Еліміздің перинаталдық орталықтары мен балалар ауруханаларының реанимацияларын жабдықтау жұмыстарымен AYALA қоры 15 жылдан бері айналысып келеді.
Ақпан айында BAYER Қазақстан компаниясының қолдауымен Қостанай қаласындағы Облыстық аурухананың Перинаталдық орталығы шала туған нәрестелердің қарқынды терапиясына арналған жаңа инкубатор, бес неонаталды пульсоксиметр және электрлік сорғыш алды.
«Біздің перинаталдық орталығымыз жыл сайын облыстың түкпір-түкпірінен келген 6000-ға жуық жүкті әйелдерді босандырады. Барлық жаңа туған нәрестелерді біз көптен күткен сәбидей қарсы аламыз, оларға және олардың аналарына қажетті медициналық көмекті көрсетуге дайынбыз. Әрине, әсіресе дене салмағы өте төмен нәрестелерді емдеуге көп көңіл бөлеміз. Қарқынды терапияға арналған инкубаторлар — біздің дәрігерлердің шала туған балаларды құтқарудағы бас көмекшісі. Неонатальды пульсоксиметрлер жаңа туған нәрестелердің орталық жүйке жүйесінің сақталуы тікелей байланысты болатын қанның оттегімен қанығу деңгейін дәл және тез анықтауға мүмкіндік береді. Біз заманауи сенімді құрал-жабдықтар жиынтығын алғанымызға қуаныштымыз және AYALA қоры мен BAYER компаниясына алғысымызды білдіреміз», — деп атап өтті Қостанай Облыстық ауруханасының бас дәрігері Арман Есетұлы Баймағамбетов.
Ал біз демеушімізге — BAYER Қазақстан компаниясына Қамқорлық күшімізді қолдағаны және Қазақстандағы сәби өлімі мен мүгедектігін азайтуға қосқан елеулі үлесі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!