KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

Атырау қаласындағы арнайы мектеп-интернатта 2 аудиокласс пайда болды

04.03.2021

Арнайы мектеп-интернатта Атырау облысының түрлі аудандарынан 3-18 жас аралығындағы 120 бала оқиды және сонда тұрады. Бұл туғаннан естімейтін немесе кейін келе есту қабілетінен айырылған балалар, олардың көпшілігі мүгедек.

 AYALA қайырымдылық қоры ЭксонМобил Казахстан Инк. компаниясының  демеушілік қолдауымен осы мектеп-интернатқа интерактивті панельдері бар екі заманауи «Унитон Форте» аудиоклассын тапсырды. Жобаның жалпы бюджеті 9,3 млн теңгені құрады.

 ЭксонМобил компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшісі Ақмарал Сабирова: «Денсаулық сақтау — біздің компанияның әлеуметтік жобаларының басым бағыттарының бірі. Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарта отырып, біз адамдарға өмірдегі ең басты нәрсе- денсаулықты сақтауға көмектесеміз. ЭксонМобил өңірдің медициналық орталықтарына көмек көрсетуде AYALA қайырымдылық қорымен және облыстық денсаулық сақтау басқармасымен ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлап отыр. Компанияның денсаулық сақтау саласына салған инвестициялары Атырау облысы халқының денсаулығы мен әл-ауқатына айтарлықтай оң әсерін тигізеді деп үміттенеміз» деді.

Аудиосынып сабақ кезінде толық есту-сөйлеу ортасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Оқушылардың жұмыс орындары кіріктірілген микрофонмен жабдықталған. Мұғалім сабақ кезінде радиомикрофонның арқасында сынып бойынша еркін қозғала алады.

Оқушының пульті арқылы оның есту аппаратына немесе құлаққапқа оқытушының микрофонынан, өзінің пультінің микрофонынан және сыныптағы барлық басқа оқушылардың пульттерінің микрофондарынан анық және сапалы дыбыс беріледі.

Мұғалімнің басқару пульті оған сабақ, дәріс режимінде материал беруді таңдауға, оқушыларға орындарынан сауалнама жүргізуге, сондай-ақ оқушыларға сыныптың фондық шуылынан педагог дауысын бөліп естіртуге мүмкіндік береді.

 «Бізде негізінен тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ қамқорлықтағы балалар білім алуда. Біздің 50 оқушымыз Атырау облысының шалғай аудандарынан келеді. Біз тәрбиеленушілерімізге олардың дамуы, оқуы және әлеуметтік бейімделуі үшін барлық жағдайды жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Сондықтан бізде үйірмелер мен футболдан спорт секциясы жұмыс істейді. Қордың көмегінің арқасында бізде қазіргі заманғы аудио сыныптар бар. Олар бізге есту қабілетін, сөйлеу қабілетін дамыту бойынша сабақтар өткізуге мүмкіндік береді, барлық қамқорлықтағы балаларды оқытудың тиімді әдістемесімен қамтуға көмектеседі. Бұл үлкен және өте құнды сыйлық, сондықтан ұжым атынан ЭксонМобил компанияның өкілдігіне алғысымды білдіремін», — деп түсіндірді мектеп-интернаттың директоры Фатима Мұсақызы Баймұханова. 

AYALA қоры «Айрықша балаларға – айрықша назар» жобасы аясында аудио сыныптарды тапсырды. Бұл жоба Қазақстан бойынша түзету мектеп-интернаттары мен Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін балалардың есту, көру қабілетін, назарын жақсарту, интеллектуалды дамытуға көмектесу үшін арнайы жабдықтармен жабдықтауға көмектеседі.

2007 жылдан бастап бұл жобамен Қазақстанның 50 қаласында 20 мыңнан астам бала қамтылған. Қор 19 ЕДШ кабинетін орнатты, 19 сенсорлық бөлме мен 5 Монтессори  бөлмесін жабдықтады, Атырау мен Петропавлда 3 аудиосыныпты жабдықтады, түзету логопедия жабдықтарын, TOMATIS аппаратын және ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту үшін басқа да көптеген қажетті құрылғыларды орнатып берді.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс