KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

Сурет салып өлең жазатын ардагер

26.08.2020

Біздің қор Samsung компаниясына өте маңызды әлеуметтік жобаны іске асыруға көмектесіп жатқаны сіздерге белгілі. Бұл компанияның демеушілік қолдауымен біз Алматыдағы 40 ардагерге ай сайын азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен көмек көрсетеміз.

Олардың бірі — Иван Иванович Ролдугин. Иван Иванович қазір 93 жаста. Ол – профессор, биология ғылымдарының докторы. Ғылыми экспедициялармен бүкіл Қазақстанды аралап шықты, тауларды өте жақсы көреді. Осы кісінің және басқа белсенділердің арқасында кезінде тянь-шаньдық ағаштардың шабылуына жол берілмеді. Иван Иванович «саяхатшылар өмірге басқаша қарайды, сондықтан табиғат-анаға ұқыпты» деп сенеді.

Өзінің 93 жасына қарамай ол өзі жүреді және тіпті тамаша сорпа дайындап, біздің үйлестірушіміз – Әлжан Құсайынованы қонақ етіпті, ол осы оқиғаны бізбен бөлісіп отыр. Сонымен қатар ол мандолинде, балалайкада, гитарада ойнайды. Сурет салады және өлең жазады. Иван Иваныч — тамаша, жайдары, ақжарқын Адам. Ауруына шағым айтпайды, қиындыққа толы өмірін туралы жылылықпен және ризашылықпен еске алады.

Біз оған және барлық ардагерлерге зор денсаулық, бақыт және әр күніне тыныштық тілейміз!

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс