«Бізге жоғары тәуекел тобындағы, соның ішінде қалпына келмейтін сатыдағы ауыр экстрагениталды патологиясы бар әйелдер келіп түседі. Жыл сайын біздің орталықта 5,5 мыңға жуық бала дүниеге келеді, оның ішінде жатырішілік ауыр гипоксиясы, туу кезіндегі асфикциясы бар балалар болады. Бұл орталық жүйке жүйесі едәуір зардап шегетін және зақымданатын жағдайлар. Біз AYALA қорынан және Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорынан сыйлық ретінде гипотермияның аппараттық кешен - Blanketrol III және амплитудалық электрэнцефалография мониторын алғанымызға өте қуаныштымыз. Біз бұл аппараттарға өте зәру едік. Олар жаңа туған нәрестенің бас миын гипоксиялық зақымданудан қорғайды. Бұл аппаратты орнатқанға дейін біз суық суы бар медициналық қолғаптар арқылы қолда бар әдістер көмегімен гипотермияны жүзеге асырған едік. Қорға біздің орталыққа балаларымызды емдеу мен құтқаруға көмектескені үшін алғысымыз шексіз».
«2021 жылдың басында AYALA қорының арқасында бізге терапиялық гипотермияның аппараттық кешен жеткізілді. Ол ауыр және орташа ауыр асфиксия нәтижесінде гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия белгілерімен туған жаңа туған балаларға басқарылатын гипотермияны жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл аппарат осындай балалардың өмірін, денсаулығын және ақыл-ойын сақтап қалуға көмектеседі. Біз Семей мен жақын маңдағы Аягөз, Қалбатау, Ұржар аудандарынан емделушілерді қабылдаймыз. Бұл аппарат пайда болғанға дейін біз балаларға гипотермияны қолымызда бар қарапайым құралдарының көмегімен жүргіздік, оларды пакеттерде немесе қолғаптарда суық сумен салқындатып қойдық. Бірақ мұндай әдіс бізге нүктелік температуралық әсер етуге мүмкіндік бермеді. Аппараттық гипотермия жаңа туған нәрестені суытуға және одан кейін біртіндеп жылытуға мүмкіндік береді. Электрэнцефалография аппаратымен бірге ол дұрыс емдеуді таңдауға немесе оны үдерісте түзетуге мүмкіндік береді, өйткені біз баланың бас миының біздің медициналық манипуляцияға қалай ден қойып отырғанын көріп отырамыз. Жалпы алғанда бұл өлім-жітімді азайтуға және гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатиясы бар жаңа туған нәрестелердің мүгедектікке ұшырау пайызын төмендетуге көмектеседі. Бұл үшін қорға көп рақмет».
«Орташа есеппен бізде жылына 8,5 мың ана босанады, бұл ретте 900-ге жуық бала шала туады, 100 бала - 500 грамнан төмен дене салмағымен дүниеге келеді. Олардың барлығы ерекше күтімді талап етеді. Біз AYALA қорынан сәуір айында алған құрал-жабдықтар - 5 реанимациялық баған, 2 кювез, - біздің жұмысымызда берер көмегі өте көп. Біздің орталықта жабдықтар іс жүзінде бос тұрмайды. Ол шала туған балаларды күтуге көмектеседі. Кювездерде олар 6 күннен 2-3 айға дейін болуы мүмкін. Реанимациялық жабдық неврологиялық көріністерді азайтуға көмектеседі. Олар дамуда неғұрлым қолайлы болжамдармен реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінен шығады. Орталығымыздың медицина қызметкерлерінің, Halyk Bank сияқты ірі демеушілердің біріккен қамқорлық күші Қазақстанда жаңа туған нәрестелерді одан әрі емдеуге мүмкіндік беретініне қуаныштымыз».
Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы «АЯЛА» қорынан алған фототерапия шамдары медициналық қызметтер сапасын және жаңа туған сәбилерді, әсіресе дене салмағы төмен және өте төмен балаларды күтуге көмектеседі. Олар сонымен қатар жаңа туған сәбилердің әртүрлі этиологиядағы сарғаю синдромының инвазивті емес терапиясын жүргізуге, күтім жасау кезіндегі болжамды жақсартуға және асқынуды азайтуға мүмкіндік береді. Біздің орталық балаларға медициналық көмек көрсетуге берген жәрдемі үшін «АЯЛА» қорына алғыс білдіреді. Біз ана мен баланың денсаулығын жақсартуға бағытталған жобалар бойынша қормен ынтымақтастық жалғастыруды жоспарлап отырмыз.
«Ақтөбе медициналық орталығының балалар стационары бүкіл өңірдің жаңа туған сәбилеріне хирургиялық және кардиохирургиялық көмек көрсетеді. 2020 жылы AYALA қайырымдылық қоры жаңа туған сәбилерге күтім жасауға арналған жабдықтар: инкубатор және фототерапияға арналған аппарат берді. Жаңа туған сәбилерге арналған инкубатор шала туған балаларға күтім жасауға арналған, мұнда нәресте оңтайлы температура мен ылғалдылық жасалады. Оған оксиген терапиясы үшін ылғалдандырылған оттегі беріледі, мұнда жиған салмағын анықтау үшін шала туған баланың салмағын өлшеуге мүмкіндік бар. Фототерапияға арналған аппарат неонаталдық сары ауруы бар балаларға уытты билирубин деңгейін төмендету үшін қажет. Қандағы уытты билирубин деңгейінің аса жоғары болуы жаңа туған сәбидің бас миының біржола зақымдануының, соның ішінде дамуының тежелуінің, атетоидтық церебраль сал ауруының, жартылай немесе толық сал ауруының, құрысудың, толық жоғалтуға дейінгі есту проблемасының себебі болуы мүмкін. Осы көмегі үшін AYALA қайырымдылық қорына алғысымызды білдіреміз!»
«Гипотермия – бұл гипоксия нәтижесінде оттегінің жетіспеуінен зақымданбаған бас миының жасушаларын сүйемелдеу үшін жаңа туған сәбиді салқындату әдісі. Гипоксия бас миының жасушаларын өлтіреді. Гипотермия бас миының жасушаларын жұмыс жағдайында ұстайды. Аппараттық кешен бас миының функцияларына мониторингті жүзеге асыруымызға және нәрестенің салқындау деңгейін реттеуімізге көмектеседі. Бұл аппараттық кешенді алғанға дейін біз жаңа туған сәбилерді салқындатуды және олардың температурасын өлшеуді қолмен жасадық. Соңғы 3 жыл ішінде біз оны 48 нәрестеге жасадық, соның ішінде 13 балаға 2019 жылы жасалды. Одан 6 бала оңалту орталықтарынан оң нәтижемен өтті, ал 7 балада ешқандай неврологиялық ауытқулар болмады. AYALA қайырымдылық қорынан алған аппараттық кешен бізге өте қажет, осы үшін қорға және демеушілерге алғыс білдіреміз. Өз тарапымыздан біз гипоксиясы бар жаңа туған сәбилерге тиісті медициналық көмек көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.
«Тыныс ал, балақай» жобасын көптен бері білемін. Менің әріптестерім, перинаталдық орталықтардың директорлары және балалар реанимациясы бөлімшелерінің меңгерушілері AYALA қорынан алған жабдық сәбилердің өмірін құтқарып қалуға, мерзімінен бұрын туған балаларға жоғары технологиялық көмек көрсетуге жәрдем бергенін атап өтуде. AYALA қорының көмегі Түркістанға да жеткеніне қатты қуанып отырмыз».
«Біздің аурухана Алматы қаласының ғана емес, сондай-ақ таяу орналасқан елді мекендердің әртүрлі жұқпалы аурулармен ауырған балаларына көмек көрсетеді. AYALA қайырымдылық қорымен көп жылдар бойы ынтымақтастық жасап келеміз, және ол қайырымдылық көмегін барынша тиімді етуге тырысып жатқанын көріп отырмыз. Қордың жобаларына қатысатын барлық демеушілерге үлкен алғысымызды білдіреміз».
«AYALA қорының аурухана іске асырылған «Өмір сыйлайық» жобасы медицина қызметкерлеріне балалар өлімі көрсеткішін 4 есеге азайтуына көмектесті. Кез келген ауруханада реанимация және қарқынды терапия бөлімінің маңызы зор, өйткені нақ осы бөлімдерде денсаулық жайы өте ауыр емделушілер жиналады. Дәрігерлер мен мейірбикелердің кәсіби шеберлігіне баланың өмірі байланысты болады, ал AYALA реанимация бөліміне берген медициналық аппаратура емделушілердің өмір сүру мүмкіндігін біршама көтереді».
«Бөлімде енді төрт реанимация үстелі бар. Біздің бөлім 20 төсекке есептелген. AYALA қайырымдылық қоры бізге тағы екі үстел сыйлады, өзімізде екеуі болған, бірақ біреуі істен шыққан. Енді қайтадан төртеу болды, жаңасы Жаңа жылдан кейін орнатылды, біз оны пайдаланып та жүрміз. Біздің реанимация үстелдеріміз ешқашан босамайды десе болады. Ауруханадағы бала туғандар саны 271 болды, 2017 жылы барлық жаңа туған сәбилер – 467. Бір жыл бұрын бала туған балардың көрсеткіші мұндай деңгейде болмаған еді».