KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

Елорда дәрігерлеріне қордың көмегі

02.06.2020

Барлық қазақстандықтар сияқты біз де карантиндік шаралардың әлсірегеніне қуаныштымыз. Бірақ жұмыс пен қорғаудың күшейтілген режимі ауруханаларда әлі де белсенді болып отыр. Сондықтан біз медицина қызметкерлеріне олардың жұмысын күрделі жағдайда орындауға көмектесуді жалғастырамыз.

Осы аптада біз Нұр-Сұлтан қаласындағы № 3 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасының (КҚБА) дәрігерлері мен қызметкерлеріне тұрмыстық техника мен азық-түлік өнімдерін тапсырдық. Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері сыйға 15 мың медициналық маска алды. Көмектің жалпы сомасы — 1 371 324 теңге, оны «АЯЛА» қорының президенті Айдан Төлеутайқызы Сүлейменова ұсынды.

Барлығы 10 шағын тоңазытқыш, 10 микротолқынды пеш, 10 электр шәйнегі мен 10 термапот сатып алдық. Сондай-ақ әртүрлі өнімдердің 27 түрі, кәмпит, печенье, жаңғақ, құрғақ жемістер, шай, кофе, қағаз сүлгілер, сулықтар және бір реттік ыдыстар да бар. Бұлардың барлығы дәрігерлерге күшін тез қалпына келтіріп, балаларды сауықтыруға көмектесу үшін жұмысты жалғастыруына көмектеседі.

№ 3 КҚБА-да 230 дәрігер мен медбике жұмыс істейді. Аурухана қазіргі заманға сай және өте үлкен — 444 төсек-орынға есептелген. Қазір онда медициналық көмек нон-стоп режимінде көрсетіледі. Сондықтан тұрмыстық техника дәрігерлерге қарапайым тұрмыстық жағдайларда уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Термапоттардағы ыстық су, шай, кофе, құрғақ жемістер, печенье және кәмпиттер — тез тамақтандыруға арналған. Тоңазытқыштар сүт, түскі ас және кешкі ас сақтауға арналған. Осындай ұсақ-түйек нәрселердің өзі дәрігерлердің өздерін жақсы сезінуіне көмектеседі.

«Біздің аурухананың ұжымы мен әкімшілігі атынан «АЯЛА» қорына осындай көмек көрсеткені үшін алғыс айтқымыз келеді. Ол осы қиын күндері бізді азық-түлікпен, тұрмыстық техникамен, жеке гигиена заттарымен қолдады. Қордың барлық қызметкерлеріне мықты денсаулық және барлық істері мен жобаларына сәттілік тілеймін», — деді № 3 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері.

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс