KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ

«Кәсіби бағдарлау» жобасының мақсаты — балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың балаларына оларды әлеуметтік бейімдеуге көмектесу. Біз осы білім беру мекемелерінің балалары бітіргеннен кейін өмір сүруге, оқуды жалғастыруға және дамуға көмектесетін пайдалы практикалық дағдыларға ие болғанын қалаймыз, бірақ ең бастысы — өздеріне жұмыс табу.

6 жыл ішінде біз 12 курс ұйымдастырып, 19 арнайы шеберхана ашып, Қазақстан бойынша мектеп-интернаттар мен балалар үйлерінде педагогтар мен жобаға қатысушылар ретінде ондаған мейірімді және бейжай қалмайтын адамдарды тарттық. Біз 5 балаға шаштараз шеберлігін үйреттік, осы жасөспірімдердің бірі Алматыдағы барбер-салонда тәжірибеден өтіп жатыр, сондай-ақ 3 оқушыдан тұратын жаңа топ жиналды. 60 бала тігін шеберлігіне оқытылды. 80 — еуропалық асүй тағамдарын дайындау курстарында болды, ал бір жасөспірім Алматыдағы Qaganat қоғамдық тамақтану желісінде тәжірибеден өтуде.

Жобаны іске асыру бірнеше кезеңнен тұрады:

  • Мектеп-интернат немесе балалар үйін іздестіреміз және олардың тәрбиеленушілерді кәсіби даярлау бағытындағы, жабдықтарға, тіпті қайта жөндеуге деген қажеттіліктерін білеміз.
  • Демеушілерді табамыз (жабдықтар сатып алуға, кәсіптік бағдарлау курстарын төлеуге)
  • Қажетті жабдықтарды сатып аламыз
  • Біз аптасына 2-3 рет келіп, балаларды оқытатын мамандар — оқыту бойынша серіктестер табамыз не курстарды төлейміз
  • Салтанатты түрде шығару және сертификаттармен марапаттау
  • Балалардың өндірістік тәжірибесіне арналған орындарды қосамыз

Осы бағдарламаның 3 нұсқасын қолдай аласыз:

Бірінші нұсқа — шеберханалар ашуға қаражат аудару.

Екінші нұсқа — жасөспірімдерге арналған қысқа мерзімді кәсіптік бағдарлау курстарын төлеуге қаражат аудару.

Үшінші нұсқа — сіз еріктіге айналып, оларға сіздердің білімдеріңізді, пайдалы кеңестеріңіз бен дағдыларыңызды жеткізесіз.

КӨМЕКТЕСКІМ КЕЛЕДІ

Ай сайынғы жазылуды ресімдеңіз және Қамқорлық күшінің бір бөлігі болыңыз!

Айына 1000 теңге болса да, қолдауға мұқтаж балалардың өмірін сақтап қалуға, әр күнін жақсартуға көмектеседі.

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс