«Кәсіби бағдарлау» жобасының мақсаты — балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың балаларына оларды әлеуметтік бейімдеуге көмектесу. Біз осы білім беру мекемелерінің балалары бітіргеннен кейін өмір сүруге, оқуды жалғастыруға және дамуға көмектесетін пайдалы практикалық дағдыларға ие болғанын қалаймыз, бірақ ең бастысы — өздеріне жұмыс табу.
6 жыл ішінде біз 12 курс ұйымдастырып, 19 арнайы шеберхана ашып, Қазақстан бойынша мектеп-интернаттар мен балалар үйлерінде педагогтар мен жобаға қатысушылар ретінде ондаған мейірімді және бейжай қалмайтын адамдарды тарттық. Біз 5 балаға шаштараз шеберлігін үйреттік, осы жасөспірімдердің бірі Алматыдағы барбер-салонда тәжірибеден өтіп жатыр, сондай-ақ 3 оқушыдан тұратын жаңа топ жиналды. 60 бала тігін шеберлігіне оқытылды. 80 — еуропалық асүй тағамдарын дайындау курстарында болды, ал бір жасөспірім Алматыдағы Qaganat қоғамдық тамақтану желісінде тәжірибеден өтуде.
Жобаны іске асыру бірнеше кезеңнен тұрады:
Осы бағдарламаның 3 нұсқасын қолдай аласыз:
Бірінші нұсқа — шеберханалар ашуға қаражат аудару.
Екінші нұсқа — жасөспірімдерге арналған қысқа мерзімді кәсіптік бағдарлау курстарын төлеуге қаражат аудару.
Үшінші нұсқа — сіз еріктіге айналып, оларға сіздердің білімдеріңізді, пайдалы кеңестеріңіз бен дағдыларыңызды жеткізесіз.