Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі AYALA қайырымдылық қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ол «Кәсіби бағдарлау» жобасын жүзеге асыру бойынша бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыруға бағытталған. Тараптар қолда бар ақпараттық және ұйымдастырушылық ресурстарды пайдалана отырып, осы жобаны ілгерілетудегі ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы уағдаласты.
ҚР БҒМ мен AYALA қоры арасында қол қойылған меморандум тараптардың «Кәсіптік бағдарлау» жобасын жүзеге асыруға жағдай жасау, балалар үйінің тәрбиеленушілерін, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған мектеп-интернаттардың оқушыларын, мамандандырылған мектеп-интернаттардың оқушыларын «Кәсіптік бағдарлау» жобасының мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру, сондай-ақ балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың өкілдерін қормен ынтымақтасуға тартуға жәрдемдесу ниетін нығайтады.
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде AYALA қорымен ынтымақтастық тәжірибе алмасу үшін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының балаларын кәсіби бағдарлау және дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде пайдалы екенін атап өтті.
AYALA қайырымдылық қоры 10 жылдан бері «Кәсіби бағдарлау» жобасын жүзеге асырып келеді. Жобаның мақсаты — балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының балаларына оларды әлеуметтік бейімдеуге көмектесу.
«Біз осы білім беру мекемелеріндегі жасөспірімдердің бітіргеннен кейін оқуын және кәсіби дамуын жалғастыруға, ал болашақта – жұмыс табуына көмектесетін пайдалы тәжірибелік дағдыларға ие болуын қалаймыз. Ол үшін біз курстар ұйымдастырамыз, практикалық оқыту өткіземіз, оларға репетиторлықпен көмектесеміз. Мұндай тәсіл балаларға жоғары сыныптарда болашақ мамандықты таңдау туралы түсінік алуға мүмкіндік береді. Біздің кәсіби бағдарлау арқылы 1000-нан астам жасөспірім білім алды. Қор ұйымдастырған сабақтарға қатысқан соң ондаған бала колледждерді саналы түрде таңдады», — деп атап өтті AYALA қорының президенті Айдан Сүлейменова.
10 жыл ішінде AYALA қайырымдылық қоры 17 курс ұйымдастырып, 23 арнайы шеберхана ашып, ерікті ұстаздар ретінде ондаған керемет және қайырымдылыққа құштар мамандарды жұмылдырды. 5 жасөспірім шаштараз шеберлігіне үйретілді, олардың бірі Алматыдағы барбер-салонда жұмыс істейді. 100-ден астам бала тігін шеберлігіне оқытылды. Сондай-ақ, еуропалық асүй тағамдарын дайындау курстарында да болды, содан кейін бейінді колледждерге түсу туралы шешім қабылданды.
Қор Жәутіков атындағы РФММ-нің 30-дан астам студентін ерікті-репетитор ретінде іске тартты. Олар алматылық 3 мектеп-интернаттың ондаған жоғары сынып оқушыларын математика, физика және химия пәндерінен оқуға түсу тестілерін тапсыруға дайындауға көмектесті. AYALA мектеп-интернат оқушыларының «Арыстан» мамандандырылған әскери лицейіне түсуіне жеке жетекшілік етеді. Осының арқасында 5 жоғары сынып оқушысы осы мекемеде білім алуда. 2 мектеп-интернаттан және облыстық балалар үйінен 17 жасөспірім сайттар әзірлеу, визаж, бейне-блогинг және журналистика бойынша кәсіби курстардан өтті. 2018 жылдан бастап қор Samsung компаниясына Coding Lab республикалық білім беру жобасын жүзеге асыруға көмектеседі, ол 200-ден астам жоғары сынып оқушылары мен студенттерін, оның ішінде еліміздің шалғай аудандарынан келген оқушыларға мобильді қосымшаларды әзірлеу үшін бағдарламалауды тегін оқытуға көмектеседі.
«Біздің тәжірибемізге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызығушылық танытқанына қуаныштымыз. Мемлекетке және еліміздің өскелең ұрпағына пайдалы болуға және ол үшін «Кәсіби бағдарлау» жобасы аясында жинақталған ресурстарды, білім мен құзыреттерді ұсынуға үміттенеміз», — деп атап өтті Айдан Сүлейменова.