KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫ ПАВЛОДАРДАҒЫ ОПО РЕТИНАЛДЫ КАМЕРА ОРНАТЫП БЕРДІ

19.12.2023

Мұндай камера Павлодар облысында жаңа туған сәбилердің көру қабілеті бойынша мүгедектігін төмендетуге мүмкіндік береді. Ретиналды камера «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландырумен облыстық Перинаталдық орталығына тарту етілді.

«Біз берген ретиналды камераның көмегімен енді жүздеген  сәбиді мүгедектіктен құтқарып қалуға, яғни шала туған нәрестелердің көзін тексеріп, дәл уақытнда диагноз қоюға мүмкіндік береді. Балалардың денсаулығына қатысы өңірлік жобаларды қолдау — «Самұрық-Қазына» АҚ үшін маңызды басымдықтардың бірі»- деп атап өтті  «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.

Павлодар облысында жыл сайын 10 000-нан астам бала дүниеге келеді. Өңірде соңғы бір жылда 763 сәби мерзімінен бұрын туылған. Мұндай балалардың 40%-да ретинопатия – көру қабілетінің толық жоғалуына әкеп соқтыратын ауыр диагноз қойылады. Дәрігерлер перзентханада неонаталдық офтальмологияның қалыптасуына көмектескені үшін «Samruk-Kazyna Trust» қорына зор ризашылығын білдірді.

Еске сала кетсек, «Жаңа туылған нәрестелердің ретинопатиясы» жобасын «Samruk-Kazyna Trust» қоры «АЯЛА» қайырымдылық қорымен бірлесіп жүзеге асыруда. 2021 жылдың мамыр айынан 2023 жылдың сәуір айына дейінгі аралықта автоматты гипотермия жабдықтарының алты аппараты арқылы 70-ке жуық жаңа туған нәресте құтқарылып отыр.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс