Шілде айында, елімізде ковидпен ауыру қарбалас кезеңіне шыққан және мемлекеттік клиникалардың көпшілігі провизорлық орталықтарға берілген кезде біздің қор дәрігерлерге көмек көрсету үшін демеушілерді белсенді түрде іздеді, бірақ әрекетіміз сәтсіз болды.
Сондықтан біз қазақстандықтар бокстар және аударым жасау арқылы жылдың бірінші жартысында «Өмір сыйлайық» жобасына жинаған 9,3 млн теңгенің бір бөлігін коронавирустық инфекция жұқтырған және пневмониямен ауырған науқастарға күтім жасап, тәулік бойы жұмыста жүрген дәрігерлерге көмек көрсетуге жұмсауға шешім қабылдадық.
3 977 000 теңгеге біз 20 медициналық арба, 20 бактерицидтік шам, 20 пульсоксиметр, дәрігерлер үшін ересектер жөргегінің 60 орауын сатып алдық және «Қалқаман» ықшам ауданында орналасқан Алматы қаласының № 7 Қалалық ауруханасына бердік.
Сіздер біздің шешімімізді қолдайды деп үміттенеміз. Өйткені ол біздің құрметті дәрігерлеріміз бен медбикелеріміздің өте ауыр жағдайдағы күрделі жұмысын аздап болса да жеңілдетті!