KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

Біз балаларға көмектесеміз

Еркебұлан Жақсылықов
Алматы қаласындағы РФММ 11-ші сынып оқушысы

«Осы екі жыл ішінде біз көптеген педагогикалық дағдыларға ие болдық, soft skills «жылдам» тәжірибе жинақтадық, жоспарлауда жауапкершілік артты. Біз сабақ берген балалардың өзімізден жақсы болып, өз өмірінде үлкен жетістіктерге жеткенін қалаймыз».

Әнел Қоғабай
Алматы қаласындағы РФММ 11-ші сынып оқушысы

«Алдымен мен интернаттағы оқушыларға арналған репетиторлыққа тек өз білімімді бекітуге мүмкіндік ретінде қарадым. Бірақ кейін мен азамат ретінде және біздің қоғамның бір бөлігі ретінде өзгелерге көмектесуім керектігін түсіндім. Біздің еліміздің дамуы үшін ақылды жастар болуы керек қой. Мен бірінші рет сабақ бердім. Олармен бір арнада орнығу қиын болды, түсіндіру қиын болды, бірақ нәтиже жаман емес. Менің оқушыларым жақсы оқи бастағанын, тестілерін жақсы тапсыратынын жазады. Әрине, мұндай нәтиже қуантады және шабыттандырады».

Бөгенбай Исмаилов
Алматы қаласындағы РФММ 11-ші сынып оқушысы

«2020 жылдан бастап мен және менің сыныптастарым мектеп-интернаттардағы балаларға математика, физика және химия пәндері бойынша түсінбеген тақырыптарды меңгеруге көмектесіп келеміз. Мен үшін бұл жай ғана еріктілік емес. Маған балалармен жұмыс істеу ұнайды, оларға күрделі формулаларды түсінуге және математикалық есептерді шешуге көмектесу ұнайды. Егер көмектесу үшін мүмкіндік пен уақыт болса, оны пайдалану керек! Жалпы білім беретін мектепте оқушылар тек базалық білім алады, ал біз олармен тереңдетілген материалдармен бөлісе аламыз. Олар үшін бұл үлкен артықшылық».

Ерсұлтан Әлімжанұлы
Алматы қаласындағы № 17 мектеп-интернатының 7-ші сынып оқушысы

«Мен дәрігер болуды армандаймын. Бұл мамандықты игеру үшін физиканы жақсы білу керек. Мен қазір бұл пәнді тереңдетіп үйренуді ұйғардым. Бірнеше айдан кейін менің білімім көбейді деп айта аламын. Менің үлгерімім физикадан ғана емес, математика мен химиядан да жақсарды. Бұл үшін AYALA қорына және РФММ-нен келген біздің репетиторларымызға рақмет».

Әнуар Әбілов
Алматы қаласындағы № 15 мектеп-интернатының түлегі, барбер-шебер

«Мектеп-интернатта біз сабаққа барып, онда ерлердің шашын стильді қырқу, сондай-ақ классика мен фэйд дағдыларын пысықтадық. Оларды AYALA қоры ұйымдастырды. Бізге үйрету үшін олар «Эллада» салонындағы өте мықты шеберлерді шақырды. Олар қайшыны, тарақты, машинканы қалай ұстау керектігін көрсетіп берді. Біз оны үйренген кезде біздің мектеп оқушыларының шашын қырқып бастадық. Маған бұл мамандық үлкен шабыт береді, қырқуды жалғастырып, болашақта барбер болғым келді. Сондықтан ҰБТ тапсырғаннан кейін мен «BRIL» барбер-салонының иесі Алмаз Чагаевқа жаздым. Ол шеберлік сабағынан өтуді ұсынды, мен келісе кеттім. Бір апта жүріп, осы салондағы шеберлердің қалай қырқып жатқанын көрдім. Сосын маған өзім білетінімді көрсетуді ұсынды. Біз барбер-қырқуға, қыруға деген негізгі тәсілдерді, олардың қандай негізгі формаларын бірге пысықтадық. Сосын мен осы салонда жұмысқа кірістім. Барбер болуға мүмкіндік бергені үшін AYALA қорына алғыс айтамын».

Никита Масальцов
CodingLab студенті

«Мен CodingLab туралы Интернет арқылы білдім. Осы бағдарламалау мектебінде 2 жыл оқып, өткен жылы 3-ші орын иелендім. Қазір біз Android үшін мобильді қосымшаларды әзірлеп жатырмыз. Маған код жазу өте ұнайды. Мұнда мен таза кодты, алгоритмдерді, түрлі жаңа функцияларды қалай жазу керектігін білдім. Samsung-қа және AYALA қорына осы мүмкіндік үшін алғыс айтамын».

Балсұлтан Елікбай
№17 мектеп-интернат оқушысы

«Бізге «Арыстан» лицейінің оқушылары қалай өмір сүріп жатқанын көрсетті. Мұнда тәртіптің қатал екені маған қатты ұнады, бірақ сонымен бірге бұл жерде жақсы білім беретіні көрініп тұр. Мұнда өмір сүруге өте жақсы жағдай жасалғанын байқадым. Мен бұл лицейге оқуға түсуге міндетті түрде тырысамын».

Бексұлтан Талдыбаев
№1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушісі, Алматы қ., джиу-джитсудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы

«Мен күреспен шұғылданамын және үлкен теннис ойнауды үйреніп жүрмін. Болашақта үлкен теннистен ел және әлем чемпионаттарына қатысқым келеді. Біздің жаттықтырушымыз Сергей Биркиннің жетекшілігімен жаттығуға мүмкіндік бергені үшін «АЯЛА» қорына рахмет айтамын. Біздің жаттығуларымыз өзіме қатты ұнайды!»

Гүлзар Баутдинова
Мансұр Баутдиновтің анасы

«Біз 2016 жылғы 13 мамырда өмірге келдік. Медицина қызметкерлеріне және ұлымның аман қалуына көмектескен барлық адамдарға үлкен алғыс білдіремін. Бізге көрсетілген ықылас пен жасалған қамқорлық ұлымның өсуіне және үлкен жігіт болуына көмектесті! «АЯЛА» қорына жеке алғысымды айтамын. Бұл жабдықпен біздің балаларымызға жақсы күтім жасалады және олар анасының құрсағында жүргендей сезінеді. Перинаталдық орталыққа жасалған осы сыйлық үшін үлкен рахмет!».

Әкімқожа Мырзалиев
№15 мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі

«АЯЛА» қорының барберлер курсы туралы интернаттағы мұғалімнен біліп, оған қатысқым келді. Қазір міне, осы барбер-салонның шеберлерінен сабақ алып, оқып жатырмын. Болашақта менеджмент пен бизнес туралы көбірек біліп, жеке меншік барбершоп ашқым келеді».

Думан Тілениязов
№15 мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі

«Менің ойымша, барберлер курсында ең бастысы – қорықпау керек, өйткені кез келген кәсіп жолы қателіктен басталады. Бірақ қателеріміз үйренуімізге және тәжірибе алуымызға көмектеседі. Интернатта жүріп барбер кәсібін үйренуімізге мүмкіндік берген «АЯЛА» қорына үлкен рахмет айтамын».

Никита Носуленко
№1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушісі, Алматы қаласы

«YouTube үшін видеоны қалай жасау керектігін түсінуге тырысып, мұны жасауды үйрететін видео көрдім. Біз үшін «АЯЛА» қоры ұйымдастырған курстар және вайндар конкурсының өзі жақсы көмектесті. Болашақта ТВ-да жүргізуші болып, Инстаграм мен YouTube үшін тамаша видеолар жасағым келеді. Осы мүмкіндік үшін қорға рахмет!»

Амангелді Ұлақниет
«Арыстан» лицейінің курсанты

«Өзім бұрын оқыған № 15 мектеп-интернаттың басқа тәрбиеленушілерімен бірге «Арыстан» лицейіне экскурсиядан кейін әскери кәсіп туралы ойланып қалдым. Қабылдау емтихандарына дайындалуымызға репетиторлар жәрдем берді, олардың ақысын «АЯЛА» қайырымдылық қоры төледі. «Арыстанға» оқуға түскеннен кейін тіл кедергісі мені қатты қобалжытты, бірақ лицейдің мұғалімдері маған жақсы көмектесті. Таңертең сағат 6.40-та тұрамыз, күнделікті жаттығуларды жасаймыз және күніне 8 сабаққа дейін өтеміз, оған қоса қызығушылық бойынша үйірмелер бар. Содан кейін ғана ұйықтаймыз. Мұнда бізді тәртіп пен реттілікке үйретуде. Біз «Арыстанда» тегін оқып жатырмыз, бірақ іріктеу және үлгерім талабы өте қатты. Осы лицейде оқып жатқаныма өте қуанып жүрмін. Осы мүмкіндік үшін «АЯЛА» қорына рахмет!»

