KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСЕМІЗ

Гүлнар Қайпанқызы Ғалиева
Қарағанды қаласындағы Облыстық аурухананың неонаталдық қызмет меңгерушісі

«Бізге жоғары тәуекел тобындағы, соның ішінде қалпына келмейтін сатыдағы ауыр экстрагениталды патологиясы бар әйелдер келіп түседі. Жыл сайын біздің орталықта 5,5 мыңға жуық бала дүниеге келеді, оның ішінде жатырішілік ауыр гипоксиясы, туу кезіндегі асфикциясы бар балалар болады. Бұл орталық жүйке жүйесі едәуір зардап шегетін және зақымданатын жағдайлар. Біз AYALA қорынан және Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорынан сыйлық ретінде гипотермияның аппараттық кешен - Blanketrol III және амплитудалық электрэнцефалография мониторын алғанымызға өте қуаныштымыз. Біз бұл аппараттарға өте зәру едік. Олар жаңа туған нәрестенің бас миын гипоксиялық зақымданудан қорғайды. Бұл аппаратты орнатқанға дейін біз суық суы бар медициналық қолғаптар арқылы қолда бар әдістер көмегімен гипотермияны жүзеге асырған едік. Қорға біздің орталыққа балаларымызды емдеу мен құтқаруға көмектескені үшін алғысымыз шексіз».

Елена Гейнц
Семей қаласындағы Облыстық перинаталдық орталықтың Жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және қарқынды терапия бөлімшесінің реаниматолог-дәрігері

«2021 жылдың басында AYALA қорының арқасында бізге терапиялық гипотермияның аппараттық кешен жеткізілді. Ол ауыр және орташа ауыр асфиксия нәтижесінде гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия белгілерімен туған жаңа туған балаларға басқарылатын гипотермияны жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл аппарат осындай балалардың өмірін, денсаулығын және ақыл-ойын сақтап қалуға көмектеседі. Біз Семей мен жақын маңдағы Аягөз, Қалбатау, Ұржар аудандарынан емделушілерді қабылдаймыз. Бұл аппарат пайда болғанға дейін біз балаларға гипотермияны қолымызда бар қарапайым құралдарының көмегімен жүргіздік, оларды пакеттерде немесе қолғаптарда суық сумен салқындатып қойдық. Бірақ мұндай әдіс бізге нүктелік температуралық әсер етуге мүмкіндік бермеді. Аппараттық гипотермия жаңа туған нәрестені суытуға және одан кейін біртіндеп жылытуға мүмкіндік береді. Электрэнцефалография аппаратымен бірге ол дұрыс емдеуді таңдауға немесе оны үдерісте түзетуге мүмкіндік береді, өйткені біз баланың бас миының біздің медициналық манипуляцияға қалай ден қойып отырғанын көріп отырамыз. Жалпы алғанда бұл өлім-жітімді азайтуға және гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатиясы бар жаңа туған нәрестелердің мүгедектікке ұшырау пайызын төмендетуге көмектеседі. Бұл үшін қорға көп рақмет».

Светлана Александровна Лисогор
Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы директорының орынбасары

«Орташа есеппен бізде жылына 8,5 мың ана босанады, бұл ретте 900-ге жуық бала шала туады, 100 бала - 500 грамнан төмен дене салмағымен дүниеге келеді. Олардың барлығы ерекше күтімді талап етеді. Біз AYALA қорынан сәуір айында алған құрал-жабдықтар - 5 реанимациялық баған, 2 кювез, - біздің жұмысымызда берер көмегі өте көп. Біздің орталықта жабдықтар іс жүзінде бос тұрмайды. Ол шала туған балаларды күтуге көмектеседі. Кювездерде олар 6 күннен 2-3 айға дейін болуы мүмкін. Реанимациялық жабдық неврологиялық көріністерді азайтуға көмектеседі. Олар дамуда неғұрлым қолайлы болжамдармен реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінен шығады. Орталығымыздың медицина қызметкерлерінің, Halyk Bank сияқты ірі демеушілердің біріккен қамқорлық күші Қазақстанда жаңа туған нәрестелерді одан әрі емдеуге мүмкіндік беретініне қуаныштымыз».

Светлана Александровна Лисогор
директордың педиатрия жөніндегі орынбасары, Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы, Алматы қ.

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы «АЯЛА» қорынан алған фототерапия шамдары медициналық қызметтер сапасын және жаңа туған сәбилерді, әсіресе дене салмағы төмен және өте төмен балаларды күтуге көмектеседі. Олар сонымен қатар жаңа туған сәбилердің әртүрлі этиологиядағы сарғаю синдромының инвазивті емес терапиясын жүргізуге, күтім жасау кезіндегі болжамды жақсартуға және асқынуды азайтуға мүмкіндік береді. Біздің орталық балаларға медициналық көмек көрсетуге берген жәрдемі үшін «АЯЛА» қорына алғыс білдіреді. Біз ана мен баланың денсаулығын жақсартуға бағытталған жобалар бойынша қормен ынтымақтастық жалғастыруды жоспарлап отырмыз.

Гүлжамал Абдулаева
«Ақтөбе медициналық орталығы» МКК балалар стационары реанимациясының меңгерушісі

«Ақтөбе медициналық орталығының балалар стационары бүкіл өңірдің жаңа туған сәбилеріне хирургиялық және кардиохирургиялық көмек көрсетеді. 2020 жылы AYALA қайырымдылық қоры жаңа туған сәбилерге күтім жасауға арналған жабдықтар: инкубатор және фототерапияға арналған аппарат берді. Жаңа туған сәбилерге арналған инкубатор шала туған балаларға күтім жасауға арналған, мұнда нәресте оңтайлы температура мен ылғалдылық жасалады. Оған оксиген терапиясы үшін ылғалдандырылған оттегі беріледі, мұнда жиған салмағын анықтау үшін шала туған баланың салмағын өлшеуге мүмкіндік бар. Фототерапияға арналған аппарат неонаталдық сары ауруы бар балаларға уытты билирубин деңгейін төмендету үшін қажет. Қандағы уытты билирубин деңгейінің аса жоғары болуы жаңа туған сәбидің бас миының біржола зақымдануының, соның ішінде дамуының тежелуінің, атетоидтық церебраль сал ауруының, жартылай немесе толық сал ауруының, құрысудың, толық жоғалтуға дейінгі есту проблемасының себебі болуы мүмкін. Осы көмегі үшін AYALA қайырымдылық қорына алғысымызды білдіреміз!»

Асқар Тілекқабылұлы Кенжеғалиев
Облыстық перинаталдық орталықтың директоры, Атырау қ.

«Гипотермия – бұл гипоксия нәтижесінде оттегінің жетіспеуінен зақымданбаған бас миының жасушаларын сүйемелдеу үшін жаңа туған сәбиді салқындату әдісі. Гипоксия бас миының жасушаларын өлтіреді. Гипотермия бас миының жасушаларын жұмыс жағдайында ұстайды. Аппараттық кешен бас миының функцияларына мониторингті жүзеге асыруымызға және нәрестенің салқындау деңгейін реттеуімізге көмектеседі. Бұл аппараттық кешенді алғанға дейін біз жаңа туған сәбилерді салқындатуды және олардың температурасын өлшеуді қолмен жасадық. Соңғы 3 жыл ішінде біз оны 48 нәрестеге жасадық, соның ішінде 13 балаға 2019 жылы жасалды. Одан 6 бала оңалту орталықтарынан оң нәтижемен өтті, ал 7 балада ешқандай неврологиялық ауытқулар болмады. AYALA қайырымдылық қорынан алған аппараттық кешен бізге өте қажет, осы үшін қорға және демеушілерге алғыс білдіреміз. Өз тарапымыздан біз гипоксиясы бар жаңа туған сәбилерге тиісті медициналық көмек көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

Алма Ильясова
Түркістан қаласының № 3 Облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері

«Тыныс ал, балақай» жобасын көптен бері білемін. Менің әріптестерім, перинаталдық орталықтардың директорлары және балалар реанимациясы бөлімшелерінің меңгерушілері AYALA қорынан алған жабдық сәбилердің өмірін құтқарып қалуға, мерзімінен бұрын туған балаларға жоғары технологиялық көмек көрсетуге жәрдем бергенін атап өтуде. AYALA қорының көмегі Түркістанға да жеткеніне қатты қуанып отырмыз».

Ержан Қоштайұлы Әліби
Алматы қ. БҚКЖА бас дәрігері

«Біздің аурухана Алматы қаласының ғана емес, сондай-ақ таяу орналасқан елді мекендердің әртүрлі жұқпалы аурулармен ауырған балаларына көмек көрсетеді. AYALA қайырымдылық қорымен көп жылдар бойы ынтымақтастық жасап келеміз, және ол қайырымдылық көмегін барынша тиімді етуге тырысып жатқанын көріп отырмыз. Қордың жобаларына қатысатын барлық демеушілерге үлкен алғысымызды білдіреміз».

Сергей Николаевич Хохуля
Алматы қ. БҚКЖА реанимация бөлімшесінің меңгерушісі

«AYALA қорының аурухана іске асырылған «Өмір сыйлайық» жобасы медицина қызметкерлеріне балалар өлімі көрсеткішін 4 есеге азайтуына көмектесті. Кез келген ауруханада реанимация және қарқынды терапия бөлімінің маңызы зор, өйткені нақ осы бөлімдерде денсаулық жайы өте ауыр емделушілер жиналады. Дәрігерлер мен мейірбикелердің кәсіби шеберлігіне баланың өмірі байланысты болады, ал AYALA реанимация бөліміне берген медициналық аппаратура емделушілердің өмір сүру мүмкіндігін біршама көтереді».

Айнұр Әлімбекова
Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының (ААБКА) неонатология бөлімінің меңгерушісі

«Бөлімде енді төрт реанимация үстелі бар. Біздің бөлім 20 төсекке есептелген. AYALA қайырымдылық қоры бізге тағы екі үстел сыйлады, өзімізде екеуі болған, бірақ біреуі істен шыққан. Енді қайтадан төртеу болды, жаңасы Жаңа жылдан кейін орнатылды, біз оны пайдаланып та жүрміз. Біздің реанимация үстелдеріміз ешқашан босамайды десе болады. Ауруханадағы бала туғандар саны 271 болды, 2017 жылы барлық жаңа туған сәбилер – 467. Бір жыл бұрын бала туған балардың көрсеткіші мұндай деңгейде болмаған еді».

Жанна Дильманова
Батыс Қазақстан облысының Облыстық перинаталдық орталығының директоры

Батыс Қазақстан облысының барлық болашақ аналары мен әкелері үшін мұндай заманауи медициналық жабдықтың пайда болуы, әрине, тамаша жаңалық. Балалар өлімі мен мүгедектікті азайту мәселесі біздің облыс үшін өте өзекті. Бұл жабдық біздің дәрігерлерге жаңа туған нәрестелерді құтқаруда, емдеуде және сауықтыруда өте жақсы көмек болатынына сенімдімін. «Samruk-Kazyna Trust» және «AYALA» қорларына гипотермия аппараты мен амплитудалық электрэнцефалография мониторы үшін алғыс айтамыз.

Дәулет Сатов
Шымкент қаласының Қалалық перинаталдық орталығы директорының міндетін атқарушы

Көмек туралы өтінішімізге «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен AYALA қайырымдылық қорының жауап бергеніне шексіз қуаныштымыз. Жақында орнатылған жабдықтардың арқасында біз ауыр асфиксиямен туған баланың өмірін сақтап қалдық. Бұл осы жабдыққа деген жоғары сұраныстың ең жақсы дәлелі. Шымкент қаласының болашақ аналары осы құнды сыйлық үшін демеушінің атына айтылатын алғысымызға қосылатынына сенімдімін.

Жайық Жұмаханов
Ана мен бала орталығының директоры, Өскемен

Балалар өлімін азайту мәселесі Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысы үшін өзекті. Медициналық жабдықтар біздің дәрігерлерге жаңа туған нәрестелердің жанын сақтауға, емдеуге және сауықтыруға көмектеседі. «Samruk-Kazyna Trust» және «AYALA» қорларына гипотермия аппараты мен амплитудалы электрэнцефалография мониторы үшін алғысымызды білдіреміз!

Жапырақ Епенова
Облыстық перинаталдық орталықтың директоры, Ақтау

Балалар өлімін төмендету мәселесі Маңғыстау облысы үшін әлі де өзекті болып отыр. Медициналық жабдық бізге дәрігерлерімізге жаңа туған нәрестелерді құтқаруға, емдеуге және сауықтыруға көмектесетін болады. «Samruk-Kazyna Trust» және «Ayala» қорларына гипотермия аппараты мен электроэнцефалография мониторы үшін алғысымызды білдіреміз!

Қанат Жұмашев
Жетiсу облысы Перинаталдық орталығының директоры

Біз «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен AYALA ҚҚ-на реанимацияны жаңа жабдықтармен жарақтандырғаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Күн сайын біз орталықтың қабырғасындағы барлық ана аман-есен босанып, ал балалар дені сау болып тууы үшін жұмыс істейміз. Бірнеше жыл бойы гипотермия аппараты мен ЭЭГ мониторингіне қол жеткізе алмадық. Біздің дәрігерлер бұл құрылғымен қалай жұмыс істеу керектігін біледі. Жыл сайын біз осындай 250-ге жуық балаға қолда бар құралдармен күтім жасаймыз. Енді біздің мамандарға заманауи медициналық аппараттар көмектесетін болады. Бұл біздің облысымыздағы сәбилер өлім-жітімі көрсеткіштерін және туылғаннан асфиксиясы бар балалардың мүгедектік қаупін төмендететініне сенімдімін!

Қайрат Қыдырәліұлы Жетібаев
Жамбыл облыстық көпбейінді аурухананың бас дәрігері

Біз AYALA Қайырымдылық қорына өз проблемамызбен жүгіндік және ауруханамызға уақытылы және осындай қажетті көмек көрсеткені үшін Halyk Bank-ке ризашылығымызды білдіреміз. Бізде гипотермияның аппараттық кешенін сатып алу үшін бюджеттік мүмкіндіктер болған жоқ. Жыл сайын Перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімінде дәрігерлер асфиксиямен туған 30-ға жуық нәрестеге күтім жасайды. Бұл ретте механикалық гипотермия қолданылды - қолмен ондаған сағат бойы әрбір сәби салқын су құйылған пакеттермен салқындатылды. Бізде баланың бас миының жұмыс көрсеткіштерін үнемі бақылап отыру және терапияны жедел түзету үшін қажетті амплитудалқ электрэнцефалография аппараты де болған жоқ. Осының бәрі біздің реанимациялық әрекеттеріміздің мүмкіндіктерін айтарлықтай қиындатты. Қазіргі заманғы гипотермия аппараттық кешенінің арқасында біздің өңірде тірі қалу және ең бастысы, жаңа туған нәрестелердің функционалдық денсаулығының көрсеткіштері айтарлықтай артады. Біз балалар өміріне көбірек араша бола аламыз - бұл біздің күрделі жұмысымызда аурухананың барлық дәрігерлеріне шабыт береді!

Жапырақ Епенова
Облыстық перинаталдық орталықтың директоры, Ақтау

Біздің облыста балалар өлімі мәселесі әлі де өзекті. Сондықтан біз балалар реанимациясын алдыңғы қатарлы медициналық жабдықтармен жабдықтау үшін көмек алғанымызға әрқашан қуанамыз. AYALA қорына біздің орталыққа 4 заманауи реанимациялық техника түріндегі сыйлығы үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл аппараттарды біздің дәрігерлер жаңа туған нәрестелерді құтқару, сауықтыру және емдеу кезінде пайдаланатын болады. ЭксонМобил компаниясына жаңа туған нәрестелердің реанимация және қарқынды терапиясы бөлімшесіне қолдау көрсеткені үшін, балалардың денсаулығын қолдағаны үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз!

Арман Есетұлы Баймағамбетов
Қостанай Облыстық ауруханасының бас дәрігері

Біздің перинаталдық орталығымыз жыл сайын облыстың түкпір-түкпірінен келген 6000-ға жуық жүкті әйелдерді босандырады. Барлық жаңа туған нәрестелерді біз көптен күткен сәбидей қарсы аламыз, оларға және олардың аналарына қажетті медициналық көмекті көрсетуге дайынбыз. Әрине, әсіресе дене салмағы өте төмен нәрестелерді емдеуге көп көңіл бөлеміз. Біздің реанимация 10 орынға есептелген, жылына ол арқылы 600-ге жуық бала өтеді. Қарқынды терапияға арналған инкубаторлар - біздің дәрігерлердің шала туған балаларды құтқарудағы бас көмекшісі. Неонатальды пульсоксиметрлер жаңа туған нәрестелердің орталық жүйке жүйесінің сақталуы тікелей байланысты болатын қанның оттегімен қанығу деңгейін дәл және тез анықтауға мүмкіндік береді. Біз заманауи сенімді құрал-жабдықтар жиынтығын алғанымызға қуаныштымыз және AYALA қоры мен BAYER компаниясына алғысымызды білдіреміз!

Барлық шолуларды көрсету
КӨМЕКТЕСКІМ КЕЛЕДІ

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс