Осы аптада Оңтүстік Кореяның Пусан ұлттық университеті госпиталінің дәрігерлер бригадасы Қазақстанға сапармен келді. Делегация құрамында гинеколог дәрігерлер мен балалар ортопедтері біздің қордың амбассадоры, профессор Ли Джон Соппен бірге жүр. Биыл профессор Ли мен ортопед дәрігерлер Өтеген батыр кентіндегі Алматы облыстық балалар ауруханасының ортопедия бөлімшесінде балаларды тегін тексереді. Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында дәрігер-гинекологтар пациенттерді тексеріп, шеберлік сыныптарын өткізеді.
AYALA қоры Пусан ұлттық университетінің госпиталімен 2017 жылдан бастап ынтымақтастық жасап келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстанда оңтүстік кореялық дәрігерлермен тәжірибе алмасу бойынша 16 практикалық шеберлік сыныбы өткізілді. 700-ден астам бала тегін кеңес алды, ал 19 қазақстандық дәрігер осы университетте біліктілігін арттырды.