KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

«СІЗ БІЗГЕ ҚАНАТ СЫЙЛАДЫҢЫЗ» — «ЖАС ҚЫРАН» ЖОБАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

06.10.2023

Air Astana компаниясының «Жас Қыран» дарынды балаларға қолдау көрсету бағдарламасының алғашқы жеңімпаздары өздерінің халықаралық жетістіктері туралы әңгімелеп берді.

Жобаға қатысудың арқасында ақтөбелік «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Артур Ким Ганноверде өткен физикадан VII Еуропалық олимпиадада қола медаль иеленді. «Физика пәнінен олимпиадаға бару мен үшін өте маңызды болды. Өйткені, осындай елеулі жарыстарға қатысудың құнды тәжірибесін берді. Мен ғылымда дербес жаңалықтар жасау үшін беделді университетке түскім келеді. Менің арманымды жүзеге асыруға көмектескені үшін Air Astana-ға үлкен рахмет», — деп атап өтті Артур.

Алматыдағы № 54 мектептің 11 сынып оқушысы Матвей Рыбалкин Пекиндегі робототехника бойынша Дүниежүзілік жарыста ІІ орынды иеленді. «Мен ұзақ жылдар бойы робототехникамен айналысып келемін. Air Astana маған халықаралық конкурста өнер көрсету мүмкіндігін іске асыруға көмектесті. Халықаралық жарыстарға қатысу техникалық тұрғыдан тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Қазақстандағы республикалық байқауларда мен үздік нәтиже көрсеткенмін, Пекиндегі конкурсқа қатысуым маған үлкен тәжірибе сыйлады, робототехниканы жетілдіру мен дамыту бағытын көрсетті», — деді Матвей.

Астанадағы дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебінің 8 сынып оқушысы Диана Тыныштық Прагада өткен X Халықаралық шахмат турнирінде халықаралық спорт шеберлігіне үміткер атағын алды. «Тамыз айында «Жас Қыран» жобасының арқасында менің Чехияға 2 шахмат турниріне сапарым шектім. Оларға қатысу маған халықаралық спорт шеберлігіне кандидатқа дейін көтерілуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар мен Қазақстанның ең мықты 20 шахматшысының қатарына кірдім. Сапар барысында мен сәулеттен, мәдениеттен, түрлі елдерден келген шахматшылармен қарым-қатынас жасаудан тамаша әсер алдым, спорттық тәжірибе жинадым және жетістіктерге жеттім, одан әрі кәсіби өсуіме себепші болды. Қазақстанның дарынды балаларына көмектескені үшін Air Astana-ға көп рахмет – сіздер шын мәнінде бізге қанат сыйладыңыздар», — деп әсерімен бөлісті Диана.

Тағы 3 оқушы жол жүру грантының иегері атанды және осы жылдың соңына дейін Ұлыбритания мен БАӘ-де өз таңдауы бойынша халықаралық конкурстарға қатысады.

«Жас Қыран» — бұл Air Astana компаниясының дарынды балаларға арналған жол жүру гранттарының бағдарламасы. Авиакомпания өзінің халықаралық бағыттары бойынша 1 балаға және 1 еріп жүретін адамға ай сайын 5 тегін эконом-класты авиабилет ұсынады. AYALA қоры осы конкурстың тәуелсіз қазылар алқасының құрамына кіреді және жол жүру грантының иегерін объективті және әділ анықтауға көмектеседі. Бағдарламаға халықаралық жарысқа, конкурсқа немесе олимпиадаға ресми шақырту алған 7-17 жас аралығындағы Қазақстанның кез келген азаматы қатыса алады. Іріктеу жоспарланған саяхатқа дейін кемінде 2 ай бұрын zhaskyran@airastana.com мекенжайына жіберуге болатын бейне өтініштер бойынша жүргізіледі.

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс