды жобалардың арқасында он мыңдаған балалар өмірі құтқарылды. Балалар үйлері мен мектеп интернаттарының мыңдаған тәрбиеленушілері әлеуметтік бейімдеуден өтіп, болашағына қажет және мамандықта пайдалы дағдыларды үйренуге көмек алды.

«AYALA» қорының миссиясы — Қазақстандағы қайырымдылық дәстүрі мен мәдениетіне тәрбиелеу. Біз қайырымдылық қазақстандықтардың көпшілігі үшін қажетті нормаға айналуы үшін алға ұмтыламыз.
Қор айқын, тұрақты және ашық жұмыс істейді. Балалардың денсаулығын сақтау және білім беру саласындағы проблемаларды шешудің жүйелі тәсілі — біздің жұмысымыздың басты қағидаты.
Қайырымдылық жобаларды іске асыру кезіндегі біздің жұмысымыздың алгоритмі:

  • Проблеманы анықтаймыз
  • Көмек алушылардың қажеттіліктері туралы ақпарат жинаймыз
  • Алынған деректерді Денсаулық сақтау, білім, мәдениет және әлеуметтік қорғау министрліктерімен және өңірлік басқармаларымен келісеміз
  • Бюджетті жасаймыз және жобаны ресімдейміз
  • Демеушілерді іздейміз
  • Жеткізушілерді іздестіреміз және олармен шарт жасаймыз
  • Жобаны іске асырамыз — жабдықтарды жеткізуді жүзеге асырамыз, тапсыру рәсімін ұйымдастырамыз, БАҚ-ты шақырамыз
  • Демеушіге қаржылық есеп береміз

Демеушілерден түскен түсімдердің 100% толық көлемде жобаларды іске асыруға бағытталады. Қор қызметкерлерінің жұмысы оның құрылтайшыларының қаражаты есебінен төленеді.

Көбірек ақпарат керек пе?
Бізге қоңырау шалыңыз: +7 (727) 356-17-38 / +7 (727) 327-60-43 / +7 (702) 808-33-23
Жазыңыз: info@ayala.kz
Немесе біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға пікір қалдырыңыз, біз сіздермен міндетті түрде хабарласамыз.

AYALA ҚАМҚОРЛЫҒЫНЫҢ КҮШІ ЦИФРЛАРМЕН


17 жылда

5,5

млрд. теңгеден астам
қаржы жиналды

Қор президентінің
жеке салымы

1,5

млрд. теңгеден
асты

263

медициналық және білім беру мекемелеріне көмек көрсетілді

67

реанемациялық бөлімдер жабдықтар алды

Алматы БҚКЖА-да
балалар өлімі

4

есеге азайды

1,7

млрд. теңге жиналып, "Өмір сыйлайық" жобасына бағытталды

25

түзету мектеп-интернатына
қолдау көрсетілді

11

психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне көмек көрсетілді

27

балалар үйі мен балаларға арналған үйлерге қолдау көрсетілді

Тұрмысы төмен
балаларға арналған

3

-тен астам мектеп-интернатты қолдаймыз

Өкпені жасанды
желдететін

17

аппарат
берілді


ҚР-да

200 000

астам баланың
өмірі құтқарылды

50 000

-нан астам бала түзету арқылы дамуда

134

фототерапия шамы
берілді

Жаңа туған
нәрестелерге арналған

13

инкубатор
тапсырылды

28

реанимациялық үстел
тапсырылды

143

инфузиялық және шприцтік мөлшерлегіштер берілді

15

СИПАП
аппарат тапсырылды

44

медициналық сорғыш
берілді

34

монитор
тапсырылды

2

нарконздық аппарат
берілді

2

дефибриллятор
берілді

5

лазерлiк
қондырғы берілді

16

офтальмоскоп
берілді

9

ретиналды
камералар берілді

14

фетальды
мониторлар берілді

16

ЭЭГ мониторы
берілді


Гипотермияның

17

аппараттық кешені
берілді

15

реанимациялық кереует
берілді

1 162

ЖҚҚ
берілді

25 000

-ден астам медициналық бетперделер берілді

3 500

-ден астам балалар киімі мен аяқ киімі тапсырылды

6 000

-ден астам балалар ойыншықтары, кітапшалар, кеңсе тауарлары тапсырылды

1 000

-нан астам дәрі-дәрмек
түрі берілді

1 690

-ден астам азық-түлік
себеті берілді

120

-дан астам тігін және ағаш ұстасының жабдықтары берілді

40

планшет пайдалануға
берілді

53

бактерицидті сәулелендіргіш
берілді

30

медициналық арба
тапсырылды

73

пульсоксиметр
берілді

1 000

-нан астам бала кәсіптік бағдарлаудан өтті

Нашар еститін
балаларға арналған

4

аудиокласс
орнатылды

Нашар көретін
балаларға арналған

1

дыбыс жазу
студиясы жабдықталды

Есту қабілеті нашар
балаларға арналған

3

аппарат
орнатылды

Ауруханаларда, интернаттарда,
санаторийлерде

47

ойын алаңы
жабдықталды

4 000

-нан астам бала Қордан берілген спорттық жабдықтарды пайдаланады

Толық
жабдықталған

19

сенсорлық бөлме
берілді

Сенсорлық
бөлмелерде

5 500

-ден астам
бала оқиды

500

неонатолог дәрігер мен медбике оқытылды

Аз қамтылған балалар мен
жетімдерге арналған

200

-ден астам
іс-шара өткізілді

Жаңа жылға
орай

5 000

-ден астам бала
сыйлық алды

1200

-ден астам аз қамтылған отбасы қордан көмек алды

600

-ден астам медицина жұмыскерлеріне пандемия кезінде көмек көрсетілді

Пандемия
кезінде

40

-тан астам тұрмыстық техника ауруханаларға берілді


Samsung SIC және SFT

400

-ден астам жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері білім алды


РФММ

30

ерікті оқушысы жоғары сынып оқушылары үшін репетитор атанды

"АРЫСТАН"
арнайы лицейіне

4

жоғары сынып
оқушысы оқуға түсті

17

кәсіптік бағдарлау курсы ұйымдастырылды


Мектеп-интернаттарда

23

шеберхана
ашылды

Жыл сайын қормен
жабдықталған шеберханаларға

2 500

-ден астам
бала барады

Оңтүстік Корея клиникаларымен
ынтымақтастық туралы

2

меморандумға
қол қойылды

15

-тен астам шетелдік дәрігер қазақстандық дәрігерлерге тәжірибе берді

22

-дан астам қазақстандық дәрігер шетелде біліктілігін арттырды

Неонатолог дәрігерлерге
арналған

4

әдістемелік құрал
жарияланды

Дәрігерлерге
арналған

10

-нан астам ғылыми-практикалық конференция өткізілді

Қордың
мерекелерімен

6 000

-нан астам
бала қамтылды

Жобаларға көмектесу үшін
әлемнің 25 елінен

4 500

4 500-ден астам
марафоншы жүгірді

ҚР ДСМ ынтымақтастық туралы

3

Меморандумға қол қойылды

ҚР БҒМ ынтымақтастық туралы

1

Меморандумға қол қойылды

Алматыдағы 1 күндік Клиникаға

1

микроскоп жіберілді

Алматыдағы 1 күндік Клиникаға

1

1 FISH зертханасы жіберілді

ҚР-да сәби өлімінің санын

5

есе азайтуға көмектестік

Астанада

1

Халықаралық акушерлер конгресін өткізілді

Алматыда

1

Халықаралық неонаталдық медбикелер конференциясын өткізілді

Дәрігерлер мен медбикелерге арналған

1

тегін онлайн-платформа іске қосылды

«Әлемді көремін» жобасына

432

теңгеден астам қаржы жиналды

ЕСЕПТІЛІККЕ ӨТУ

"AYALA" ҚОРЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҮНДЕУІ

Айдан Тулеутаевна Сулейменова
Қордың Президенті

Құрметті достар!

Біздің қордың мақсаты — Қазақстандағы балалар мен сәбилер өлімі мен мүгедектігін азайту. Миссия — еліміздегі қайырымдылық дәстүрі мен мәдениетін тәрбиелеу.

2007 жылдан бастап жүздеген демеушілердің қолдауымен және он мыңдаған қазақстандықтардың көмегімен біз Қазақстанда 130 мыңнан астам баланың өмірін сақтап қалдық. Біз мұны денсаулық сақтаудағы жүйелі өзгерістер арқылы жасадық.

Бірте-бірте жиналған қаражатқа біз бүкіл Қазақстандағы перинаталдық орталықтар мен перзентханаларда, балалардың көп бейінді және жұқпалы аурулар ауруханаларында арнайы реанимациялық жабдықтар орнатамыз.

Біз 500-ден астам неонатолог дәрігерлерді, кардиохирургтар мен мейірбикелерді жаңа туған нәрестелерді емдеудің жаңа әдістемелері мен практикаларына оқыттық. Мұны енді онлайн форматта ғана жүргізіп жатырмыз.

Қазақстандық 50 мыңнан астам бала түзету арқылы дамытуда көмек алуда, ойнайды, дене шынықтырады, зияткерлік және шығармашылық тұрғыдан дамиды, еліміздің 233 білім беру және түзету мекемелеріне берілген арнайы жабдықпен болашақ мамандықтар үшін практикалық дағдыларға ие болады.

Біз мұны неге жасаймыз?

Өйткені біздің балаларымыз Қазақстаннан тыс жерлерде емес, Қазақстанда барлық қажетті медициналық көмекті алуын қалаймыз. Біз мүмкіндігінше аз бала «ерекше» мәртебеге ие болғанын қалаймыз, өйткені олардың денсаулығы мен ақыл-парасатын қазақстандық кәсіби дәрігерлер сақтап қалады. Біз түзету мектеп-интернаттары мен Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде педагогтардың балалармен ең заманауи жабдықтармен және ең озық түзету әдістемелерін қолдана отырып айналысқанын қалаймыз.

«AyalaẎ» («аялау») — «қамқорлық жасау», «мәпелеу» деген мағынаны білдіреді. Көмекке мұқтаж балаларға қамқорлық көрсетіп, жеңілмейтін және қорқынышты нәрселермен — өлім және аурумен күресу, табандылық, шығармашылық көзқарас, креатив және мінез-құлық таныту арқылы біздің қорымыз бұл әлемге ең жарқын күш — Қамқорлық күшін береді.

Күш жақсылықты күйрете алады, бірақ жасай да алады. Үлкен күшпен бірге үлкен жауапкершілік те келетіні белгілі. Жеке мен үшін бұл сөздің мағынасы: егер басқалардан көп нәрсе артық жасауға мүмкіндігім болса, мен өз күшімді игі іске бағыттаймын.

Егер жақсылыққа көмектесе алсаңыз, — оны жасаңыз. Тіпті кішігірім игі істер де бүкіл әлем мен елімізде үлкен өзгерістерге себеп болуы мүмкін. Біздің ҚАМҚОРЛЫҚ КҮШІМІЗГЕ қосылыңыз!

AYALA қорының Қамқорлық күшін қолдайтындардың барлығына алғыс білдіруші, Айдан Сүлейменова

БІЗДІҢ КОМАНДА

Диана Байтасова
Заң мәселелері жөніндегі вице-президент

Қордың жұмысына ешқашан немқұрайлы қарамадым, жаңа достарды, демеушілер мен серіктестерді тартумен белсенді айналыстым. Балаларға арналған мерекелерге ерікті ретінде қатыстым. Бұл белсенді жұмыс маған уақыт өте келе заң мәселелері жөніндегі вице-президент лауазымын атқаруға мүмкіндік берді. Өмірде мен белсенді спортшымын және қамқор анамын.

Дина Таскужина
Қаржы жөніндегі вице-президент

Менің қордағы міндетім - қаржы ағындарының демеушілерден бенефициарларға қарай ашық өтуі үшін барлық жағдайды жасау. Мен қордың түрлі бағдарламаларына белсене қатысамын және одан қуатты оң заряд аламын.

Наталья Еськова
коммуникациялар бойынша
вице-президент

Мен қордың командасына 2019 жылы қосылдым, күнделікті жұмысқа келіп, лауазымдық міндеттерімді өте жақсы атқарғым келетінін түсіндім. Соңғы 20 жылда мен IT және телекомның корпоративтік секторында - қазіргі әлемді дамытушы драйверлерде жұмыс істедім. Қазір Қазақстанда күн сайын құтқарылған балалардың көбеюі үшін менеджменттегі, жобаларды басқарудағы, коммуникациялардағы және маркетинг өзімнің ауқымды білімім мен тәжірибемді қолдана алатыныма қуаныштымын. Қайырымдылықта маған шығармашылық пен креативтің шексіз мүмкіндіктері, күрделі сын-қатерлердің үйлесімі, әрине, қорда жұмыс істеп жатқан басты нәтиже - Қазақстандағы балалар өлімі мен мүгедектігінің азаюы шабыттандырады.

Ксения Манджгаладзе
стратегиялық
жобаларды үйлестіруші

Мен Санкт-Петербург гуманитарлық университетін әлеуметтік-мәдени қызмет менеджері мамандығы бойынша бітірдім. Қорда 2009 жылдан бері жұмыс істеймін. Демеушілермен және бенефициарлармен араласып, қызықты жобалар іздеп, оларды іске асырамын. Маған AYALA қорының жобалары денсаулық сақтау және білім беру салаларын жақсартып, жүздеген адамды қамтитыны ұнайды. Спортқа, оқуға қызығамын, саяхаттағанды жақсы көремін.

Элина Шедид
Халықаралық және білім
беру жобаларды үйлестіруші

Мен Қазақстан Ұлттық халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне оқуға түскен 2010 жылы AYALA қорына ерікті ретінде келдім. Қордың ондаған жобаларына қатысты. Сондықтан университетті бітіргеннен кейін мұнда жұмыс істеу туралы шешім қабылдадым, өйткені әрдайым адамдар мен елге пайда әкелуді армандайтынмын. Қазір халықаралық және білім беру жобаларымен айналысамын. Бірнеше шет тілдерін (ағылшын және грек) еркін меңгеруім жұмысыма өте көмектеседі. Қайырымдылықта жұмыс істеу нағыз адами құндылықтарды тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ балаларға көмек көрсету мен олардың күлкісін көру мен үшін үлкен қуаныш екенін түсіндім. Сондықтан мүмкіндігінше көп адамның өздерін балаларға қызмет етуге арнағанын қалаймын. Халқымыздың дана мейірімділігі мен ізгі қасиеттері қайырымдылықты өміріміздің маңызды бөлігіне айналдыратынына сенемін.

Артём Радайкин
Білім беру жобаларының
үйлестірушісі

Мен 2012 жылдан бері қорда жұмыс істеймін. Осы уақыт ішінде біздің балалар үйлерінің, интернаттардың және басқа да балалар мекемелерінің ұстаздарымен және балаларымен ортақ тіл табысуды үйрендім. Менің анам педагог болды, сондықтан білім беру мекемелерінің қиындықтарын жақсы білемін. Ондаған жобаларды жүзеге асырдым. Білімім бойынша мен техника маманымын, сондықтан міндеттерді шешу тәсілім гуманитарлық тұрғыдан гөрі инженерлікке келеді. Креатив, жаңа адамдармен қарым-қатынас, жаңа жобаларды іске қосу, түзету арқылы оқытуға инновацияларды енгізу, еріктілерді тарту - осының бәрін мен қайырымдылықтан аламын. Қордың балалар өмірін сақтап, адамдарды бақытты еткеніне қуаныштымын. Болашақта бұдан да көп адамдар игі істер атқарады деп үміттенемін.

Зарина Ргаева
Бухгалтер

Мен көпшіл адаммын және қордың іс-шараларына ерікті ретінде зор ықыласпен қатысамын. Қорда жұмыс істей отырып, тиімді қайырымдылықтың мықты жақтаушысына айналдым және балалардың денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы жағдай туралы көп нәрсені білдім.

Жібек Жұмашева
Заңгер

ҚазМУ-де халықаралық құқық мамандығына оқуға түскенге дейін мен "Дарын" республикалық мектебінде оқыдым, онда көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына көмек көрсету бойынша іс-шараларға қатысқан едім. Заңгер болып жұмыс істей жүріп, "АЯЛА" қорының қызметімен танысып, оның еріктісі болдым. Қордың бағдарламалары мен жобаларына барлық қажетті құқықтық көмекті көрсетуді өзімнің кәсіби парызым деп санаймын.

ҚОРДЫҢ ТАРИХЫ

2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
2022
2023

Қордың құрылған жылы. Алматы қаласының БКЖА үшін 8 325 918 теңгеге медициналық жабдық сатып алынды.

Алматыда БКЖА-на қор орнатқан ӨЖЖ аппаратында балалардың алғашқы өмірі құтқарылды. Осы аурухана үшін медициналық құрал-жабдықтар, препараттар және басқа да көмек түрінде қордың демеушілік көмегінің жалпы көлемі 34 350 808 тг құрады. Алматыдағы екі балалар ауруханасы мен бірнеше перзентханаға 28 млн теңгеден астам сомаға жаңа медициналық жабдық берілді. Қордың амбассадоры Дмитрий Маликов болды.

27 қаңтарда AYALA қорының тікелей қатысуымен Қайырымдылық қорлары қауымдастығы құрылды, ал бұл күн ҚР Қайырымдылық күні болып белгіленді. Алматы мен облыстың балалар үйлерінен 700-ден астам бала Жадырау күніне қатысты. 44 млн теңгеден астам сомаға салмағы өте төмен шала туған балаларды емдеуге арналған жабдық Алматы қаласының Перинаталдық орталығына берілді.

Кардиохирург-дәрігерлердің бірінші бригадасы AYALA қоры мен Қайырымдылық қорлары қауымдастығының қаржылай қолдауының арқасында Еуропалық одақтың жетекші клиникаларында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Жүрек кемістігі бар балалардың 80% өмір сүруге мүмкіндік алды. Сызғанов атындағы ҰҒХО AYALA 35,9 млн теңге сомаға балалар кардиохирургиясына арналған медициналық құрал-жабдықтарды алды. Алматы облысының 16 ауруханасы қордан 18,5 млн теңгеге фототерапия шамын алды. Қор бокстары Air Astana сату кеңселерінде, Qaganat асханалар желісінде орнатылды.

AYALA қоры мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстанның 8 қаласы мен 1 кентінде 13 аурухана 114,7 млн теңге сомаға балалар реанимациясы мен операциялық бөлмелерге арналған жаңа жабдықтар алды. 5 түзету мектеп-интернатына 3,9 млн теңге сомасына арнайы түзету жабдығы берілді. Қор бокстары Халық Банкінің орталық кеңсесінде орнатылды. AYALA қорының қолдауымен Италиядан келген балалар кардиохирургтерінің бригадасы 10 күн бойы қазақстандық кардиохирургтарды біліктілікті арттыру курстарында оқытты.

Алматыда нәрестелер өлімі 28%-ға төмендеді, соның ішінде қордың "Тыныс ал, балақай" жобасының арқасында. Атырау облысы мен ШҚО-ның 4 неонатолог дәрігері Харьков медицина академиясында дипломнан кейінгі білім беру курстарынан өтті. 4 Облыстық перинаталдық орталық пен Алматыдағы 5 балалар ауруханасы 91 млн теңгенің жаңа реанимация және медициналық жабдықтарын алды.

Антонио Бандерас пен Kaspi Bank басқарма төрағасы "Тыныс ал, балақай" жобасын аяқтап, қорға 38 млн теңгенің қайырмалдық қаражатын жинады. ҚР-ның 10 қаласында 6 облыстық перинаталдық орталық пен 4 балалар ауруханасы жалпы сомасы 143,2 млн теңге болатын жаңа реанимация жабдығын алды.

Білім беру мекемелеріне, соның ішінде түзету мектептеріне және интернаттарға көмек көрсету үшін жалпы сомасы 53,1 млн теңге болатын 50 жоба жүзеге асырылды.

Қазақстанның 5 қаласы мен 2 кентінде 15 медициналық мекеме (перинаталдық орталықтар, перзентханалар, балалар ауруханалары) 85 млн теңгеден астам сомаға реанимациялық және медициналық жабдықтар алды.

Қызылорда облысының орталық аудандық ауруханалары (Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі) мен Қызылорданың Облыстық балалар ауруханасы жалпы сомасы 22,5 млн теңгеге медициналық жабдықтарды алды. Алматы Перинаталдық орталығы мен Павлодар Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 45,6 млн теңге көлемінде реанимациялық жабдық берілді.

Қордың 10 жылдық мерейтойы. ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен асфиксиясы бар жаңа туған нәрестелерді құтқару үшін "Басқарылатын гипотермия" жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойылды. ҚР-дағы алғашқы "Қайырымдылық мектебі" жұмыс істей бастады. Алматыдағы Ақсай балалар ауруханасының екі дәрігері Пусанда (ПҰУГ) оқудан өтті. Дмитрий Маликовтың "Ойынды ақтару" атты қайырымдылық спектаклі өткізілді.

Пусан Ұлттық университетінің Госпиталімен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. ПҰУГ профессор-ортопеді Джун Лаб-Ли қордың амбассадоры болды. Алматы қаласының Перинаталдық орталығында 20,3 млн теңге сомаға басқарылатын гипотермияға арналған жабдық орнатылдын. AYALA қайырымдылық қоры мен Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Пусан қаласының Экономикалық даму агенттігімен және "Донг-А" жекеменшік клиникасымен меморандумға қол қойылды. Ол қазақстандық дәрігерлердің біліктілігін арттыруға және қайырымдылық медицина саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Шу қалалық ауруханасында жаңа туған нәрестелердің қарқынды терапиясына арналған жаңа жабдықтар пайда болды.

130 млн теңге COVID-19 күрес шеңберінде ауруханалар мен мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін жұмсалды. Басқарылатын гипотермияның екі аппараттық кешенін қор Түркістан мен Атыраудың Облыстық перинаталдық орталықтарына жалпы сомасы 45 млн теңгеден астам сомаға тапсырды. Жаңа туған нәрестелерге арналған икубатор мен 6 фототерапия шамдары Алматының 2 перинаталдық орталығына және Ақтөбе медициналық орталығының балалар реанимациясына берілді.

2021 жылы қор ірі демеушілерден және қазақстандықтардың қайырымдылық жарнасы түрінде 480 млн теңгеден астам қаражат тартты. Оның 216 млн теңгесі Қазақстанның 12 перинаталдық орталығында 80 жаңа медициналық техника сатып алуға және орнатуға бағытталды. Алдағы 5 жылда бұл мыңдаған нәрестенің өмірі мен ақыл-парасатын сақтап қалуға көмектеседі.

«Шала туған нәрестелердің ретинопатиясы» жобасына 170 млн теңге бағытталды. Жабдықтар мен дәрілік заттар Қазақстанның 14 Перинаталдық және Ұлттық ғылыми орталығына берілді. Көмек «Луцентис» препаратының 84 құтысын, 2 ретиналды камераны, 14 офтальмоскопты, 5 лазерлік қондырғыны қамтиды. 1270 жаңа туған нәресте диагностикаланып, 30-ы қор берген жабдықтардың көмегімен толық соқырлықтан құтқарылды.

Қордың жинаған қаражаты 450 000 000 теңгеден асты. SAMSUNG INNOVATION CAMPUS тегін IT-курстарын ұйымдастыруға және SAMSUNG SOLVE FOR TOMORROW STEM-жобасына бағытталды. Астана, Павлодар, Көкшетау және Қарағанды қалаларының перинаталдық орталықтарына 4 ретиналды камера мен 1 лазерлік қондырғы берілді. 350 сәби көру қабілеті бойынша мүгедектіктен құтқарылды – бұл өткен 2 жылмен салыстырғанда 10 есе көп. Неонаталдық офтальмолог дәрігерлер санын 2021 жылғы 4-тен 2023 жылы 45-ке дейін ұлғайтуға көмектесті. Қазақстанда шала туған нәрестелердің ретинопатиясынан жаңа туған балалардың мүгедектігі 0,6%-ға дейін төмендеді.

БАҚ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР БІЗ ТУРАЛЫ

Контакты

АЛМАТЫ
050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7
Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43
Тел.: +7 (727) 356 17 38
Факс: +7 (727) 356 17 59
Б.: +7 702 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс