Бұл бөлімнен сіз біздің қор түрлі жобалар бойынша белсенді жұмыс істейтін дәрігерлердің бейне-ұсыныстарын таба аласыз.
Бұл дәрігер-практиктер, сондықтан олардың ұсыныстары мен кеңестері көпжылдық оң тәжірибемен тексерілген.
Педиатр-дәрігер, балалар инфекционисі, Балалар жасындағы ауруларды интеграцияланған жүргізу (БЖАИЖ) бағдарламасының ұлттық жаттықтырушысы және Әмбебап-прогрессивті модель (ӘПМ-жаңа патронаж) бойынша шебер-жаттықтырушы, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер.
Балалар ми архитектурасының дамуы
Осы бейнебаянда жаңа туған баланың миы қалай жұмыс істейтінін, сәби мен қалай ойнап, оны қалай күту туралы біле аласыздар.
Баланы жақсы көру? Оларман сөйлесу
Достар, сіздер жаңа туған баламен қанша уақыт және қалай ойнау керек екенін білесіздерме? Осы сұрақтын жауаптарын бала дәрігерлері ұсынған видеодан көруге болады. Ол «АЯЛА» қайырымдылық қоры мен танымал педиатр Зауре Оспанова, «Шеврон» компаниясының қаржылық қолдауымен жас ата-аналарға артнап ұсыныстар дайындады.
Балаға кітап оқып, олармен ойнау
Біз жаңа туған баланың миы қалай жұмыс істейтінін, сәби мен қалай ойнап, оны қалай күту керек туралы білеміз. Ал енді балаға қалай кітап оқып, қалай ойнау керектігін үйренейік.
Жасқа дейінгі және одан үлкен дені сау баланың тамақтануы бойынша ұсынымдар
Роликте балалардың өмірдің бірінші, ең маңызды жылында дұрыс әрі салауатты тамақтануының негізгі, іргелі қағидаттары көрсетілген. Жас аналарымыздың сәбилерді тамақтандыру жөнінде арнайы әдебиетті оқып үлгермейтіні құпия емес. Үйдегі тіршілігі бар, ұйқысы қанбайды, кітап оқуына мұршасы да жоқ. Ролик жас ата-анаға және ата-әжелерге баланың алғашқы өмір жылында асқазандарына зиян келтірмеуге және бүкіл өміріне денсаулықтың іргетасын қалауға көмектеседі.
Үй жағдайларында тынысы тарылған кезде балаға көмек көрсету алгоритмі
Обструктивтік синдромды (ысқырығы қатар болатын тынысының тарылуы) емдеген кезде тез әсер ететін кеңірдек-дилататорлар (аэрозоль препараттары): сальбутамол, асталин, венталин және т.б. қолданылады. Бұл дәрі-дәрмектер Қазақстандағы тегін таратылатын дәрі-дәрмектердің тізбесіне кіреді. 5 жасқа дейінгі балаларға олар ағзаға арнайы саптама арқылы кіргізіледі. Егер арнайы дәрі-дәрмекті дәріханадан алуға мүмкіндік болмаса, дәрі шашатын құралды үйде дайындауға болады.
Сусыздану – бұл жағдайдың шөл далада емес, қаланың ортасында, ауыз судың тапшылығы болмаған жағдайда кішкентай балада пайда болатынын елестету қиын. Алайда бұл әбден орын алуы ықтимал. Жас, тәжірибесі жоқ аналар бұл жағдаймен қалай күресетінін білмей, өз сәбилерінен «айырылуы» мүмкін. Біздің ролигіміз Сіздерге; учаскелік балалар дәрігерлеріне және патронажды медбикелерге және қамқоршы, бірақ тәжірибесі жоқ ата-аналарға, сол сияқты тәжірибесі бар ата-аналарға да арналған.