Максим Шпиталь
CodingLab – Samsung тегін бағдарламалау мектебінің ШҚО Новая Шульба селосындағы түлегі

«CodingLab мобилді қолданбалар әзірлеушілер курсы жөнінде мен өзімнің информатика пәнінің мұғалімінен білдім. Ол бұл бағдарламалау мектебінде онлайн оқуға болатыны туралы айтқан еді. Көп ойланбастан келістім. Өз күшімді сынап көру қызықты болды, оның үстіне ешқайда барудың керегі жоқ, - дейді Максим. CodingLab-та оқу кезіндегі ең күрделісі – бастамасын түсіну, өйткені онсыз әрі қарай жалғастырудың мәні жоқ. Қиындықтарға қарамастан, мен оқуды аяқтауды өзіме мақсат етіп қойдым. CodignLab-та мен күрделі тапсырмаларды шешуді үйрендім. Бұл, меніңше, өмірдегі ең басты нәрсе. Болашақта бағдарламашы болып, музыка үшін жаңа бір нәрсе жасағым келеді. Музыкаға әуеспін, оны технология саласында ілгерілеткім келеді. Сондықтан университетке «Қолданбалы математика және информатика» мамандығы бойынша оқуға түстім. Мен ауылда тұрамын, сондықтан онлайн оқудан өттім. AYALA қорының үйлестіруі жақсы көмектесті – барлық сабақтар, алшақ орналасуымызға қарамастан, уақтылы өтті. Тіпті кестеде қандай да бір өзгеріс бола қалса, мен оны бірден біліп отырдым, сондақтан бір де бір сабақты жібермедім».

Рыспек Салтанат
Әдемінiң анасы

Кызының дүниеге келген сәтін көзіне жас алмай еске ала алмайды. Әдемі ауыр гипоксия - оттегі жетіспеушілігімен дүниеге келді. Бала ұрық маңындағы суды жұтып, өз бетінше дем ала алмады. Ол қозғалыссыз жатты, көзін ашпады. Келесі күні Әдеміні ұшақпен Қарағандыға алып кетті. Ол реанимация бөлімінде гипотермия аппаратына қосылды. Бір аптадан кейін Қарағандыға өзім келдім, бұрын мені Балқаш перзентханасында дәрігерлер жібермейтін. Бір апта өткен соң менің Әдемім ширап, өз бетінше дем ала алатын жағдайға жетті. Қазір оның жағдайы жақсы, ол үйде. Бізге көмектескендердің барлығына үлкен рахмет!

Жантөре Жансауле
Әміренің анасы

Ұлым өкпенің жасанды желдеткішіне қосылған гипотермия аппаратында жатты. Реанимация бөлімінде маған Әмірге күтім жасауға рұқсат берілді. Мен оның жөргектерін ауыстырып, оған сағаттап қарадым, кішкентай нәрестемнің аппаратта жатқанын көрдім. Менде қорқыныш та болды, мұндай құрылғыларды бұрын тек кинодан көргенмін. Бірде реанимация бөліміне кірсем, аппарат өшірулі екен. Мен медбикеге жүгіріп барып, оған «Сіз менің ұлымды ұмытып кеттіңіз!» деп жылаймын. Ал маған оның жағдайы жақсы деп жауап береді! Мен дәрігерлерге, медбикелерге және балаларымызды құтқару үшін құрал-жабдықтарды сатып алып, тапсырғандарға алғысымды білдіремін!

Гуляра Қылышжанова
Айым анасы

Маған бала туғанда тұншығып қана қоймай, ұрық маңындағы суларды да жұтқаны айтылды. Қызым соншалықты кішкентай әрі дәрменсіз, менің алғашқы босануым, не істеу керектігі туралы ештеңе білмедім. Дәрігерлер мені бірінші минуттан бастап қамқорлығына алды. Олар менің қызымды гипотермия аппаратына бірден қосып қойды. Маңғыстау Облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері жақында заманауи аппарат келіп түскенін және ол менің қызымның денсаулығы мен жалпы өміріне көмек көрсете алатынын айтты. Мен қазір де осы аппаратты Ақтауға әкелуге көмектескендерге алғысымды білдіремін. Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен AYALA қайырымдылық қорына - көп рахмет! Онсыз не боларын елестету қорқынышты. Әрине, дәрігерлерге, медбикелерге және жанымда болғандардың барлығына алғыс айтамын. Қазір Айым алты ай толы - жағдайы жақсы: ол тамақтанады, ойнайды, өсіп және дамып келеді!

Жазира Қылышаева
ана

Дәрігерлерге, «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен AYALA қайырымдылық қорына көп рахмет. Гипотермия аппараттың арқасында менің кішкентай балам аман қалды, әл жинап келеді, қазір оның жағдайы жақсы!

Айзада Қайырбаева
ана

Менің ұлымның тірі қалуына аппарат әсер етті! Қазір біз үнемі невропатологқа қаралып жүрміз. Бастың көлемін қадағалаймыз, әрбір сантиметр біз үшін өте маңызды. Мен осындай қажетті аппаратты сатып алуға көмектескен мейірімді адамдардың арқасында ұлымды құшақтап, сүйіп жүрмін. Ол бізге өте жақсы көмектескеніне сенімдімін! «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен AYALA қайырымдылық қорына және перзентхананың барлық персоналына үлкен рахмет!

Барлық шолуларды көрсету
КӨМЕКТЕСКІМ КЕЛЕДІ

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс