KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

Пациент мониторы Касса24 аударымдары арқылы сатып алынды

15.06.2020

Біз Касса24 терминалдары арқылы қорымызға көмектесетін мыңдаған қазақстандықтарға алғыс айтамыз. Әркім қолынан келгенше — 200, 500, кейде мың теңгеден салуда.

Бұл мүлдем аз ақша сияқты. Бірақ біздің қор аударымдар мен қайырмалдықтардың әрбір теңгесін өте ұқыпты жинайды. Айтарлықтай көп сома жиналған кезде біз оны медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға жібереміз.

Бірнеше жыл ішінде Касса24 терминалдары арқылы 8,6 млн теңге жиналды. Осы сомаға біз Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығынан Icard M пациент мониторын сатып алып, орнаттық.

Icard M мониторы операциялық, қарқынды терапия палаталарында және клиникалар мен ауруханалардың реанимацияларында қолдануға арналған. Ол мидың функционалдық жағдайын анықтайды және біздің қорымыз осы орталыққа берген гипотермия аппаратын қолданудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жүздеген нәрестенің ақыл-парасаты мен өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Бұдан басқа, Icard M мониторы температураны, сондай-ақ қанның қышқылдану дәрежесін, тыныс алу жиілігін және қан қысымын инвазивті емес әдіспен өлшейді.

Осы игі істе бізге көмектескендердің барлығына рахмет!

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс