Қарағандыда Әмір мен Әдеміні облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлері гипотермия құрал-жабдықтары көмегімен құтқарып қалды. Біз оны мамыр айында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен орнаттық.
Балқаштық Рыспек Салтанат қызының дүниеге келген сәтін көзіне жас алмай еске ала алмайды. Әдемі ауыр гипоксия — оттегі жетіспеушілігімен дүниеге келді. Бала ұрық маңындағы суды жұтып, өз бетінше дем ала алмады. Кейін оқиғалар кинодағыдай дамыды — келесі күні Әдеміні ұшақпен Қарағандыға алып кетті.
«Ол қозғалыссыз жатты, көзін ашпады. Әдемі реанимация бөлімінде гипотермия аппаратына қосылды. Бір аптадан кейін Қарағандыға өзім келдім, бұрын мені Балқаш перзентханасында дәрігерлер жібермейтін, — дейді Салтанат. Бір апта өткен соң менің Әдемім ширап, өз бетінше дем ала алатын жағдайға жетті». Қазір оның жағдайы жақсы, ол анасымен бірге үйде.
Осындай оқиға Жантөре Жансауленің ұлы — кішкентай Әмірде де болды. Бала өкпенің жасанды желдеткішіне қосылған гипотермия аппаратында жатты.
«Реанимация бөлімінде маған Әмірге күтім жасауға рұқсат берілді. Мен оның жөргектерін ауыстырып, оған сағаттап қарадым, кішкентай нәрестемнің аппаратта жатқанын көрдім. Менде қорқыныш та болды, мұндай құрылғыларды бұрын тек кинодан көргенмін. Бірде реанимация бөліміне кірсем, аппарат өшірулі екен. Мен медбикеге жүгіріп барып, оған «Сіз менің ұлымды ұмытып кеттіңіз!» деп жылаймын. Ал маған оның жағдайы жақсы деп жауап береді! Мен дәрігерлерге, медбикелерге және балаларымызды құтқару үшін құрал-жабдықтарды сатып алып, тапсырғандарға алғысымды білдіремін», — дейді Әміренің анасы.
Барлық балаларға, олардың ата-аналары мен дәрігерлерге мықты денсаулық тілейміз! Осындай керемет жаңалықтар көбейе берсін!