KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ДӘРІГЕРЛЕР ҚҰТҚАРҒАН НӘРЕСТЕЛЕР КӨБЕЙЕДІ

22.06.2022

Жамбыл облыстық көпбейінді аурухананың Перинаталдық орталығында автоматты гипотермияның аппараттық кешені пайда болды. Ол облыстың неонатолог дәрігерлеріне бұрынғыдан да көп жаңа туған нәресте өмірін құтқаруға көмектеседі. Автоматты гипотермия баланың денесін біртіндеп салқындатуға, одан кейін оның ағзасындағы алмасу процестерін қалыпқа келтіруге көмектеседі. Ол бала орта және ауыр асфиксиямен (тыныс алудың бұзылуы және организмде оттегінің жетіспеуі) туған кезде қолданылады. Жаңа туған нәрестені туғаннан кейінгі бірінші сағатта біртіндеп салқындатылуы оның метаболизмін өзгертеді және мидың өмірлік маңызды функцияларын сақтайды. Құрал-жабдықтарды «Өмір сыйлайық» жобасы аясында Halyk Bank демеушілік қолдауымен AYALA қайырымдылық қоры сатып алды.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылының 15 жылы ішінде біздің қор отандық дәрігерлерге жаңа туған балалар өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектесіп келеді. Біз оны бірнеше бағытта жасаймыз. Тегін курстарда дәрігерлердің біліктілігін арттыруға көмектесеміз. Реанимацияны заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету үшін демеушілер табамыз. ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен үнемі диалогтамыз, мемлекетімізге көмектесу және қайырымдылық көмектің барынша тиімділігін қамтамасыз ету үшін біліктілігі жоғары дәрігерлерден кері байланыс аламыз. Күн сайын Қазақстан бойынша реанимацияда жүздеген баланың өмірін сақтап қалуға көмектесетін «Өмір сыйлайық» жобасына қолдау көрсеткені үшін Halyk Bank басшылығына зор алғысымды білдіремін», — деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.

Облыстық көпбейінді аурухананың Перинаталдық орталығы — бұл өңірдегі үшінші деңгейлі жалғыз мекеме. Жүкті, босанған әйелдер және қауіптіліктің жоғары тобына енген жаңа туған нәрестелер тек осында ғана білікті медициналық көмек ала алады. Сондықтан болашақ аналар мен жаңа туған нәрестелерді облыстың түкпір-түкпірінен дәл осы Перинаталдық орталыққа алып келеді. Жыл сайын мұнда 5,5 мыңға жуық ана босанады.

2015 жылы Облыстық аурухана Перинаталдық орталыққа арналған реанимациямен жабдықталған жаңа кең ғимаратқа ие болды. Бірте-бірте облыста неонаталдық өлім-жітім көрсеткіші төмендей бастады — 2021 жылдың соңындағы жағдай бойынша ол 1000 нәрестеге шаққанда 7,3 жағдайды құрады. Алайда басқарылатын автоматты гипотермия жүргізу үшін аппараттың болмауы мәселесі өткір тұрды.

«Біз AYALA Қайырымдылық қорына өз проблемамызбен жүгіндік және ауруханамызға уақытылы және осындай қажетті көмек көрсеткені үшін Halyk Bank-ке ризашылығымызды білдіреміз. Бізде гипотермияның аппараттық кешенін сатып алу үшін бюджеттік мүмкіндіктер болған жоқ. Жыл сайын Перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімінде дәрігерлер асфиксиямен туған 30-ға жуық нәрестеге күтім жасайды. Бұл ретте механикалық гипотермия қолданылды — қолмен ондаған сағат бойы әрбір сәби салқын су құйылған пакеттермен салқындатылды. Бізде баланың бас миының жұмыс көрсеткіштерін үнемі бақылап отыру және терапияны жедел түзету үшін қажетті амплитудалқ электрэнцефалография аппараты де болған жоқ. Осының бәрі біздің реанимациялық әрекеттеріміздің мүмкіндіктерін айтарлықтай қиындатты. Қазіргі заманғы гипотермия аппараттық кешенінің арқасында біздің өңірде тірі қалу және ең бастысы, жаңа туған нәрестелердің функционалдық денсаулығының көрсеткіштері айтарлықтай артады. Біз балалар өміріне көбірек араша бола аламыз — бұл біздің күрделі жұмысымызда аурухананың барлық дәрігерлеріне шабыт береді», — деп атап өтті Жамбыл облыстық көпбейінді аурухананың бас дәрігері Қайрат Қыдырәліұлы Жетібаев.

Құны 20 млн теңгеден асатын гипотермия кешеніне автоматты гипотермия аппараты мен амплитудалы электрэнцефалография мониторы кіреді. Ол екеуі дәрігерлерге жаңа туған нәрестелерді құтқару және емдеу үшін қолданылатын терапияны бақылауға және тиімді түзетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жабдықтарды орнатқаннан кейін қор дәрігерлерді жаңа аппараттарды дұрыс қолдану бойынша практикада оқытады. AYALA қайырымдылық қорының бағалауынша бірнеше жыл бойы мұндай тәсіл Жамбыл облысында дүниеге келген жүздеген баланың өмірі мен зиятын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

«Halyk Bank ұзақ жылдар бойы AYALA қорының қайырымдылық бастамаларын — Қазақстан балаларының дене және ақыл-ой денсаулығын нығайтуға жасаған әрекеттерін қолдап келеді. Бірлескен қайырымдылық жобаларды жүзеге асырудың 15 жылы ішінде біз балалар ауруханаларының реанимацияларын жарақтандыруға, сондай-ақ мұқтаждыға бар көп балалы отбасыларға көмек көрсетуге 200 млн теңгеден астам қаражат жұмсадық. Мемлекет басшысы Балалар жылы деп белгілеген биылғы жылы Жамбыл облыстық ауруханасының Перинаталдық орталығын қажетті заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыру жобасына қолдау көрсеттік. Бұл көмек еліміздің басты құндылығы — өскелең ұрпақтың өмірін сақтап қалуға көмектесетініне сенімдіміз», — деді Halyk Bank-тің Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова.

Айта кетейік, 2020 жылы Halyk Bank қолдауымен AYALA қоры облыстық № 3 перинаталдық орталыққа гипотермия аппараттық кешенін тапсырған болатын. 5 жыл ішінде қор Қазақстанның 9 перинаталдық және ғылыми орталықтарын гипотермия аппараттарымен жабдықтады. Осының арқасында 205 жаңа туған нәрестенің өмірі құтқарылды. Тағы 5 аппараттық кешенді қор екінші жартыжылдықта еліміздің облыстық перинаталдық орталықтарына беруді жоспарлап отыр.

«Өмір сыйлайық» жобасы мен басқа да бастамалар аясындағы 15 жыл ішінде AYALA қайырымдылық қоры қазақстандық 67 денсаулық сақтау мекемесіне 2,2 миллиард теңге сомасына 1100-ден астам реанимациялық медициналық жабдықтарды тапсырды. Қазақстанда дәрігерлер тегін курстарда біліктілігін арттыру кезінде алған осы жабдықтар мен білімдердің арқасында 200 мыңнан астам бала құтқарылды.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс