KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

БІР РЕТ ШЕРТУ АРҚЫЛЫ ИГІ ІС: ОНЛАЙН-ФОРМАТТАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫ

19.07.2021

AYALA қоры Aviasales.kz қайырымдылық марафонының бенефициары атанды. Онлайн-акция Құрбан айт мерекесіне орайластырылып, бір рет шерту арқылы игі іс жасауға көмектеседі.

Қайырымдылық марафонының механикасы қарапайым: https://dobro.aviasales.kz/ сайтына кіресіз, батырманы басасыз, ал Aviasales әрбір шертуді 100 теңгеге айналдырады. Шерту көп болған сайын — AYALA қайырымдылық қорының «Өмір сыйлайық» жобасын қолдауға қаражат көп аударылады.

AYALA қоры 15 жылдан бері Қазақстандағы сәби мен бала өлімі және мүгедектікті азайту бойынша белсенді жұмыс істеп келеді. Осы қайырымдылық марафонында жиналған қаражат еліміздің перинаталдық орталықтары мен балалар ауруханаларына заманауи реанимациялық құрал-жабдықтарды сатып алуға және орнатуға бағытталатын болады.

«Өмір сыйлайық» жобасының нәтижесі — 15 жыл ішінде Қазақстанда аман қалған жүздеген мың бала өмірі. Жоба жалғасуда, өйткені біз үнемі балалар ауруханалары мен перинаталдық орталықтардан реанимациялық құрал-жабдықтарды сатып алуға көмек сұрап хат аламыз. Сондықтан біз «Aviasales» қайырымдылық акциясына ризашылықпен және қуана қатысамыз. Ол еліміздегі балалар өміріне араша болуға дайын адамдардың барлығының қамқорлығын біріктіреді деп үміттенеміз», — деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.

Қалаға және тұратын еліне қарамастан, кез келген адам акцияға қатысып, бір шерту арқылы балалар өмірін сақтап қалуға өз үлесін қоса алады. Aviasales.kz  AYALA қорына 2 000 000 теңгеге дейін аударуға міндеттенеді.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс