KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

ӘЛЕМДІ КӨРІП ТҰРМЫН

БҰЛ ЖОБА ЖЫЛ САЙЫН ЖҮЗДЕГЕН ЖАҢА ТУҒАН БАЛАЛАРДЫ МҮГЕДЕКТІКТЕН ҚҰТҚАРАДЫ

Офтальмологтардың мәліметінше, Қазақстанда мерзімінен бұрын туған сәбилердің 49%-да шала туған нәрестелердің ретинопатиясы диагностикаланады.

Ретинопатия — шала туған баланың көзінің торында қан тамырларының нашар қалыптасуына байланысты көру бойынша патология.

Тәуекел аймағында жыл сайын мыңдаған жаңа туған нәрестелер болады. Бала мерзімінен бұрын туған сайын мүгедектікке әкелетін ауыр нысандағы ретинопатияның пайда болу қаупі соғұрлым жоғары болады.

Шала туған сәбилердің ретинопатиясында ешқандай сыртқы белгілер жоқ. Тек мамандандырылған және оқытылған офтальмолог арнайы диагностикалық жабдықтың көмегімен — ретиналды камера мен маңдайлық офтальмоскоптың көмегімен ретинопатияның ерте пайда болуын көріп, көз торының лазеркоагуляциясына бағыттай алады.

Ерте туған сәбилерде офтальмолог ретинопатия диагностикасын өмірінің 3-4 аптасында жүргізеді. Күрт дамыған нысанында көз торының лазеркоагуляциясын 24-72 сағат ішінде жүргізу қажет. Жоғалған уақыт көру қабілетінің толық жоғалуына, яғни мүгедектікке әкеп соғуы мүмкін.

AYALA қайырымдылық қоры «Әлемді көріп тұрмын» жобасы аясында Перинаталдық және ғылыми орталықтарды, сондай-ақ Қазақстанның көпбейінді облыстық ауруханаларын:

  • ретинальды камералармен;
  • маңдайлық офтальмоскоптармен;
  • офтальмологиялық лазерлермен;
  • «Луцентис» препаратымен жабдықтауға қаражат жинауда.

Жоба 2022 жылдың мамыр айында AYALA Қайырымдылық қоры мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қол қойған Ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес жүзеге асырылуда.

КӨМЕКТЕСКІМ КЕЛЕДІ

Ай сайынғы жазылуды ресімдеңіз және Қамқорлық күшінің бір бөлігі болыңыз!

Айына 1000 теңге болса да, қолдауға мұқтаж балалардың өмірін сақтап қалуға, әр күнін жақсартуға көмектеседі.

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс