KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

Медициналық аппараттар Қарағандыда нәрестелердің өмірін сақтайды

31.05.2021

 Қарағанды Облыстық клиникалық ауруханасында терапиялық гипотермия мен электроэнцефалографияға арналған аппараттар пайда болды. Олар босану кезіндегі асфикцияның ауыр түрлеріне байланысты жаңа туған нәрестелердің өлімін азайтуға көмектеседі.

Самрук-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларын дамыту қоры қазіргі заманғы реанимациялық жабдықтарды сатып алудағы AYALA ҚҚ бас серіктесі болды.

«Аталған жоба аясында электрэнцефалография мониторы мен автоматты басқарылатын гипотермия аппараты, сондай-ақ пациенттің мониторы сатып алынды. Осының барлығы сәби өлімі деңгейін төмендетуге, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерде асфиксия салдарынан мүгедектіктің ауыр түрлерінің дамуын болдырмауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті SamrukKazyna Trust әлеуметтік жобаларын дамыту қорының ресми өкілі Мирас Иргебаев.     

Жыл сайын Қарағанды облысында 19 мың бала дүниеге келеді, оның 7%-ы мерзімінен ерте туғандар. Оларға негізгі көмекті 6 перинаталдық орталық көрсетеді. Олардың бірі

Облыстық клиникалық аурухана базасында жұмыс істейді және жыл сайын 5000-ға жуық босануды қабылдайды.

Өткен жылы мұнда орта және ауыр дәрежелі асфиксияда 100-ге жуық сәби дүниеге келді. Олардың барлығы терапевтік гипотермия жүргізуді қажет етті, алайда бұл үшін ауруханада арнайы құрал-жабдықтар болмады, сондықтан оны қолдар бар құралдармен жүргізді.

Терапиялық гипотермияны алғашқы 6 сағатта, тіпті жаңа туған нәрестенің өмірінің алғашқы минуттарында қолдану қажет. Сонда ми жасушаларының жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік бар. Егер мұндай аппарат ауруханада болмаса, бала орталық жүйке жүйесінің ауыр функционалдық зақымдануымен қалып, тіпті қайтыс болуы мүмкін.

«Соңғы 5 жылда біз перинаталдық орталықтарды автоматты басқарылатын гипотермияға арналған жабдықтармен жабдықтау бойынша белсенді жұмыс жүргізудеміз. Ірі демеушілердің қолдауымен біз осындай аппараттық кешендерді Нұр-Сұлтан қаласындағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында, Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында, Атырау, Түркістан, Семей қалаларының облыстық перинаталдық орталықтарында орнаттық. Бүгін біз бұл жабдықты Қарағандыға бергенімізге қуаныштымыз және «Басқарылатын гипотермия» жобасының бас серіктесі — SamrukKazyna Trust әлеуметтік жобаларын дамыту қоры кішкентай қарағандылықтардың өмірі мен ақыл-ойын сақтап қалуға көмектескені үшін алғысымызды білдіреміз», — деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс