KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

SAMRUK-KAZYNA TRUST ҚОЛДАУЫНЫҢ АРҚАСЫНДА ТАЛДЫҚОРҒАННЫҢ ОПО ГИПОТЕРМИЯ ПАЙДА БОЛДЫ

28.07.2022

2022 жылы «Samruk-Kazyna Trust» қорының демеушілік көмегімен гипотермияның аппараттық кешендерімен жабдықталатын бес перинаталдық орталықтың біріншісі гипотермия аппараты мен электрэнцефалография мониторын алды. Бұл заманауи медициналық жабдықтар Жетісу облысында 5 жыл ішінде жаңа туған мың баланың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі.

Талдықорғанның облыстық перинаталдық орталығы жансақтау бөлімін босану кезінде ауыр және орташа ауыр асфиксиясы бар жаңа туған нәрестелерді құтқару және емдеуге арналған жабдықтармен толық жарақтандыруды қажет етті. Орталық жыл сайын Алакөл, Ақсу, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Ескелді, Сарқан аудандарынан, сондай-ақ Талдықорған және Текелі қалаларынан шамамен 6 мың босанатын әйелді қабылдайды. Барлық күрделі жағдайлар, оның ішінде санитарлық авиация арқылы осы жерге жіберіледі. Мұнда 150 төсек орын орналасқан, оның ішінде он төсек орын — Патология және шала туған нәрестелерді емдеу бөлімшесінде орналасқан. Онда 34 дәрігер мен 126 орта медицина жұмыскері жұмыс істейді.

«Біз «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен AYALA ҚҚ-на реанимацияны жаңа жабдықтармен жарақтандырғаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Күн сайын біз орталықтың қабырғасындағы барлық ана аман-есен босанып, ал балалар дені сау болып тууы үшін жұмыс істейміз. Бірнеше жыл бойы гипотермия аппараты мен ЭЭГ мониторингіне  қол жеткізе алмадық. Біздің дәрігерлер бұл құрылғымен қалай жұмыс істеу керектігін біледі. Жыл сайын біз осындай 250-ге жуық балаға қолда бар құралдармен күтім жасаймыз. Енді біздің мамандарға заманауи медициналық аппараттар көмектесетін болады. Бұл біздің облысымыздағы сәбилер өлім-жітімі көрсеткіштерін және туылғаннан асфиксиясы бар балалардың мүгедектік қаупін төмендететініне сенімдімін», — деп атап өтті Алматы облысы Перинаталдық орталығының директоры Қанат Жұмашев.

Терапиялық гипотермияны жаңа туған нәрестенің өмірінің алғашқы сағаттарында қолдану қажет. Сонда ми жасушаларының жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік бар. Егер аппараттық кешен ауруханада болмаса, бала орталық жүйке жүйесінің ауыр функционалдық зақымдануымен қалып, ең ауыр жағдайда қайтыс болуы мүмкін. Гипотермия аппараты жаңа туған нәрестенің барлық денесін ұқыпты салқындатады. Дәл температуралық әсер ету қан ағынын түзетуге және нәрестелердің бас миының жасушалары мен зақымданған бөліктерінің қалпына келуін бақылауға мүмкіндік береді. Амплитудалық электрэнцефалография мониторы дәрігерлерге жаңа туған нәрестелерді құтқару және күтімдеу үшін қолданылатын терапияны бақылауға және тиімді түзетуге көмектеседі.

«Еліміздің болашағы үшін әрбір баланың өмірін сақтау маңызды. Биылғы жылы біз нәрестелер өлім-жітімінің деңгейі мен балалар реанимациясын алдыңғы қатарлы медициналық техникамен қамтамасыз ету мәселесі өткір тұрған 5 аймақ үшін жабдықтар сатып алуға қаржылай қолдау көрсеттік. Қазіргі заманғы аппараттар Талдықорған қаласының облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлеріне балалар өмірін одан әрі сақтап қалуға көмектеседі деп үміттенеміз», — деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.

2017 жылы AYALA қоры Қазақстанда алғаш рет автоматты гипотермияны сынақтан өткізді. Талдықорғанның Перинаталдық орталығында қор «Басқарылатын гипотермия» жобасы шеңберінде берген тоғызыншы аппараттық кешен орнатылды. 5 жыл ішінде гипотермия қондырғылары елімізде 210-нан астам баланың жанын сақтап қалды. 2022 жылдың қазан айының соңына дейін «Samruk-Kazyna Trust» демеушілік қолдауымен AYALA қайырымдылық қоры Орал, Өскемен, Ақтау және Шымкент қалаларының перинаталдық орталықтарында гипотермияның аппараттық кешендерін орнатады.

«15 жыл бойы біздің қор тиімді қайырымдылық деп санайтын тәсілді жүзеге асыруда. Біз мемлекеттік ауруханаларды заманауи реанимациялық жабдықтармен жарақтандырамыз және неонатолог дәрігерлерді онымен жұмыс істеуге үйретеміз. Гипотермияның аппараттық кешені бала жанын ғана емес, жаңа туған нәрестенің бас миын гипоксияға байланысты қайтымсыз зақымданудан сақтап қалуға көмектеседі, баланы функционалдық сау қалдырады. «Samruk Kazyna Trust» қорына болашақ ұрпақтың денсаулығына қосқан үлесі үшін және «Басқарылатын гипотермия» жобасын қолдағаны үшін алғыс айтамын», — деп атап өтті AYALA ҚҚ президенті Айдан Сүлейменова.

AYALA қоры жұмысының басты мақсаты — мемлекетке бала өлімі мен мүгедектігін азайтуға көмектесу. Бұл үшін қаражат жинау және демеушілерді тарту арқылы AYALA балалар реанимациясын заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етеді және қазақстандық неонатолог дәрігерлердің біліктілігін арттыруға көмектеседі. «Өмір сыйлайық», «Басқарылатын гипотермия» жобалары мен басқа да бастамалар аясындағы жұмыс барысында қор жалпы сомасы 2 млрд теңгеге 67 қазақстандық денсаулық сақтау мекемесіне 1100-ден астам реанимациялық медициналық жабдықтарды тапсырды. Осы жабдықтар мен дәрігерлер тегін курстарда біліктілігін арттыру кезінде алған білімдерінің арқасында Қазақстанда 200 мыңнан астам бала аман қалды.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс