KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

Жетім балаларға арналған дамыту ойындары карантинді жеңілдетеді

13.04.2020

Біз барлығымыз қазір карантин жағдайында тұрмыз. Отбасыларымен тұратын балаларға бұл кезең ең бастысы — әке-шешелері тәулік бойы қамқорлық жасайды және көңіл бөледі.

Қордың кезекті бейне-жиналысында біз өз отбасыларынан бөлек тұратын балалар үшін өзін-өзі оқшаулау кезеңін неғұрлым жарқын және қызықты ету керек деп ойладық. Тек ойлап қана қоймадық — жасадық!

Нұр-Сұлтанның үш әлеуметтік білім беру мекемесіндегі балалар 80-ге жуық түрлі дамыту және оқыту үстел ойындарын, шығармашылыққа арналған жиынтықтар мен спорттық құрал-саймандар алды. Әрине, сақтық пен санитарлық өңдеудің барлық шаралары сақталды.

Біз «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына» шахмат, «Мафия» және «5 секундта жауап бер» ойындарын, магниттік конструктор, ұлдар мен қыздарға арналған «лего» конструкторларын, сандар, формалар мен хаттар бойынша оқыту ойындарын тапсырдық. Сондай-ақ әшекейлер жасауға және пайеткамен кестелеуге арналған жиынтықтар, бояу, нөмірлер бойынша сурет салуға арналған картиналар және қазақ және орыс тілдеріндегі әріптер бердік.

«SOS Қазақстан балалар деревнялары» балалар үйінің және № 1 арнайы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері де осындай ойындар мен шығармашылық топтамаларға ие болды.

№ 1 арнайы мектеп-интернатта айрықша қажеттілігі бар 10 жетім бала тұрақты тұрады. Елестететіп көріңізші – орасан зор заманауи мектеп, ал онда 300 баланың 10-ы ғана бар. Қалғандары карантин кезінде үйлеріне кетті.

Әрине, бұл он балаға көңіл бөліп, қамқорлық жасау қажет. Сондықтан да олар біздің сыйлықтарымызға олар қатты қуанды!

Біздің қор берген барлық сыйлықтардың жалпы құны 198 980 теңгені құрады. Ал олар Касса24 терминалдары арқылы қайырымдылық жиындарына сатып алынды.

Карантин кезінде жетім балаларға мереке жасауға көмектескен барша қазақстандықтарға үлкен рахмет!

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс