KZ RU EN

Қайырымдылық қоры

2007 жылы құрылған

<< Артқа оралу

МҰНАЙСЕРВИС САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК: ХАЛЫҚТЫ ҚОЛДАУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ

24.10.2025

Атырауда PetroCouncil Мұнай-газ кеңесі мен «Бизнес со смыслом» PR агенттігі AYALA қайырымдылық қорының қолдауымен ұйымдастырған бизнес-таңғы ас өтті. Іс-шараның тақырыбы – «Халыққа демеушілік және қайырымдылық қолдау көрсетудің тиімді тәсілдері».

Кездесу PetroCouncil кең ауқымды жұмысының бір бөлігі болды. Бұл алаң – операторлар мен мердігерлерді, сарапшылар мен мемлекеттік органдар өкілдерін біріктіретін кәсіби диалог ортасы. Оның мақсаты – саланы дамыту мен өңірлерде экономикалық және әлеуметтік маңызды бастамаларды іске асыру.

Іс-шараға ірі мұнай-газ операторларының, ұлттық компаниялардың еншілес ұйымдарының, жаңа мұнай-газ химиясы жобалары мен Атырау облысындағы мұнайсервис кәсіпорындарының басшылары мен өкілдері – «PetroCouncil» мүшелері қатысты.

AYALA қорының вице-президенті Наталья Еськова еліміздің түкпір-түкпірінде балалардың өмірін сақтап, медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған жобалардың мысалдарын ұсынды. 2007 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қор бүгінде 60-тан астам неонаталдық орталықты заманауи жабдықпен қамтамасыз етіп, 200 мыңнан астам нәрестенің өмірін сақтап қалуға көмектесті және Қазақстандағы қайырымдылықтың цифрлық трансформациясына белсенді үлес қосуда.

Бүгінде қайырымдылық – елдің цифрлық экожүйесінің бір бөлігі. Біз толық сенімге, онлайн-есептілікке және ашықтық мәдениетін қалыптастыруға қадам басып келеміз, – деді Наталья Еськова.

ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімінің әлеуметтік қызмет жөніндегі кеңесшісі Марина Фахрутдинова 2010 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы (ӘИБ) туралы тәжірибесімен бөлісті. Осы уақыт ішінде денсаулық сақтау, білім беру, экология, мәдениет және азаматтық қоғамды дамыту салаларында жалпы құны шамамен 17 миллион АҚШ долларын құрайтын 140-тан астам жоба іске асырылған.

NCOC компаниясының жергілікті мемлекеттік органдар және қоғаммен өзара іс-қимыл жөніндегі менеджері Сүнқар Құлжанов 1998–2025 жылдар аралығында жүзеге асырылған әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың ауқымды портфелін таныстырды. Жалпы инвестициялар көлемі 950 миллион АҚШ долларынан асты. Соңғы үш жылдың өзінде компания Маңғыстау және Атырау облыстарында ондаған бастаманы жүзеге асырған.

Өз кезегінде мұнайсервис компаниялары Атырау облысында демеушілік және қайырымдылық жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісіп, туа біткен ақыл-ой бұзылыстары бар балаларды ерте анықтау мен оңалтудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Бизнес-таңғы ас атмосферасы көрсеткендей, бизнес пен қайырымдылық күш біріктірген кезде, қоғамда жай көмек емес, тұрақты өзгерістер әкелетін жобалар дүниеге келеді. Қатысушылар жергілікті қауымдастық пен осал топтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған болашақ бірлескен бастамалар бойынша өзара ықпалдастық нүктелерін тапты.

Көмектесу

1
Сома
2
Байланыстар
3
Төлем
ЖАЛҒАСТЫРУ
ЖАЛҒАСТЫРУ
Артқа
Артқа

Кері байланыс