«Өмір сыйлайық» — «АЯЛА» қорының Қазақстан ауруханаларының балалар бөлімшелерінің реанимацияларын өмірлік маңызды жабдықтармен жабдықтау жөніндегі республикалық жобасы осылай аталады. Ол 2007 жылы басталып, 14 жыл ішінде 36 қала мен елді мекенді және 67 медициналық мекемені қамтыды.
Жиналған қаражаттың арқасында Қазақстанда он мыңдаған баланың өмірі құтқарылып, жүздеген қазақстандық дәрігерлер біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Осы жобаны іске асырудың барлық уақытында бейжай қалмайтын қазақстандықтар мен ірі демеушілер аударған 809 млн теңгеге қор ауруханаларға:
Жоба жалғасуда, себебі қор балалар ауруханалары мен перзентханалардың балалар реанимациясы бөлімшелерінен құрал-жабдықтарды сатып алуға көмек сұрап көптеген хаттар алады.