KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

TOMATIS-терапия ерекше балаларға есту, түсіну, сөйлеуге көмектеседі

15.09.2020

TOMATIS-терапия әдісі астаналық № 1 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне келетін айрықша балаларының жақсы естуіне, түсінуіне және сөйлеуін көмектесті. №1 ППТК-не TOMATIS Talks Up аппаратын алып беріп және осы кабинеттің түзетуші педагогын Мәскеуде оқыту арқылы қолдау көрсетуді «АЯЛА» қайырымдылық қоры «КАТКО» және «Қамқор Менеджмент» компанияларының 2019 жылы Астана Марафонына корпоративтік қатысуынан түскен қаражат есебінен жүзеге асырды.

TOMATIS әдісі бойынша 25 минут ішінде бала арнайы құлаққап киіп, өзіне қызықты қызмет түрлерімен айналысады: арт-терапия, құм терапиясы элементтері, әртүрлі ойын практикалары қолданылады.

Бұл әдіс бойынша бір бағдарлама курсы 14 күнді құрайды. Сабақ кезінде маман баланы қадағалайды және өзгерістерін белгілеп отырады. Бұл ретте балалар екінші сабақтан бастап әрекет реттілігін сақтай отырып кабинетке қуанып кіреді (кіреді, амандасады, құлаққап киеді және үстел басына отырады). Сабақтың аяқталуы хабарланған кезде бала құлаққабын шештіру үшін педагогқа келеді және қоштасып, кабинеттен шығады. Кейбір балалар музыка қосылған сабақта тіпті билей бастайды.

Жақсы өзгерістерді ата-аналары да айтуда: балалар алғашқы дыбыстар мен сөздерді айта бастады, ынталылық жоғарылады, зейін қою жақсарды, нұсқаулықты түсіне бастады.

Эмоциялық-қатысымдық дамуы тежелген және сөйлемейтін Әлиардың үшінші сабақтан кейін-ақ  көзбен түйісуі жақсарды, неғұрлым тілалғыш болып, қарапайым нұсқаулықтарды түсінуі және орындауы жақсарды, ересектермен қарым-қатынас орната бастады, эмоциялық ықыластылық байқала, ол алғашқы дыбыстарды айта алатын болды. Психикалық дамуы тежелген және жалпы сөйлеу қабілеті 2-ші деңгейде жетілмеген Роман алтыншы сабақтан жаңа сөздер айта бастады, ол өз ойын неғұрлым анық айтып, сөйлем құрастырып, өзі туралы әңгілемей алатын болды. Әлтайыр мүлдем сөлемейтін, 14 сабақтан кейін педагогпен қарым-қатынасы жақсарды, ол сөйлей бастады – алдымен сыбырлап, ал содан кейін біртіндеп дауысын шығарып айта бастады. Семенның сөйлеу және мінез-құлық проблемалары болған, TOMATIS әдісі бойынша айналысудың арқасында мінез-құлқында жақсы динамика байқала бастады, ол орнықты бала болды, ал үйде өз ойын толық сөйлемдермен айта бастады.

«Біздің балаларымыз және олардың дамуында болған жағымды өзгерістер бұл әдістің тиімділігін растап отыр. Сондықтан мен «АЯЛА» қайырымдылық қорына, «KATKO» және «Қамқор Менеджмент» компанияларына осы тамаша жабдық үшін алғысымды білдіргім келеді. Бұл айрықша білім беруге мұқтаж балалардың бұзылуын түзету үшін маңызды және қажетті құрал», — дейді Бақыт Бекболатқызы.  

TOMATIS-терапия әдісі арқылы №1 ППТК-де 14 бала өтті, тағы 8 балаға осы терапиядан өту диагнозы қойылды. Ал барлығы бұл кабинеттен дамуы әртүрлі бұзылған және айрықша білім беруге мұқтаж 850 бала жыл сайын оңалтудан өтеді.

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс