KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

ІЗГІ ІСКЕ АЙЫРБАС ЖЕҢІЛДІГІ

01.10.2021

AYALA ҚҚ мен Globus Exchange Program «Ізгі іске айырбас жеңілдігі» қайырымдылық акциясын жүзеге асыруға кірісті.

2021 жылдың 1 қазанынан бастап AYALA қорына $25 көлемінде қайырмалдық жасағаны үшін осы компанияның клиенттері: Au Pair, «Ворк энд Травел», «АҚШ-та тағылымдама» қызметтеріне, сондай-ақ Канадаға оқуға бару және иммиргация үшін құжаттарды рәсімдеуге $100 мөлшерінде жеңілдік алады.

Globus Exchange Program Қазақстанда және Орталық Азияда Au Pair, «Ворк энд Травел», «АҚШ-та тағылымдама» білім беру және алмасу бағдарламаларының ресми өкілі болып табылады, компания Канада мен АҚШ-та жоғары білім алуға, сондай-ақ Канадаға иммиграция кезінде көмектеседі.

«Бағдарламаларымыз жұмыс істейтін барлық елдерде біз неғұрлым осал қоғамдастықтарды қолдауға өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз. Біздің мақсатымыз — Қазақстан жастары үшін алмасу бағдарламаларын қолжетімді ету және бізбен бірге жақсылық жасауға мүмкіндік беру. Біз жақсылық пен қамқорлықтың күшіне сенеміз! Сондықтан біздің клиенттер біздің сервистерімізді пайдалана отырып, балалардың өмірін сақтап қалуға көмектесуін қалаймыз», — деп атап өтті Globus Exchange Program атқарушы директоры Исмаиль Йылдырым.

$100 жеңілдік алу үшін https://ayala.kz/ru/power/ кіріп, $25-ке баламалы қайырымдылық жасап, program@gepkaz.com мекенжайына қайырмалдық туралы растау жіберу қажет.

«Ізгі іске айырбас жеңілдігі» акциясы бойынша жиналған қаржыны AYALA қайырымдылық қоры «Өмір сыйлайық» жобасына – Қазақстан реанимацияларындағы жаңа туған балалардың өмірін құтқаруға жұмсайды.

14 жыл ішінде қордың бұл жобасы еліміздің 36 қаласы мен 67 медициналық мекемесін қамтыды. Жүздеген қазақстандық неонатологтар мен медбикелер біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Жобаны іске асыру барысында ірі демеушілер мен қазақстандықтар аударған 682,2 млн теңгеге қор 116 фототерапия аппаратын, 13 ӨЖЖ аппаратын, 9 жаңа туған нәрестелердің қарқынды терапиясына арналған инкубаторларды, 24 ашық реанимациялық жүйені, 27 пациенттердің төсек жанындағы мониторларын, 2 наркоз аппаратын, 9 ЭЭГ мониторларын, 7 терапевтік гипотермия аппараттарын және 5 фетальды мониторларды сатып алып, ауруханаларға жеткізіп берді.

Globus Exchange Program туралы көбірек ақпарат осында.

 

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс