KZ RU
КӨМЕКТЕСКІМ КЕЛЕДІ

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

«АЯЛА» Оңтүстік Кореяның клиникаларымен серіктестігін кеңейтеді

24.09.2019

Қазақстандық дәрігерлердің біліктілігін арттып, қайырымдылық медицинаны қамтитын ынтымақтастықты нығайту, «АЯЛА» қайырымдылық қоры Пусан қаласының Экономикалық даму агенттігі және «Донг-А» жеке клиникасымен қол қойылған меморандумның басты шартттарының бірі.

Құжат Алматы мен Пусанда медициналық қамтамасыз етуді дамытудың бірлескен жұмысын іске асыруға бағытталған. Сонымен қатар қайырымдылық медицинаны жандандыруды, озық медициналық технологиялармен және ақпаратпен алмасуды, қазақстандық балалар дәрігерлерін оқытуды және демеушілік көрсетілетін науқастарға медициналық қызметтер көрсету туралы да құжатта жазылған.

«АЯЛА» қорының президенті Айдан Сүлейменованың айтуынша, қор елдегі балалар ауруханаларының, перинаталдық орталықтарының және перзентхана бөлімшелерінің дәрігерлері мен медбикелерінің біліктілігін арттыруға көмектесу үшін көп және белсенді еңбек етеді.

«АЯЛА» Академиясы» жобасының аясында біз курстар, білім беру семинарларын және ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырамыз, практик дәрігерлер үшін ғылыми дәлелдерге негізделген әдістемелік ұсынымдар шығарамыз. Сонымен қатар біздің дәргірелердің Қазақстанда балалар денсаулығын мен өмірін сақтай алуы үшін олардың шетелдік клиникаларда практикалық білім алу мүмкіндігімен қамтамасыз етуге тырысамыз. Әлбетте, қордың өз еліміздегі медициналық қызметтер сапасын көтеру саласына жұмсаған күші халықаралық деңгейде сенімге ие болуы бізге өте қатты ұнайды», — деді Айдан Сүлейменова.  Ол  Пусан қаласының Экономикалық даму агенттігімен және «Донг-А» клиникасымен ынтымақтастық жемісті болыа, қазақстанның одан да көп балаларының денсаулығының жақсаруына көмектесуіне сенімді.

Айта кетейік, екі жақты ынтымақтастық «Донг-А» клиниканың жетекші дәрігерлерінің Қазақстанға келуінен басталды. Қордың жәрдемімен 23 және 24 қыркүйекте оториноларингология кафедрасының профессоры Ву-Йонг Бэ және неврология кафедрасының профессоры Чжон Кук Ким «Ұлттық Медициналық Университет» КЕАҚ № 1 Университет клиникасында (бұрынғы Ақсай балалар клиникасы) емделіп жатқан 18 жасқа дейінгі науқастарға тегін кеңес берді. Осы кеңес беру нәтижесінде «Донг-А» клиникасы осы клиникаға бейім аурулар бойынша тегін ем елуға Оңтүстік Кореяға шақырылатын бір баланы анықтайтын болады.

Еске салайық, бұл «АЯЛА» қайырымдылық қоры балалардың қайырымдылық медицинасы және дәрігерлердің біліктілігін арттыру саласында тығыз ынтымақтастық орнататын Оңтүстік Кореяның екінші клиникасы. 2016 жылдан бері қор Пусан Ұлттық Университетінің Госпиталімен (ПҰУГ) білім беру бағдарламаларын іске асырып келеді. ПҰУГ мамандары балалар ауруханаларының науқастарын бірге қабылдау үшін Қазақстанға жыл сайын келеді. Олар қазақстандық дәрігерлер үшін мастер-кластар және практикалық семинарлар өткізеді.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

НҰР-СҰЛТАН

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
Төлемдерге жазылудан бас тарту
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс