KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

Бағдарламалауды оқыту ауылдың өзінде де қолжетімді

27.08.2020

Бүгін біз сіздерді Максим Шпитальмен таныстырамыз. Ол – CodingLab  тегін бағдарламалау мектебінің биылғы түлегі және мобилді қолданбаларды әзірлеу бойынша оқудан онлайн форматта басынан аяғына дейін өткен курстың жалғыз тыңдаушысы.

Максим Шығыс Қазақстан облысындағы Новая Шульба селосында тұрады. Бұл жалпы халық саны 3 мыңнан сәл асатын Бородулиха ауданындағы шағын елді мекен. CodingLab іс жүзінде орналасқан Алматыдан 1200 км жуық қашық жерде тұр.

Максим 17 жаста, биыл ол мектеп бітірді және университетке оқуға түсті.

— CodingLab  мобилді қолданбалар әзірлеушілер курсы жөнінде мен өзімнің информатика пәнінің мұғалімінен білдім. Ол бағдарламалау мектебінде онлайн оқуға болатыны туралы айтқан еді. Көп ойланбастан келістім. Өз күшімді сынап көру қызықты болды, оның үстіне ешқайда барудың керегі жоқ, — дейді Максим.

— CodingLab-та оқу кезіндегі ең күрделісі – бастамасын түсіну, өйткені онсыз әрі қарай жалғастырудың мәні жоқ. Қиындықтарға қарамастан, мен оқуды аяқтауды өзіме мақсат етіп қойдым. Өз мектебімнің атын шығаруды қатты қаладым, сондай-ақ жаңа бір нәрсені үйренгім келді.

CodignLab-та мен күрделі тапсырмаларды шешуді үйрендім. Бұл, меніңше, өмірдегі ең басты нәрсе. Маған ешкім көмектескен жоқ, барлық қиындықтарды өзім жеңіп шықтым. Барлығы кесте бойынша болуы үшін өз уақытымды бөлдім, сөйтіп бағдарламалау үшін керек уақыт таптым. Мектептегі менің сүйікті пәндерім – физика, математика және бағдарламалау бойынша алған білімім де әжетке жарады.

Оқу кезінде модульдер аяқталғаннан кейін бақылау тестілері өте қатты ұнады. Әлбетте, менің QKSMS жобамның – интернетте адамдардың тілдесуіне арналған мобильді қолданбамның жасалуы қуантады.

Егер оқу форматын — онлайнды немесе офлайнды таңдау туралы айтатын болсақ, жеке өзіме аралас болғаны ұнайды, өйткені кейде ешқайда бармай үйде отырғым келеді, ал кейде – керісінше.

Болашақта бағдарламашы болып, музыка үшін жаңа бір нәрсе жасағым келеді. Музыкаға әуеспін, оны технология саласында ілгерілеткім келеді. Университетке  «Қолданбалы математика және информатика» мамандығы бойынша оқуға түстім.

Максимнің университеттегі оқуының сәтті болуын тілейміз!

Жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері үшін мобилді қолданбаларды әзірлеуге тегін оқытатын CodingLab-ға жаңадан қабылдау қыркүйекте басталады. Біздің жаңалықтарымызды қадағалап жүріңіз!

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс