KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

Қордың президенті Айдан Сүлейменова ерекше балаларға білім беруге көмектесті

19.06.2020

Қордың президенті Айдан Сүлейменова ерекше балалар мен олардың ұстаздарына қауіпсіз санитарлық режимде түзету оқуын жалғастыруға көмектесті.

Нұр-Сұлтан қаласындағы № 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде жыл сайын эмоциялық-ерік ауытқулары, аутизм, ЖСДГ, психикалық дамуы кешігіп, сөйлеу, есту және ақыл-парасаты ауыр бұзылған 850 бала оңалтудан өтеді.

Оқытудың үздіксіздігі ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды дамытуда ілгерілеуге қол жеткізу үшін өте маңызды.

Сондықтан біз № 1 ППТК-не орталыққа баратын балалар мен ересектердің температурасын бақылау үшін 3 дана байланыссыз инфрақызыл термометрлер  бердік.

№ 1 ППТК 3 филиалының әрқайсысына 22 қабырғалық бактерицидті сәулелендіргіштер орнатылды. Тағы 11 жылжымалы бактерицидті сәулелендіргіш ЕДШ кабинеттеріне орнатылды.

ППТК қызметкерлеріне біз 1,5 мың қолғап, 6 мың бетперде және 60 л. қол антисептигі берілді.

Қорғаныс құралдары мен жабдықтардың жалпы құны 1 616 000 теңгені құрады, бұл қаражатты қордың президенті Айдан Сүлейменова жинап берді.

№ 1 ППТК директоры Бақыт Бекболатқызы Әмринаның айтуынша, біздің қордың көмегінің арқасында балалар мен орталық мамандарының COVID-19 жұқтыру қаупін оңтайлы төмендету мүмкін болды. Ал бактерицидті шамдардың саны әр сабақ аяқталғаннан кейін барлық кабинеттердегі ауаны залалсыздандыруға мүмкіндік берді.

АЛМАТЫ

050040, Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Esentai Tower КАК, 9-қабат

Тел.: +7 (727) 327 60 43

Тел.: +7 (727) 356 17 38

Факс: +7 (727) 356 17 59

Б.: +7 (702) 808 33 23

E-mail: info@ayala.kz

АСТАНА

010000, Тұран даңғылы, 18

«Тұран 18» БО: Б блогы, 703-кабинет

Тел.: +7 (7172) 79 90 20

Б.: +7 777 364 26 43

E-mail: info@ayala.kz

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс