AYALA қоры DOS Community дайындаған «Үздік тәжірибелер: адамдар мен қоғамдық өзгерістер туралы хикаялар» жинағына енді. Бұл – Қазақстанда соңғы 5 жыл ішінде жүзеге асырылған 25 қуатты әлеуметтік бастаманы қамтыған ауқымды зерттеу. Жинаққа жай ғана көмектесіп қана қоймай, нақты өлшенетін нәтиже беріп, адамдардың өмірін түбегейлі өзгертетін жобалар біріктірілген – жергілікті қауымдастықтардан бастап ұлттық бағдарламаларға дейін.
AYALA Қазақстанда феталдық хирургияны іске қосу кейсімен ұсынылды. Бұл – елдегі денсаулық сақтау жүйесінің дамуына жаңа кезең әкелген жүйелі жоба.
«Үздік тәжірибелер» – Қазақстанда іске асырылған, шағын қауымдастықтардан бастап ұлттық бағдарламаларға дейінгі әлеуметтік бастамаларды қамтитын, нақты нәтиже беріп, адамдардың өмірін өзгертетін ауқымды зерттеу мен жинақ.
Қазақстанның коммерциялық емес секторы үшін айқын бағдарлар қажет: кездейсоқ сәттілікті тұрақты нәтижеден, бір реттік акцияны жүйелі модельден ажырата алу маңызды. Қоғам үшін – сенім мен ашықтық, бизнес пен мемлекет үшін – әлеуметтік әсер мен жауапкершіліктің түсінікті тілі қажет.
«Жинақтың мақсаты – әлеуметтік мәселелерді шешуге елеулі үлес қосып жүрген, тұрақтылығын дәлелдеген және өзгелерге үлгі бола алатын жобаларды анықтап, кеңінен таныту. “Шеврон” компаниясының қолдауымен біз маңызды жұмыс атқардық: азаматтық энергияны зерттеушілік тәртіппен ұштастырып, мықты тұстар мен әлі де жетілдіруді қажет ететін бағыттар туралы ашық айтуға болатын сенім кеңістігін қалыптастырдық», – деді DOS Community ұйымының СЕО-сы Айнұр Аймұрзина.
«Үздік тәжірибелер» жинағы адами хикаялар мен қатаң іріктеу әдістемесін біріктіреді, осылайша әрбір бет әрі шабыт көзіне, әрі практикалық құралға айналады. Жобаның өзегінде – адам, оның қадір-қасиеті және өлшенетін нәтиже.
«Менің қорым жүзеге асырған феталдық хирургияны іске қосу тәжірибесі бар жобаның 700-ден астам ұсыныс пен өтінімнің ішінен іріктеліп, осы жинаққа енгенін мақтанышпен айтамыз. Біздің жобамызды қоса алғанда, 25 кейстің әрқайсысы дәлелденген тиімділік, әлеуметтік әсер, басқарушылық жетілу деңгейі мен ашық рәсімдердің болуы, жобаның беделі мен қоғам тарапынан сенім, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі танымалдылық, ауқымдау және қайта қолдану әлеуеті, сондай-ақ қоғамның бастамаға қатысу деңгейі сияқты критерийлер бойынша бағалаудан өтті», – деп пікір білдірді AYALA қорының негізін қалаушы әрі президенті Айдан Сүлейменова.
DOS Community командасына және «Шеврон» компаниясына Қазақстанда күшті, кәсіби әрі адал коммерциялық емес секторды дамытуға қосқан қолдауы мен үлесі үшін алғыс білдіреміз. Өсу мен сенімнің зор энергиясын қалыптастыратын осы маңызды жобаның бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз!