Алматыдағы екі перинаталдық орталық біздің қордан 6 фототерапия шамын алды – бұлар Қалалық перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы және Қалалық перинаталдық орталық.
Біз бұл медициналық жабдықты «Өмір сыйлайық» жобасының шеңберінде 2019 жылы жиналған қаражатқа сатып алдық. Бұл шараға қаражат жинау GAZ Energy АМБ желісінде жүргізілді, мыңдаған қазақстандықтар Касса24 терминалдарында ақша аударды. Сонымен қатар біз фототерапия шамдарын сатып алуға науқан бойынша «KOMPRA» ЖШС-нен және жақсы істі жасырын істеуді қалаған тағы бір компаниядан аударылған қаражатты жұмсадық. Барлығы 7,6 млн теңге болып шықты.
Фототерапия шамы жаңа туған сәбидердің сарғаюын емдеуге, денсаулығы мен ақыл-парасатын сақтауға көмектеседі. Сәбидердің сарғаюы – бұл орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануына алып келетін улы билирубин деңгейінің ұлғаюы. Бұл әсіресе шала туған, анемиясы және құрсақішілік жұқпасы бар балалар арасында жиі кездеседі.
Қандағы улы билирубиннің аса жоғары деңгейі дамудың тежелуі, аденоидтық церебрал сал ауруы, жартылай немесе толық сал ауруы, толық жоғалтуға дейінгі есту қабілетінің проблемалары секілді баланың бас миының қайтымсыз зақымдалуының себебі болуы мүмкін.
Фототерапия шамының шекті қызмет мерзімі 1000 сағаттан 2000 сағатқа дейін болады. Содан кейін ол ауыстырылуы тиіс. Сондықтан мұндай шамдарға сұраныс әрқашан өте жоғары.
Мыңдаған сәбилердің ақыл-парасаты мен денсаулығын сақтап қалуға жәрдем берген мыңдаған қазақстандықтарға алғыс айтамыз!