KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

Oriflame компаниясының балалар суреті конкурсының жүлдегерлері марапаттадық

21.03.2022

Марапаттау бірден 3 қалада — Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Қарағандыда өтті. Әрбір қатысушы Oriflame өнімдері бар бокс алды, ал он жеңімпазға компания олардың армандарын жүзеге асыруға көмектесті.

Конкурс 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында балалар үйлері мен білім беру мүмкіндігі шектеулі ерекше балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар арасында өткізілді.

Қайырымдылық — Oriflame миссиясының ажырамас бөлігі. Биылғы жылы компания 55 жасқа толды, және Oriflame foundation қоры арқылы қайырымдылықпен айналысқанына осынша жыл болды. Бұл қор қайырымдылық бастамаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибесі бар, сондай-ақ компанияның мақсаттары мен құндылықтарын бөлісетін үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдарымен ынтымақтасады.

«Oriflame foundation біздің брендіміз ұсынылған әлемнің барлық елдерінде жұмыс істейді. Қазақстан әлемдік тізімде үшінші орында және біз қазақстандықтарға олардың маңызды әлеуметтік мәселелерде мейірімділігі мен ықыластары үшін ризашылығымызды білдіреміз», — деп түсіндірді компанияда.

Он жеңімпаздың суреттері жақында пакеттердің арнайы партиясында және Қазақстандағы компания өкілдігінің басқа да коммуникациялық материалдарында басылады.

Конкурсқа қатысушылар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтап, жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс