KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

Samsung IoT жұмыс істеу жөніндегі тегін курстың алғашқы түлектерін марапаттады

06.04.2022

Samsung Innovation Campus «Си» тілінің негіздерін үйрену және Arduino үлгісімен микрокомпьютерлермен жұмыс істеу жөніндегі тегін курстың алғашқы түлектерін марапаттады.

Алғаш рет курстың 9 тыңдаушысынан 8 жобаны қыздар — № 134, № 120 гимназиялардың жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ мен Сүлеймен Демирел Университетінің студенттері қорғады!

Қарашадан наурызға дейін курс студенттері аптасына екі рет 2 сағаттан айналысты. Осы уақыт ішінде олар Arduino базасында түрлі құрылғыларды жасауды және бағдарламалауды, түрлі макет платаларымен, моторлармен, датчиктермен және оқу үшін Samsung компаниясы ұсынған басқа да автоматтандырылған элементтермен жұмыс істеуді үйренді. Финалистер бағдарламаланған аттракциондар паркі мен «ақылды үйден» автоматты сабын мөлшерлегішіне және автоматтандырылған қолға дейін 8 жобаны қорғауға ұсынды.

Бірінші орынды «Amusement park» жобасымен Виктория Деревнина иеленді. Қыздың өзі ойын-сауық саябағында басқарылатын шағын аттракциондардың макетін жасап, бағдарламалаған. Виктория Еуропалық одақтың жетекші ЖОО бірінің робототехника факультетіне түсуді және болашақ кәсіби өмірін осы бағытпен байланыстыруды армандайды.

Екінші орын Жәния Қалжан «Ақылды үй» жобасымен иеленді – бұл қыз ҚазҰТУ-да сәулетші мамандығы бойыша оқиды және өз жұмысында қауіпсіз басқарылатын кеңістік үшін заманауи IT-технологияларды қолдана отырып, сәулеттік шешімдерді пысықтауды біріктірді.

Үшінші орынды Фатима мен Медина Майсар «Иттерді азықтандыру» жобасымен иеленді — қыздарды Стамбулда орнатылған үйсіз жануарларға арналған автоматтандырылған астау шабыттандырды.

Қоқысты қабылдау кезінде өздігінен ашылатын «Ақылды себет» жобасымен Назия Жаңабаева 4-орын алды.
Бағдарламалау тұрғысынан өте күрделі «Роботтандырылған қол» жобасымен 5-орын Наргиз Қаниеваның еншісінде.
6-орынды Альфия Жарылқасын «Сабынның автоматты мөлшерлегіші» жобасымен иеленді. Бұл курстың барлық түлектеріне Samsung Innovation Campus сертификаты мен Samsung компаниясының құндық сыйлықтары берілді!

Оларға бағдарламалауда және IT-курстарда оқуда болашақ табыстар тілейміз!

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс