KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

Ақтөбе ауруханасына балалардың өмірін сақтап қалуға көмектесеміз

05.08.2020

«АЯЛА» қайырымдылық қоры Ақтөбе ауруханасында балалардың өмірін құтқаруға көмек көрсетуде

Бiз «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК балалар стационарының реанимациясына дене салмағы өте аз болып туған сәбилердің қарқынды терапиясына арналған инкубатор және сарғайып туған нәрестелерге фототерапия шамын жеткізді.

Ақтөбеге берілген жабдықтың жалпы құны 7,2 млн теңгені құрады. Бұл сома 2019 жылы «Өмір сыйлайық» жобасының шеңберіндегі шаралар және GAZ Energy желісінің бокстары, қазақстандықтардың Касса24 терминалдарымен аударымдар арқылы, «KOMPRA» ЖШС-мен бірге жасалған шаралар, сондай-ақ жеке тұлғалардың қайырмалдықтары арқылы жиналды.

Жыл сайын «Ақтөбе медициналық орталығының» (бұрынғы Облыстық балалар клиникалық ауруханасы)балалар стационары арқылы 80 мың бала өтеді, оның ішінде 12 мыңы ауруханаға жатқызылады. Бұл медициналық мекеменің басшылығы балалар реанимациясы үшін медициналық жабдықтар сатып алуға көмек сұрап, «АЯЛА» қорына жүгінді.

Дене салмағы өте аз болып туған сәбилерге арналған ИДН-03-«УОМЗ» инкубаторы шала туған балалардың өміршеңдік және денсаулық мүмкіндігін арттырады. Ол ауаның температурасы мен ылғалдылығы, оттегі шоғырланымы, баланың дене температурасы мен салмағының параметрлерін микропроцессорлық басқарумен жарақтандырылған.

ОФН-2-УОМЗ  фототерапевттік неонаталдық сәулелендіргіш тікелей сәбидің инкубаторнына орнатылады немесе кронштейннің көмегімен оның діңгектерінің біріне бекітіледі. Онда көк-жасыл спектрдегі сәуле көзінің жаңа түрі пайдаланылады, ол баланың ағзасына мүлдем зиянсыз.

Фототерапия шамы сәбидің сарғаюын емдеп, саулығы мен ақыл-парасатын сақтап қалуға көмектеседі. Сәбилердің сарғаюы – бұл орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылуына алып келетін уытты билирубин деңгейінің жоғарылуы. Ол әсіресе шала туған балалар, анемиясы және құрсақішілік жұқпасы бар балалар арасында жиі кездеседі. Қанда уытты билирубин деңгейінің аса жоғары болуы дамудың тежелуі, атетоидтік церебрал сал ауруы, ішінара немесе толық сал ауруы, толық жоғалтуға дейінгі есту проблемасы сияқты баланың бас миының қайтымсыз зақымдануының себебі болуы мүмкін.

«Он мыңдаған қайырымды қазақстандықтар біздің қордың осы ауруханаға ең озық, тиімді және қауіпсіз жабдық сатып әперуіне көмектесті. 14 жылдан бері біз дәрігерлеріміздің елімізде  неғұрлым көп баланың өмірін құтқарып қалуы үшін жұмыс істеп келеміз. Неонатологтар үшін біліктілікті арттыру курстарын өткіземіз, жаңа туған сәбилерге медициналық көмек көрсетудің заманауи әдістері бойынша әдістемелік ұсынымдар шығарамыз. Менің философиям қарапайым – бұл денсаулық сақтаудың проблемаларын дәрігерлермен, Денсаулық сақтау Министрлігімен өнімді және кәсіби диалог арқылы жүйелі түрде шешу үшін ресурстар шоғырландыру. Жыл сайын күшімізді біріктіріп, еліміздің мыңдаған балаларының өміріне араша болып жүргенімізге қуанамын», — деді «АЯЛА» қорының президенті Айдан Сүлейменова.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс