«Cummins Қазақстан» компаниясының қолдауының арқасында біз «Таңшолпан» балалар үйінде 2 шеберхананы жабдықтадық. Онда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 63 бала тұрады.
5-11 сынып оқушылары тігін және ағаш шеберханаларында жаңа жабдықтарды қолдана отырып тәжірибелі педагогтардың жетекшілігімен оқи алады.
Тігін шеберханасы ең қажетті заманауи жабдықтармен: 5 тігін машинасы, 2 торлағыш, 3 үтіктеу тақтасы және 3 үтік, тік булағыш, бу генераторы, шаңсорғышпен толықтай жабдықталған.
Оқытуға қолайлы жағдай жасау үшін арнайы 8 үстел, құрал-саймандар, материалдар мен тігін фурнитурасын сақтауға арналған шкаф-қабырға тапсырыспен жасалды. Сондай-ақ, онда айнасы бар, кілем, диван мен қалқасы бар киім өлшейтін бөлме — жалпы, қыздар бар ынтасымен тігуді үйренуі үшін керектің бәрі бар.
«Біздің шеберханада тігуге оқыту бесінші сыныптан басталып, он бірінші сыныпқа дейін жалғасады. Алдымен олар қарапайым заттарды: үшкіл орамал, алжапқыш, сүлгі пішуді және тігуді үйренеді. Олар біртіндеп анағұрлым күрделі тапсырмаларға, соның ішінде төсек-орын жабдықтары мен сыртқы киімдерді тігуге көшеді. Біз осындай керемет сыйлық үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Кейбір тәрбиеленушілер үшін бұл олардың болашақ кәсібінің немесе тіпті өз ісінің негізі болатынына сенімдімін», — деді «Таңшолпан» балалар үйінің директоры Серік Елтайұлы Әмірханов.
Ағаш шеберханасында қажеттінің барлығы: станоктар, аралар, балғалар, өлшеу жабдықтары, тескіштер, бұрамшегені бұрағыштар, сомын кілттері, робототехникаға арналған жабдықтар жиынтығы және тіпті мекемеге пайдалы заттарды дайындауды үйрену үшін бірнеше килограмм пластикпен бірге 3D принтер де бар.
2 шеберханаға берілген жабдықтың жалпы құны 4 552 523 теңгені құрады.