KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

SOLVE FOR TOMORROW ЖОБАСЫ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВИЗИОНЕРЛЕРДІ ДАЙЫНДАП ШЫҒАРДЫ

13.09.2023

Samsung Electronics мұрындық болған стартаперлер конкурсы –   Solve for Tomorrow ақтықсынының жеңімпаздары анықталды. 2023 жылғы жазғы курс табысты аяқталып, оның шеңберінде 115 дарынды қазақстандық жоғары сынып оқушылары кәсіби дайындықтан өтті. Бірінші орын мен 4 млн көлеміндегі сыйлықты өрт сөндірушілердің қолы жетпейтін жерлердегі өрт ошақтарын сөндіре алатын AIDAHAR атты өрт сөндіруші роботты таныстырған Астаналық Shabyt командасы алды.

 Болашақ IT-кәсіби мамандарын дайындауға бағытталған Samsung Electronics компаниясының жобасы жас стартаперлерді практикалық дайындау бойынша 2023 жылғы жаздық курсын табысты аяқтады.

9 қыркүйек күні қазақстандық жоғары сынып оқушылары қатысқан Solve for Tomorrow республикалық конкурсының ақтықсыны өткізілді. Осы әлеуметтік жоба Samsung Electronics жетекшілігімен Қазақстанда биыл үшінші жыл жүзеге асырылуда. Жобаның серіктесі ретінде «Аяла» жеке қайырымдылық қоры қатысады. Solve for Tomorrow бағдарламасы 2009 жылы АҚШ-та ашылған және содан бері бүкіл әлемнің 23 елін қамтыды.

SFT қатысушылары өз стартаптарын ойластырудан бастап жүзеге асыруға дейін алты ай бойы жүмыс жүргізеді. Олардың мақсаты – ғылым, технология, инженерлік іс пен математика (STEM) көмегімен күрделі әлеуметтік мәселенің шешімін табу. Биыл 1600 аса оқушы қатысуға өтінім берді, олардың ішінен 33 команданың атынан жартылай ақтықсынға 115 қатысушы іріктеліп алынды. Ақтықсынға тоғыз команда өтіп, олар өз жобаларын қорғау үшін Астанаға шақырылды.

Astana IT University ғимаратында өткен жобаны қорғау мен марапаттау салтанатының құрметті қонақтары ретінде – білікті әділ-қазылар мүшелері, министрліктер өкілдері мен Қазақстандағы Samsung Electronics басшылығы шақырылды. Биыл таңдалған тақырыптардың ішінде қозғалған мәселелер: халық арасында жұқпалы ауырулардың таралуы, Брайль принтерлерінің қолжетімділігі, өрттің таралуы, көзі нашар көретін адамдар арасында кеңістікте бейімделу мәселелері, аутизмге душар адамдарға көмек және басқасы қарастырылды.

Сындарлы талқылаудан кейін жюри мүшелері қиын таңдау жасап жеңімпаздарды анықтады: 1 орын мен 4 млн теңге көлеміндегі жүлдені Астана қаласынан Shabyt командасы алды. Команда өрт сөндірушілердің қолы жетпейтін жердегі өрт ошақтарын сөндіре алатын AIDAHAR өрт сөндіруші роботын таныстырды. Екінші орын және 2,5 млн Қарағандыдан келген Full Speed командасының еншісіне тиді. Олар автоматтандырылған мүгедектер арбасының қолжетімділік мәселесінің шешімін ұсынды. Биыл үшінші орын мен 1 млн бірдей екі командаға табысталды, олар Алматылық Balashaqim мен Тараздық IMA group командалары. Balashaqim аутизмге шалдыққан балаларға арналған қолданбаны ұсынды, қолданба балаларға айналадағылардың эмоцияларын тануға көмектеседі, ал IMA group қазақ тілін қолдайтын ең бірінші Брайль принтерін көрсетті. Қалған ақтықсын қатысушылары 300 000 теңге көлемінде жүлде алды. 2023 жылы Solve for Tomorrow жобасының жүлде қоры 10 млн теңгеден асатын соманы құрады.

Жеңімпаздар Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин мен Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі Камиль Ақатовтың қолынан чек алды.

«Solve for Tomorrow жобасы – қатысушылар инновациялық ойлау қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар айналымыздағы әлемге шынайы өзгерістер әкелетін платформаға айналды, — деп Қаныш Төлеушин атап айтты. –  Сендер – болашақтың көшбасшыларысыңдар және сендердің IT салаға үлестерің біздің әлемімізді жақсы жаққа өзгерте алады».

Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының президенті Минки Чу мырза барлық қатысушыларға бүкіл әлемдегі адамдардың өмірін жақсартуға көмектесетін идеяларды болашақта жүзеге асыруда табыс тіледі.

Samsung 13 пен 18 жас аралығындағы дарынды жастарға өзін көрсетуге және шабыт беретін өзгерістердің бір бөлігі болуға мүмкіндік беретін  Solve for Tomorrow жобасының кезекті басталуына қатысушылар жинайтынын келесі жылы тағы жариялайды.

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс