Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатының ең маңызды ережелерінің бірі жергілікті проблемаларды шешуде өңірлерді үнемі қолдау болып табылады. Сондықтан компания Қазақстанда IT мамандарын оқыту қызметіне үлес қосуда. Samsung әлеуметтік жауапкершілігінің осындай мысалдарының бірі білім беру жобасы — Coding Lab бағдарламалау курстары болды.
Coding Lab — Samsung компаниясының жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері үшін қазіргі тілдердегі бағдарламалау саласындағы қосымша білім берумен байланысты ұзақ мерзімді жобасы. Қазіргі таңда жоба «AYALA» қайырымдылық қорымен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Жоба шеңберінде мынадай бағыттар бойынша оқыту жүргізіледі:
Оқу тегін: кез келген алматылық оқушы немесе колледж студенті курстарға түсуге тырыса алады. Ол үшін https://coding-lab.kz сайтта тесттен өту қажет.
Оқушылар сабақты рұқсатсыз жібермеуге, сабаққа жауапкершілікпен қарауға, үй тапсырмаларын уақытында орындауға тиіс. Оқытушылар оқу жылының соңында өз жобаларын әзірлей алатын жақсы дағдылары бар балаларды шығаруға ниетті. Балалар үшін қорытынды емтихан Android базасында Samsung ұялы телефондары мен планшеттеріне арналған арнайы қосымшаны жасау болады.
Оқуға 14-17 жас аралығындағы мектеп және колледж оқушылары жіберіледі.
Оқыту кезеңі 2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы сәуірге дейін.
Күндізгі сабақтар аптасына 2 рет 2 академиялық сағаттан.
Оқыту әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы «Samsung инновациялық академиясында» өтуде.
Бағдарламалау негіздеріне оқытудан өткен соң оқушылар практикада қолдана алатын пайдалы білім алады, сондай-ақ, мобилді қосымшаны өз бетінше жасап, халықаралық IT-байқауларға қатысуға мүмкіндік алады.
Толық ақпарат: https://coding-lab.kz сайтында