Халықаралық қайырымдылық күні HALYK қайырымдылық қорының шақыруымен AYALA қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Төлеутайқызы Сүлейменова еліміздің жетекші қайырымдылық қорларының кездесуіне қатысты.
Қайырымдылық жөніндегі әріптестерімен бірге Айдан Төлеутайқызы біздің қор жұмысындағы нәтижелерімен және жетістіктерімен бөлісті. Біз шала туған балалардың ретинопатияға байланысты көру қабілеті бойынша мүгедектігін азайтуға қалай көмектескенімізді айтып, Қазақстанда феталдық хирургияны іске қосу тәжірибесімен бөлісті. Басқа спикерлермен бірге AYALA қорының президенті еліміздегі қайырымдылық саласының негізгі трендтері мен сын-тегеуріндерін талқылады.
Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Гүлбара Бекетқызы Сұлтанова қайырымдылық ұйымдарын қолдаудағы мемлекеттің рөлі туралы өз пікірімен бөлісті және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.
HALYK қайырымдылық қорының директоры Сағынбек Шункеев «Халық» қорының түрлі әлеуметтік бастамалары мен жобалары Қазақстандағы қайырымдылық саласында үлкен рөл атқаратынын атап өтті. Елдегі әлеуметтік қоғамды дамытудан бөлек, HALYK қоры білім беру, денсаулық сақтау және спорт салаларын да қолдайды. Қордың негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту.
Кездесу соңында Айдан Төлеутайқызы Сүлейменова елдегі қайырымдылық саласына белсенді үлес қосқаны үшін HALYK Fond атынан құрметті марапатқа ие болды.