KZ RU
КӨМЕКТЕСКІМ КЕЛЕДІ

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

«Самұрық-Қазына» АҚ Маңғыстау облысында алғаш рет гипотермия аппаратын сыйға тартты

24.08.2022

Маңғыстау еліміздегі жаңа туған балалардың өлім-жітімі жоғары аймақтың бірі. Осы орайда «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» қорының демеушілігінің арқасында бүгін Ақтаудағы облыстық перинаталдық орталыққа нәрестелердің шетінеуін азайтып, мүгедектігінің алдын алатын гипотермия аппараты табысталды. Өңір дәрігерлері бұрын сәбилерді қолда бар құралдармен құтқарып келген.

Дәл мұндай озық медицина жабдығы Талдықорған қаласындағы перинаталдық орталыққа тарту етілді. 2022 жылдың қараша айына дейін «Ayala» қайырымдылық қоры Орал, Өскемен және Шымкенттің перинаталдық орталықтарында гипотермияның аппараттық кешендерін орнатады. Нәтижесінде, енді, дүние есігін ашқанда тұншығып қалатын өмір иесіне тез арада араша түсу мүмкіндігі Қазақстанның барлық өңірінде мүмкін болады.

Терапиялық гипотермияны жаңа туған нәрестенің өмірінің алғашқы сағаттарында қолдану керек. Температураның нақты әсері қан ағымын реттеуге және нәрестелер миының жасушалары мен зардап шеккен аймақтарының қалпына келуін бақылауға мүмкіндік береді. Амплитудалық электроэнцефалография мониторы дәрігерлерге жаңа туған нәрестелерді құтқару және күту үшін қолданылатын терапияны бақылауға және тиімді реттеуге көмектеседі.

«Балалар өлімін төмендету мәселесі Маңғыстау облысы үшін әлі де өзекті болып отыр. Медициналық жабдық бізге дәрігерлерімізге жаңа туған нәрестелерді құтқаруға, емдеуге және сауықтыруға көмектесетін болады. «Samruk-Kazyna Trust» және «Ayala» қорларына гипотермия аппараты мен электроэнцефалография мониторы үшін алғысымызды білдіреміз», — деп атап өтті облыстық перинаталдық орталықтың директоры Жапырақ Епенова.

Бұл медициналық мекеме 230 төсек-орынға есептелген және Маңғыстау облысындағы жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге жан-жақты білікті медициналық көмек көрсететін жалғыз мекеме болып табылады.

«Самұрық-Қазына» АҚ өзінің қайырымдылық қызметінде өңірлік жобаларға көп көңіл бөледі. Әсіресе, денсаулық сақтау саласындағы бастамалар ерекше қолдау табуда. Бүгін біздің өңірдегі перинаталдық орталық қажетті құрал-жабдықты алып, енді дәрігерлер дүние есігін ашқан нәрестелерге уақыт жоғалтпай, бірден Ақтау қаласында қол ұшын созатын болады», — деді «Қазпошта» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Дариға Өтебалиева.

«Samruk-Kazyna Trust» және «Ayala» қорларының «Басқарылатын гипотермия» бірлескен жобасы, босану кезінде ауыр және орташа ауырлықтағы асфиксиямен туған балалардың өмірі мен денсаулығын құтқаруға көмектеседі. 2017 жылдан бастап Қазақстанның 9 қаласында орнатылған құрал-жабдық арқылы 213 нәресте құтқарылды.

 «Біз балалар реанимациясын құрал-жабдықтармен және бала туғаннан мүгедектікті төмендетуге көмектесетін күту технологияларымен қамтамасыз етеміз. Жаңа туған нәрестені сақтап қалу өте маңызды. Гипотермияның аппараттық кешені нәрестенің миын сақтауға және гипоксияға байланысты қайтымсыз зақымданудан қорғауға көмектеседі», — деп атап өтті «Ayala» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

НҰР-СҰЛТАН

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс