KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

ӨМІР СЫЙЛАЙЫҚ

«ӨМІР СЫЙЛАЙЫҚ» — БҰЛ КІШКЕНТАЙ ПАЦИЕНТТЕРГЕ ӨМІР СҮРУГЕ ТАҒЫ БІР МҮМКІНДІК!

«Өмір сыйлайық» — «АЯЛА» қорының Қазақстан ауруханаларының балалар бөлімшелерінің реанимацияларын өмірлік маңызды жабдықтармен жабдықтау жөніндегі республикалық жобасы осылай аталады. Ол 2007 жылы басталып, 14 жыл ішінде 36 қала мен елді мекенді және 67 медициналық мекемені қамтыды.

Жиналған қаражаттың арқасында Қазақстанда он мыңдаған баланың өмірі құтқарылып, жүздеген қазақстандық дәрігерлер біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Осы жобаны іске асырудың барлық уақытында бейжай қалмайтын қазақстандықтар мен ірі демеушілер аударған 809 млн теңгеге қор ауруханаларға:

  • 116-нан астам фототерапия аппараттары
  • 13 өкпені жасанды желдету аппараттары
  • Жаңа туған нәрестелерге арналған 9 инкубатор
  • 24 реанимациялық үстел
  • 140 инфузиялық және шприцтік мөлшерлегіштер
  • 9 nCPAP (СИПАП) аппаратты
  • 43 медициналық сорғыш
  • 26 кереует жанындағы монитор
  • 2 наркоз аппараты
  •  дефибриллятор
  • 9 ЭЭГ аппараты
  • 7 гипотермия аппараты
  • жаңа туған нәрестелердің өмірін құтқару үшін маңызды жүздеген медициналық құрылғылар.

Жоба жалғасуда, себебі қор балалар ауруханалары мен перзентханалардың балалар реанимациясы бөлімшелерінен құрал-жабдықтарды сатып алуға көмек сұрап көптеген хаттар алады.

КӨМЕКТЕСКІМ КЕЛЕДІ

Ай сайынғы жазылуды ресімдеңіз және Қамқорлық күшінің бір бөлігі болыңыз!

Айына 1000 теңге болса да, қолдауға мұқтаж балалардың өмірін сақтап қалуға, әр күнін жақсартуға көмектеседі.

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс