Терапевттік гипотермияға арналған кешенді – TecoTerm Neo және электроэнцефалография аппараттарын — бүгін «АЯЛА» қайырымдылық қоры №3 Түркістан Облыстық перинаталдық орталыққа табыстады.
Түркістанда — Қазақстан Халық банкі АҚ қаржылай қолдауымен сатып алынды. Қор бұл медициналық жабдық өңірде гипоксияның ауыр түрлерімен байланысты сәбилер өлімін төмендетуге көмектесетініне сенімді.
Бүгінгі күні терапевттік гипотермия гипоксиялық-ишемиялық бүліну кезінде нәрестелердің бас миын қорғаудың әлемде мойындалған негізгі физикалық (дәрілік емес) әдісі ретінде қаралады.
Мұны «АЯЛА» қоры Ұлттық ана және бала ғылыми орталығынан алған деректер де растайды. Онда 2017 жылғы қарашадан 2019 жылғы маусымға дейін жан сақтау бөлімінде ауырлығы орташа және ауыр дәрежелі гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия диагнозы қойылған 72 нәресте TecoTerm Neo аппаратының көмегімен емделді. Бұл балалардың жартысынан астамы — дене салмағы 1800 граммнан басталатын шала туғандар.
Орталықтың мәлімдеуінше, бұл терапевттік гипотермияның тиімділігі клиникалық, зертханалық және аспаптық деректер бойынша, сондай-ақ балаларды бақылау нәтижелері бойынша анықталды. 95%-да жағдайда оң нәтиже алынды: толық клиникалық сауыққан балалар қанағаттанарлық күйінде үйлеріне шығарылды. Дәрігерлердің бұдан кейінгі бақылауы бұл балардың сауыққанын және қандай да бір неврологиялық ауытқуларының жоқ екенін көрсетті.
«Сәбилер өлімін және мүгедектігін қысқарту жөніндегі жобаларды іске асыру біздің қор жұмысының негізгі басымдығы болып табылады. 12 жыл ішіндебізбүкіл Қазақстан бойынша балалардың ондаған мемлекеттік медициналық мекемелеріне көмек көрсеттік. «Тыныс ал, балақай», «Өмір сыйлайық», «Менің де өмір сүргім келеді» жобаларының арқасында Қазақстанда он мыңдаған балалардың өмірі сақталды. 2017 жылдан берібіздің қорперинаталдық орталықтарды гипотермия жабдығыменжарақтандыру үшін демеушілер іздеуге белсенді кірісті. 3 жыл ішіндедемеушілеріміздің қолдауыменбізмұндай 3 аппаратты – Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығындажәне Алматы қаласындағы Перинатологияжәнебалалар кардиохирургиясыорталығында орнаттық. Бүгін жабдықтың төртінші жиынтығы №3 Түркістан Облыстық перинаталдық орталығына жеткеніне қуанып отырмыз. Бұл жабдық Түркістан облысындағы сәбилердің тіршілікке қабілеттілік және бала туу көрсеткіштерін жақсартуға көмектесетініне сенімдімін», — дейді «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.