KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

РФММ студенттері қордан алғыс хат алды

08.10.2020

РФММ-нің 25 ерікті студенті мектеп басшылығы мен «АЯЛА» қорының президенті Айдан Сүлейменовадан алғыс сертификаттарын алды!

2020 жылдың қаңтар айынан бастап олар Алматыдағы № 10,15 және 17 мектеп-интернаттарының 30 жоғары сынып оқушыларымен шұғылданды. Олар математика және физика пәндерінен репетитор болып, 9-11 сынып оқушыларын жоғары оқу орындарына және «АРЫСТАН» мамандандырылған әскери лицейіне түсуге даярлады. Сәуір айынан бастап бұл дайындық «АЯЛА» қоры ұсынған планшеттер арқылы қашықтықтан жүргізілді.

Еріктілермен сабақтар аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың кәсіптік орта және жоғары білім алу жоспарларын қолдады.

РФММ басшылығы бұл бастаманы толығымен «ЖАҚТАДЫ»: «Мұндай қызмет қоғам үшін де, студенттердің өздері үшін де пайдалы. Бұл олардың эмоциялық интеллектін және soft skills-ін дамытады», — деп есептейді «Аяулы балапан» қайырымдылық үйірмесінің жетекшісі және бұл жобаның идеялық дем берушісі Айгүл Дүйсетайқызы Сетербаева.

Егер олардың біреуі сабақ өткізе алмаса, ерікті студенттер бір-бірін алмастырды. Бұл ретте олар әрқашан РФММ-гі өз оқу жүктемелерін толық көлемде орындаған. Айгүл Дүйсетайқызының пікірінше, еріктінің үлгерімін жоғары бағалаудың артында оның қажырлы еңбегі мен оқытушының шеберлігі тұр. Сонымен қатар, қайталау оларға өткен материалды бекітуге көмектесті. Сондай-ақ қамқорлыққа алынған оқушылар үшін жауапкершілік сияқты маңызды дағдыны қалыптастырды.

«Коммуникативтік дағдыларды дамыту, түсіндірілетін тақырыпқа толық бойлау, қоғамдағы өзара көмек сезімі, өзіңнің қазіргі кездегі жағдайыңда көмектесуге және пайдалы болуға ниетің, әлеуметтік жауапкершілікке деген қажеттілік — осындай маңызды құндылықтарды біздің студенттер осы жобадан алады», — деп атап өтті Айгүл Дүйсетайқызы.

Биыл № 10 мектеп-интернаттың 12 жоғары сынып оқушыларының ішінен Инсат Мұхтаров, № 17 мектеп-интернаттан Нұрмұхамед Жамбылұлы «АРЫСТАНА» лицейшісі атанды.

«Онлайн режимде оқуға деген көңіл-күйімізді қолдаған РФММ басшылығына үлкен рахмет айтқым келеді. Студенттерге үлкен рахмет, және әрине, бұл жобаның іске асуына үлкен еңбек сіңірген Айгүл Дүйсетаевнаға алғысымды білдіремін», — деп атап өтті «АЯЛА»қорының президенті Айдан Сүлейменова.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс