KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

БІЗ БАЛАЛАРДЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ КӨМЕКТЕСЕМІЗ

Исамдун Харамов
ортопед дәрігер, №1 Университет клиникасы (бұрынғы Алматы қ. Ақсай балалар ауруханасы)

«Пусан Ұлттық Университеті Госпиталінің ортопедия бөлімінде біз 2019 жылдың тамыз айында 2 апта бойы практикадан өттік, әріптесім Мақпал Сұрашовамен бірге тірек-қимыл аппаратына: омыртқаға, жамбас буынына жасалған көптеген және әралуан оталарды, аяққа жасалған, бұлшықетті ауыстырып орналастыру бойынша шағын оталарды көрдік. ПҰУГ Омыртқа орталығының меңгерушісі және Ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі профессор Джун Саб Лидің (Jung Sub Lee) мейлінше анық, сөзбе-сөз және түсінікті түсіндірулері жаңа білімді меңгеріп алуымызға өте жақсы көмектесті. Бұл екі апталық практика Пусан Ұлттық Университетінің Госпиталінде үйренген заманауи әдістемелерді енгізудің арқасында біздің мүлдем жаңа деңгейге шығаруымызға септігін тигізеді. Осы мүмкіндік үшін «АЯЛА» қайырымдылық қорына алғысымды білдіргім келеді».

Дмитрий Павленко
Алматы қаласындағы № 4 перзентхананың неонатолог дәрігері

«AYALA қоры «Шеврон» компаниясының қолдауымен жаңа туған балаларды респираторлық қолдау бойынша ресейлік дәрігерлермен онлайн-курстар өткізеді. Мен тыныс алу аппаратурасымен, негізінен, туа біткен пневмониясы бар сәбилерді қолдау үшін үнемі жұмыс істеймін. AYALA онлайн-академиясының алаңында мен жаңа білім алып, өз дағдыларымды жақсартып, тәжірибеммен бөлісіп, алған білімімді тәжірибеде қолдана аламын. Біз дәріскерге сұрақтар қойып, одан кері байланыс аламыз, қолжетімді ақпаратпен үнемі таныса аламыз. Бұл біліктілікті арттыру үшін өте ыңғайлы платформа».

Талғат Жорабекұлы Толықбаев
Неонатолог-дәрігер, Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының неонаталдық қызметінің басшысы

«Пандемия кезеңінде біз бәріміз оқытудың онлайн-форматына көштік. Сондықтан мені «AYALA онлайн-академиясы» платформасында курсты оқу туралы ұсыныс қызықтырды. Біздің қызметімізде бар дәлелді медицина саласындағы тәжірибелік білімді басқа қазақстандық дәрігерлерге бере аламыз деп есептеймін. Менің оқу материалдарым LIZA әдістемесі бойынша тікелей перзентхана залында шала туған балаларға көмек көрсетуге бағытталған. Біздің қызмет Қазақстанда алғашқылардың бірі ретінде оны белсенді және табысты қолдана бастады. Сондықтан осы әдістемені енгізуге көмектесу үшін осы тәжірибемді әріптестеріме көрсете алғаныма қуаныштымын».

Бақыт Қостайұлы Утаганов
бас дәрігердің орынбасары, Жекенов атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Алматы қ.

«10 көпатқарымды реанимация кереуеттері түрінде қайырымдылық көмек берген «АЯЛА» қорына алғысымды білдіремін. Бұл жабдық біздің ауруханаға өте қажет, өйткені коронавирус инфекциясымен байланысты ахуал Алматыда және әлемде өте ауыр болып отыр. Негізгі асқынуы – бұл пневмония, мұнымен аса күрделі жағдайда науқастар бірден реанимацияға түседі. Кереуеттер оларға бүкіл қажетті реанимациялық көмек көрсетуімізге мүмкіндік береді. Осы үшін қорға үлкен рахмет!».

Манас Ипатайұлы Абулдаев
реанимация бөлімінің меңгерушісі, Жекенов атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Алматы қ.

«Біз Lined фирмасының жаңа реанимация кереуеттерін алдық. Олар өте ыңғайлы. Бұларға бөлімшенің емделушілерін бірден жатқызамыз, осы көмегі үшін «АЯЛА» қорына үлкен рахмет!»

Роза Бәженқызы Өтегенова
директордың медицина бөлімі бойынша орынбасары, №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы, Нұр-Сұлтан қ.

«Карантин кезеңінде біздің дәрігерлерді азық-түлікпен, жеке гигиена заттарымен және тұрмыстық техникамен қамтамасыз еткені үшін біздің ауруханының барлық қызметкерлерінің атынан «АЯЛА» қайырымдылық қорының ұжымына алғыс білдіргім келеді. Осы қиын күндері бұл көмек өте маңызды және бізге керек. Зор денсаулық және жұмыстарыңызға жетістік тілеймін!»

Ерлан Бүркітов
«Семей қаласы Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» ШЖҚ-ғы КММ директоры

«Бізге 28 пульсоксиметр бергені үшін AYALA қорына алғыс білдіреміз. Олар бізге емделушілерді емдеу кезінде қажет, өйткені науқастың денсаулық жайын мониторингтеуге көмектеседі. Көмек қолын созып, біздің аурухананы пульсоксиметрлермен қамтамасыз ету мәселесін шешкен демеуші «iMAS GROUP» ЖШС-не алғыс білдіреміз. Үстіміздегі жылдың 9 маусымында бұл медициналық мекеменің негізінде Covid-19 жұқтыру күдігі бар емделушілер үшін 270 провизорлық төсек және 30 жұқпалы аурулар төсегі ұйымдастырылды. Семейдің ЖМЖА-на жүгінгендер саны бойынша 9 – 23 шілде ең қарбалас кезең болды, бұл кезде тәулік ішінде ауруханаға түскен емделушілер саны 60-қа жетті».

Қанат Қалиқанұлы Жұмашев
Алматы облысы Перинаталдық орталығының директоры

Біздің басты міндетіміз - әрбір отбасының дені сау балалы болуына көмектесу. Сондықтан біз емдеу жұмыстарын орталықтың қабырғасындағы барлық босанудың аман-есен өтуіне және барлық балалардың дені сау тууына бағыттаймыз. Біз реанимация бөліміне құрал-жабдықтар сатып алуға көмектескен AYALA қорына және барлық қазақстандықтарға алғысымызды білдіреміз. Заманауи медициналық технологиялар біздің мамандарға жаңа туған нәрестелерге сапалы көмек көрсетуге, сондай-ақ перинаталдық шығындар мен бала кезден бастап мүгедектік қаупін азайтуға көмектеседі.

Гүлнар Қайпанқызы Галиева
Қарағанды облыстық ауруханасы перинатология орталығының басшысы

Қызметкерлер үшін мұндай жабдық – жұмыс кезіндегі үлкен көмек. Бұрын бұл процессті істеу өте ауыр болатын. Біз бәрін қолмен жасап келдік: суды салқындатып, температураны дұрыс диапазонда ұстап тұруды қадағаладық. Енді бәрі автоматтандырылған. Біздің кішкентай пациенттеріміз үшін, әсіресе асфиксия кезінде орташа ауыр жағдайға тап болған нәрестелер үшін гипотермия аппаратындағы терапияның нәтижесі өте жақсы. Ауыр асфиксиядан аман қалған балалардың орталық жүйке жүйесі зақымдалады. Бірақ автоматты гипотермияның көмегімен біз неврологиялық белгілерді барынша азайтып, сәбилерге толыққанды салауатты өмір сүруге мүмкіндік береміз.

Әсел Үсенбайқызы Шәріпова
Медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР Көз аурулары ҒЗИ офтальмолог дәрігері

Қазір қолымызда бар нәрселердің барлығы - ультра заманауи бинокулярлық офтальмоскоптар, сәбилерде соқырлықты емдеудің жалғыз әдісі үшін лазерлік қондырғылар, «Луцентис» инъекциясы арқылы ретинопатияны емдеуге арналған клиникалық хаттама – бірнеше жыл бұрын біз үшін қол жетпес арман болатын. Бүгін бізде шала туған балаларға әлемді жарқын бояулармен көруге, ал олардың отбасыларына қуаныш пен бақыт сыйлауға көмектесу мүмкіндігі пайда болды. Көптеген мамандар сенбеген балаларға сапалы офтальмологиялық көмекті жүзеге асыруда зор мүмкіндіктеріміз болғаны үшін Айдан Сүлейменоваға алғыс айтамыз.

Бектұрған Карин
Қазақстан неонатологтары конгресінің төрағасы

Бүгінгі таңда әлемдік дәлелді медицина тұрғысынан тек терапиялық гипотермия босану кезінде ауыр гипоксиямен туған балаларда нейропротекцияның сенімді әдісін қамтамасыз етеді. Фарминдустриядағы айтарлықтай ғылыми прогреске қарамастан, жаңа туған нәрестелердің бас миын гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия нәтижесінде қайтымсыз зақымданудан қорғай алатын дәрілер жоқ. Бұдан басқа, гипотермия аппараты амплитудалық электроэнцефалография мониторингімен бірге реанимация бөлімінде жұмыс істейтін және баланың дене температурасын ондаған сағаттар бойы бақылауға және ұстауға міндетті дәрігерлер мен медбикелердің үлкен жүктемесін азайтады. Қазақстанның неонатологтары AYALA ҚҚ мен Айдан Сүлейменоваға жаңа туған нәрестелердің функционалдық денсаулығын сақтауға көмектескені үшін алғыс айтады.

Гулзинеп Суюнгалиевна Дюсупова
Атырау қалалық перзентханасының директоры

Біздің перзентхана Атырау қаласының тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің ІІ деңгейіне жатады. Қалада тұратын әйелдердің босану қиын болған жағдайларда бізге жіберіледі. Жедел және сапалы көмек көрсету үшін біздің Жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесі реанимациялық жабдыққа өте зәру болды. Біз неонатолог-дәрігерлерге және реаниматологтарға кішкентай атыраулықтарға күтім жасауға және функционалдық денсаулығын сақтауға көмектесетін заманауи сенімді жабдықтар жиынтығын алғанымызға қуаныштымыз. AYALA қоры мен BAYER компаниясына қаламыздың неонатологтарының қажеттіліктеріне назар аударғаны үшін алғысымызды білдіреміз.

Жапырақ Епенова
Облыстық перинаталдық орталықтың директоры, Ақтау

Жаңа туған нәрестенің ми жасушасының өлімінен құтқару мүмкіндігі бар, бірақ жылдам әрекет ету керек. Туған сәттен бастап гипотермияға алғашқы 6 сағат қана бар. Неғұрлым ерте болса, әсері соғұрлым жақсы. Бізді автоматты гипотермия аппараты құтқарады. Оны өткен жылы Samruk Kazyna Trust қорының қолдауымен AYALA қайырымдылық қоры орнатып берген болатын. Бұл аппарат бірқатар еңбекті қажет ететін манипуляциялар жасайды. Біріншіден, жаңа туған нәрестені 33-34 градусқа дейін біртіндеп салқындатады, екіншіден, оның дене температурасын осы деңгейде ондаған сағат бойы ұстайды. Барлық процестер автоматтандырылған, оған қоса баланың бас миының көрсеткіштерін қадағалайтын монитор да бар. Персоналдың қателіктері механикалық, қол гипотермиясымен салыстырғанда нөлге түсті.

Барлық шолуларды көрсету
КӨМЕКТЕСКІМ КЕЛЕДІ

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс