Біздің сайт интернет-эквайрингке қосылған және Сіз тапсырысты Visa немесе Mastercard банк картасымен тікелей сайтта төлей аласыз. Таңдалған тапсырысты растағаннан кейін Robokassa төлем қызметінің төлем парағы бар қорғалған терезе ашылады, онда түбіртек немесе фискалдық чек үшін Сіздің банк картаңыздың деректерін және электрондық пошта мекенжайын енгізу қажет. Біз төлемді растау үшін 3D Secure хаттамасын пайдаланамыз. Егер Сіздің Банкіңіз осы хаттаманы қолдаса, Сіз SMS кодтың көмегімен қосымша сәйкестендіру үшін банк серверіне қайта бағытталатын боласыз. Сізге банк картасын берген Банкте қосымша сәйкестендірудің ережелері мен әдістері туралы ақпаратты нақтылаңыз.
Төлем бетіндегі өрістерге карта нөмірін, электрондық пошта мекенжайын, картаның қолданылу мерзімін, үш таңбалы қауіпсіздік кодын (VISA үшін CVV2 немесе MasterCard үшін CVC2) енгізу қажет. Барлық қажетті деректер банк картасының бетінде көрсетілген.
CVV2/ CVC2 – картаның артқы жағында орналасқан үш таңбалы қауіпсіздік коды.
Одан әрі сол терезеде 3-D Secure кодын енгізу үшін Сіздің эмитент банкіңіздің беті ашылады. Статикалық 3-D Secure бапталмаған жағдайда, ол SMS арқылы телефон нөміріңізге жіберіледі. Егер 3-D Secure коды Сізге келмесе, онда сіздің эмитент банкіңізге жүгіну керек.
3-D Secure – бұл интернет желісіндегі карталар бойынша төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең заманауи технологиясы. Операцияны жүзеге асыратын карта ұстаушының шынайылығын біржақты сәйкестендіруге және карта бойынша алаяқтық операциялардың тәуекелін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Төлем жасаудан бас тарту жағдайлары:
Төлеміңіз өтпесе немесе операция тоқтатылса, мыналарды тексеріңіз:
—деректемелер дұрыс енгізілді ме? Картаңыздың жарамдылық мерзімі мен нөміріне назар аударыңыз;
—сіздің картаңызда қаражат жеткілікті ме? Төлем картасындағы қаражаттың бар-жоғы туралы толығырақ банк картасын шығарған банкке хабарласу арқылы білуге болады;
—интернетте төлем жүргізу мүмкіндігі ашық па? Картаңыздың мүмкіндіктері туралы толығырақ эмитент банкке хабарласу арқылы біле аласыз;
—сізге интернеттегі төлемдерге күнделікті лимит жеткілікті ме? Картаңыздың лимиттері туралы толығырақ эмитент банкке хабарласу арқылы біле аласыз.
Төлемнің өтпеуі жөніндегі сұрақтарыңыз бойынша банк картаңызды шығарған эмитент банктің қолдау қызметіне немесе төлем жүргізілген сайтты қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Қауіпсіздік кепілдіктері
Robokassa төлем сервисі PCI DSS қауіпсіздік стандарты бойынша Сіздің банк картаңыздың деректерін қорғайды және өңдейді. Ақпаратты төлем шлюзіне беру SSL шифрлау технологиясын қолданумен жүргізіледі. Ақпаратты одан әрі беру сенімділіктің ең жоғары деңгейі бар жабық банк желілері бойынша жүргізіледі. Robokassa Сіздің картаңыздың деректерін интернет дүкенге немесе үшінші тұлғаларға бермейді. Карта ұстаушыны қосымша аутентификациялау үшін 3D Secure хаттамасы пайдаланылады.
Егер Сізде жүргізілген төлем бойынша сұрақтарыңыз болса, info@ayala.kz электрондық поштасы арқылы клиенттерді қолдау қызметіне хабарласа аласыз.
Онлайн төлем қауіпсіздігі
Сіз ұсынатын дербес ақпарат (e-mail, банк картасының нөмірі) құпия болып табылады және жария етуге жатпайды. Сіздің банк картаңыздың деректері тек шифрланған түрде беріледі және біздің серверде сақталмайды.
Интернет төлемдерін өңдеу қауіпсіздігіне Robokassa төлем қызметі кепілдік береді. Төлем карталарымен барлық операциялар VISA International, MasterCard Worldwide және басқа да төлем жүйелерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі. Ақпаратты беру кезінде онлайн-карточкалық төлемдер қауіпсіздігінің арнайы технологиялары пайдаланылады, деректерді өңдеу төлем сервисінің қауіпсіз жоғары технологиялық серверінде жүргізіледі.
Төлем карталарымен төлеу қауіпсіз, себебі:
«AYALA» жеке қайырымдылық қоры» жеке қоры
Жария оферта
1.1. Бұдан әрі «Оферта» деп аталатын бұл жария оферта бұдан әрі «Жеке қор» деп аталатын «AYALA» Жеке қайырымдылық қорының атынан Жарғыға сәйкес әрекет ететін Қор Президенті Айдан Төлеутайқызы Сүлейменованың Офертаға жауап беретін кез келген тұлғамен Офертада көзделген шарттармен бұдан әрі «Келісім» деп аталатын қайырмалдық туралы келісім жасасуға ұсынысы болып табылады. Бұл ұсыныс Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес жария оферта болып табылады.
1.2. Ұсыныс оны Қоғамдық бірлестіктің Интернет желісіндегі www.ayala.kz мекенжайындағы сайтына орналастырғаннан кейін келесі күні күшіне енеді.
1.3. Ұсыныс шектелмейді және Жеке қордың сайтында Ұсыныстың күшін жою туралы хабарлама орналастырылған күннен кейінгі күнге дейін қолданылады. Жеке қордың кез келген уақытта Офертаны жоюға құқығы бар.
1.4. Қоғамдық бiрлестiк қайырмалдықтар туралы кез келген мүдделi тұлғаның тиiстi шарт жасасу үшiн Қоғамдық бiрлестiкке өтiнiш жасауға құқығы бар Офертада көрсетiлгеннен өзгеше түрде және (немесе) өзге де шарттармен шарттар жасасуға дайын.
2. Шарттың мәні
2.1. Осы келісімге сәйкес донор өз қаражатын ерікті қайырмалдық ретінде кез келген тәсілмен Жеке қордың ағымдағы шотына аударады және Жеке қор осы қайырмалдықты қабылдайды және оны жарғылық мақсаттарда пайдаланады. Қайырмалдықты беру фактісі донордың осы келісімнің шарттарымен толық келіскенін көрсетеді.
2.2. Донордың осы шарт бойынша іс-әрекеттерді орындауы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 516-бабына сәйкес қайырмалдық болып табылады.
2.3. Донор қордың жарғылық мақсаттарына және өзекті қайырымдылық бағдарламаларына сәйкес қайырымдылық көмек көрсету үшін қор үшін донор айқындаған мөлшерде Қоғамдық қорға қаражат бөледі. Донор нақты адамдарға қажетті көмектің сипаты мен көлемі туралы, сондай-ақ қайырымдылық бағдарламалары туралы ақпарат ала алады.
3. Қоғамдық қордың қызметі
3.1. Ауруханалар мен провизорлық орталықтарды медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаларды қамтамасыз ету үшін жеке және заңды тұлғалардан ерікті қайырмалдықтар жинау.
3.2 Қайырымдылық қызметін дәріптеу.
3.3. Жеке қор коммерциялық қызметпен айналыспайды және пайда табуға арналмаған.
3.4. Жеке қор www.ayala.kz сайтында өз жұмысы туралы ақпаратты жариялайды және өз қызметінің нәтижелері туралы хабарлайды.
4. Қайырмалдық
4.1. Жеке қордың мақсаттарына коммерциялық емес негізде қайырмалдық немесе басқа ресурстар беретін ұйым немесе жеке тұлға донор болып табылады.
4.2. Донорлық қызмет, яғни қайырымдылық қорына өтеусіз көмек көрсету.
4.3. Донор ерікті қайырмалдық сомасын дербес айқындайды және осы Келісімнің шарттарына сәйкес www.ayala.kz сайтында көрсетілген кез келген төлем тәсілін пайдалана отырып, қаражатты Жеке қордың банктік шотына аудару арқылы енгізеді.
4.4. Донор кредит картасының немесе электрондық ақшаның көмегімен қайырмалдық жасай отырып, электрондық төлем жүйесін қоса алғанда, деректемелер бойынша банк арқылы біржолғы қайырмалдық жасай алады.
4.4.1. Қайырмалдықтың Қоғамдық қордың шотына аударылғаны, соның ішінде жобалар шеңберінде SMS-хабарлама жіберу арқылы аударылғаны донордың осы келісімнің шарттарымен толық келіскенін көрсетеді.
4.4.2. Егер донор таңдаған қайырмалдық аудару әдісі «Төлем мақсаты» анықтамасын қамтыса, донор өзінің таңдауы бойынша мынадай нұсқалардың бірін көрсетеді:
— Жарғылық қызметке қайырмалдық. ҚҚС салынбайды;
— Өзекті бағдарламалар бойынша қайырмалдық. ҚҚС салынбайды.
4.4.3. Қайырмалдық жарнасын аударған кезде төлеушіні дұрыс сәйкестендіру үшін Донор өзінің байланыс деректерін: электрондық пошта мекенжайын және/немесе телефон нөмірін көрсетеді.
4.4.4. Оферта қабылданған күн және тиісінше Келісім жасалған күн: Жеке қордың ағымдағы шотына немесе жағдайға байланысты Жеке қордың төлем жүйесіндегі шотына Донордан ақша қаражатының түскен күні; сондай-ақ қысқа мәтіндік хабарламаны (СМС) жіберу күні немесе қордың уәкілетті өкілдері қайырмалдықтарды жинау үшін жәшіктен (жәшіктерден) қаражат алған күн болып табылады.
5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
5.1. Жеке қор осы шарт бойынша Донордан алынған қаражатты қатаң түрде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес және өзінің жарғылық қызметі шеңберінде пайдалануға міндетті.
5.2. Донордың қайырмалдықты аудару кезінде төлемнің тиісті мақсатын көрсете отырып, өз қалауы бойынша көмек объектісін таңдауға құқығы бар. Жобалардың ағымдағы тізімі www.ayala.kz сайтында, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жарияланады.
5.3. Жеке қор адресаты жоқ қайырмалдықты алған кезде оның пайдаланылуын қызметтің ажырамас бөлігі болып табылатын бюджеттің бекітілген баптарына сүйене отырып, дербес айқындайды.
5.4. Мұқтаж адамның тегі мен аты көрсетілген қайырмалдықты алғаннан кейін Жеке қор осы жобаға көмек ретінде қайырмалдықты жібереді. Егер нақты жоба бойынша қайырмалдықтар сомасы көмек көрсету үшін қажетті сомадан асып кеткен жағдайда, Жеке қор бұл туралы ақпаратты сайтта жариялай отырып, донорларды хабардар етеді. Жеке қор алынған қайырмалдықтар сомасы мен жарғылық мақсаттарда нақты жоба бойынша көмек көрсету үшін қажетті сома арасындағы оң айырманы (азаматтарды әлеуметтік қолдау және қорғау, халықаралық жобалар мен бағдарламаларды, оның ішінде қайырымдылық бағдарламаларды іске асыру үшін) «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142-II Заңына сәйкес азаматтарды әлеуметтік қолдауға және қорғауға бағытталған жалпы мүдделерге негізделген мақсаттар үшін пайдаланады. Қаржыландыру мақсатының өзгеруімен келіспеген донордың осы ақпарат жарияланғаннан кейін күнтізбелік 14 күн ішінде жазбаша нысанда өтем талап етуге құқығы бар.
5.5. Нақты мақсаты көрсетілмей алынған қайырмалдықтар Қордың жарғылық мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдаланылады («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142-II ҚР Заңына сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету, интернаттарға орналастыру, оңалту жабдықтарын сатып алу, әлеуметтік және медициналық бағдарламаларды әзірлеу, Қордың әкімшілік мұқтаждарына арналған шығыстар).
5.6. Донор осы келісімді орындау мақсатында, мынадай іс-қимылдарды қоса алғанда, Жеке қор Донордың ерікті түрде қайырмалдық жасау уақытында, оның ішінде үшінші тұлғаларға (келісім негізінде) берген жеке деректерін (аты, мекенжайы, тұрғылықты жері, электрондық почтасының мекенжайы, банк деректемелері) өңдейтіндігімен келіседі: жинау, тіркеу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, қол жеткізу), иесіздендіру, электрондық поштаны бұғаттау, жеке деректерді алып тастау, жою. Қалған барлық жағдайларда Қоғамдық бiрлестiк Донордың жеке ақпаратын оның жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi тұлғаларға жария етпеуге мiндеттенедi.
Мұндай ақпаратты сұратуға уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан осы ақпаратқа қойылатын талаптар бұған жатпайды.
Дербес деректерді өңдеуге келісім Донор оларды жазбаша түрде алғанға дейін қолданылады.
5.7. Донордың қайырмалдықтың пайдаланылуы туралы ақпарат алуға құқығы бар. Осы құқықты пайдалану үшін: донордың талабы бойынша Жеке қор: алынған қайырмалдықтардың тиісті бухгалтерлік құжаттармен мақсатты пайдаланылуын растауға; донорға қолданыстағы жоба шеңберінде көмек туралы, сондай-ақ жауапты медицина қызметкерлеріне ауру тарихынан үзінді көшірме түрінде ұсынылған көмектің нәтижелері туралы ақпарат беруге дайын.
Атаулы көмек көрсету туралы шешімдер қабылданатын құжаттар, оның ішінде медициналық және басқа да материалдар Жеке қордың мұрағатында сақталады.
5.8. Қор осы Келісімде көрсетілген міндеттемелерден басқа, Донор алдында басқа міндеттемелер алмайды.
6. Басқа шарттар
6.1. Осы келісім бойынша Тараптар арасында даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, егер бұл мүмкін болса, олар келіссөздер жолымен шешілетін болады. Егер дауды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаса, даулар мен келіспеушіліктер Жеке қор орналасқан жердегі соттарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешілуі мүмкін.
7. Жеке қор туралы ақпарат
Жеке қор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және жұмыс істейтін заңды тұлға болып табылады.
«Аяла» жеке қайырымдылық қоры» жеке қоры
БСН 070 340 015 942
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 77/7 үй, 9а т.е.ж., пошта индексі 050059
Тел. 356 17 56
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дағы есеп айырысу шоттары
Теңгемен: KZ626010131000127937
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ БСК HSBKKZKX,