KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

РФММ студенттері тұрмысы төмен отбасыларынан жаңа оқушылар алды

28.10.2020

РФММ «Аяулы балапан» қайырымдылық үйірмесінің еріктілері 8 қазанда Алматының № 10 және № 17 мектеп-интернаттарының 7-9 сынып оқушыларына репетиторлықты жалғастырды. Сабақтар онлайн режимде өтеді.

Биыл еріктілер 38 оқушымен айналысуда: №10 МИ-ден 23 оқушы және № 17 МИ-ден 15 оқушы. Олар аптасына бес рет сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін сабақ береді. Кездесулер Google Meet пен Zoom-да өткізіледі.

РФММ 10-11 сынып оқушылары осы жобаның менторлары ретінде әрекет етеді. Бұлар 11 «В» сыныбынан Исмаилов Бөгенбай, Жақсылықов Еркебұлан және Ақбаева Әнел, 11 «Д» сыныбынан Усерова Сабилля, 10 «С» сыныбынан Сүлеймен Хабиба мен Батырбек Темірлан.

«Біз ерікті болғысы келетіндерге және басқаларға көмек көрсетуге дайын адамдарға үлгі көрсетудеміз. Өзін өзі оқшаулау режимі жағдайында репетиторлықты ұйымдастыру мәселесі жөнінде егжей-тегжейлі әңгімелеуге дайынбыз, тәжірибеміз де бар. Біздің көмегіміз еліміздің барлық қалаларындағы басқа мектептерде, университеттерде өз жалғасын табады деп үміттенеміз», — дейді РФММ менторлары.

«Қашықтан оқу кезінде тіпті біз, физматтықтар, кейде тақырыпты түсінуіміз қиынға соғады. Басқаларға көмектесу арқылы біз өткен материалды пысықтаймыз. Қамқорлығымыздағы балалардың «Арыстанға» түскенін көріп, оқуға көмек көрсету керек екеніне сеніміміз арта түсті. Біздің қайырымдылық шараларымыз жалғасады, алдағы уақытта қайырымды істерімізді көбейте бермекпіз» — деді «Аяулы балапан» үйірмесінің еріктілері.

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс