Балалар денсаулығы — біздің қор жұмысының басым бағыты. Біз Қазақстаннан тыс жерде емес, Қазақстанның өзінде балалардың өмірін құтқару үшін күш-жігерімізді жұмсаймыз. Ол үшін біздің қор ірі демеушілерден және жеке қайырмалдықтар арқылы қаражат жинауды ұйымдастырады және балалар ауруханалары, перзентханалар мен перинаталдық орталықтар үшін заманауи медициналық жабдықтар сатып аламыз. Сондай-ақ жиналған қаржыға біз дәрігерлерді олардың біліктілігін арттыру үшін оқытамыз.
«AYALA» қоры бірінші кезекте балалар реанимацияларына көмектеседі. Біз ауруханалардың реанимация құрылғыларына деген қажеттіліктеріне өз бетімізше кәсіби сараптама жүргіземіз. Қордың медициналық жобаларының жетекшісі және бұрын анестезиолог дәрігер осындай бөлімшелерге өзі барып, медициналық мекемелердің нақты қажеттіліктерін бағалайды. Бұл бізге өмірді құтқару үшін шын мәнінде қажетті жабдықтарды сатып алып, балалар реанимациясына орнатуға мүмкіндік береді. Біз тек мемлекеттік медициналық мекемелердің сұранысы бойынша ғана жұмыс істейміз. Бұл нақты атаулы көмекке кепілдік береді. Жабдықты сатып аламыз және оның жеткізілуін, орнатылуын және қосылуын толық бақылаймыз. Реанимациялық құрал-жабдықтардың берілуін жарықтандыру үшін біз БАҚ-ын тартамыз.
Демеушілерге әрбір жоба бойынша егжей-тегжейлі қаржылық есеп беріледі. Осының бәрі біздің іс-әрекетіміздің жариялылығы мен ашықтығына кепілдік береді. «Тыныс ал, балақай», «Өмір сыйлайық», «Мен де өмір сүргім келеді» сынды жобалардың арқасында қор қызметінің бүкіл кезеңінде он мыңдаған балалар өмірі құтқарылды.